65.Әлеуметтік реформалар және Қазақстан қоғамының әлеуметтік жаңартуы(1991-2019жж.)
Бұл реформалар халықтың əл-ауқатын күшейтуге бағытталуы тиіс болды.
Халықаралық тəжірибені зерделеу халықты əлеуметтік қорғаудың неғұрлым тиімді жəне кешенді жүйесінің төмендегідей басты элементтерден тұратындығын көрсетеді: мемлекеттік жəрдемақы;
міндетті əлеуметтік сақтандыру;
жинақтаушы зейнетақымен қамтамасыз ету;
əлеуметтік көмек.
Республикада 90 жылдары осы бағытта біршама шаралар жүзеге асырылды. Бірнеше арнайы құрылымдар мен қоғамдық қорлар қалыптасты. Олардың қатарында Жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мемлекеттік қоры (1991 ж.); Зейнетақы қоры (1991 ж.), Мемлекеттік əлеуметтік сақтандыру қоры (1992 ж.), «Бөбек» қоғамдық қоры (1992 ж.), т.б.бар. Мұның сыртында бірқатар нормативті-құқықтық актілер қабылданды. 1996 жылы Қазақстан Республикасының «Міндетті əлеуметтік сақтандыру туралы» Заңы, ал 2001 жылы «Қазақстан Республикасының халықты əлеуметтік қорғау Тұжырымдамасы» қабылданды. Тұжырымдамада Қазақстан Республикасының халықты əлеуметтік қорғау жүйесін дамытудың негізгі бағыттары, əлеуметтiк қорғаудың негiзгi тетiктерi, халықты əлеуметтiк қорғау жүйесiн қаржылық жəне институционалдық қамтамасыз етудi жетiлдiру бағыттары жəне оны iске асырудың кезеңдерi нақтыланды.
Достарыңызбен бөлісу: |