1. ХХ ғасыр басындағы Қазақстанның халықы ұлттық құрамы


Ұлттық тарихқа жаңаша көзқарас және тарихты қайта зерттеу



бет80/92
Дата22.02.2022
өлшемі171,87 Kb.
#26088
түріҚұрамы
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   92
78. Ұлттық тарихқа жаңаша көзқарас және тарихты қайта зерттеу

Бүгінгі таңда Қазақстан тарихы ғылымының жаңа сапалық сатыға көтерілуіне Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тікелей бағыт-бағдар беріп отырғаны баршамызға аян. «Ұлттық тарихты ұғыну бойынша стратегиялық мақсаттарды Мемлекет басшысы өзінің «Тарих толқынында» кітабында 1999 жылы қамтыған. Президент 2003 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында «Мəдени мұра» атты теңдессіз бағдарламаға бастамашы болды. Бағдарламаны іске асыру кезінде елімізде Отан тарихы мəселесіне арналған көптеген жұмыстар атқарылды. Тарихи естеліктермен əділдікті қалпына келтіруге бағытталған ғылыми зерттеулер жүргізіліп, мақалалар мен монографиялар жəне кітаптар дайындалды. Ұлттық тарихты зерттеу мен оның мəнін ұғыну идеясын Президент «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты тарихи Жолдауында одан ары тарқата түсті. Мұнда да Елбасы келешектегі дамудың бағыт-бағдарын айшықтап берді. Онда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Біз ұлттың тарихи санасын қалыптастыру жұмысын жалғастыруымыз керек» — деп көрсеткен еді. Елбасы біздің ортақ сəйкестігіміз халықтың тарихи сана-сезімінің арқауы болуы тиіс екендігін айта келе, «Халық тарих толқынында» атауымен тарихи зерттеулердің арнайы бағдарламасын əзірлеу мақсат-міндетін жүктеді. Оның басты мақсаты — ұлттың жаңа тарихи дүниетанымын қалыптастыру. Тарихи өткенге сүйенбей — болашақ мүмкін емес. Қазіргі кезде əлемде мəн-мағына мен құндылықтардың күресі жүріп жатыр. Көптеген түрлі түсініктер біздің ұлттық тарихымызда да кездесіп жатады. Əсіресе, 2014 жылдың 17 қаңтарындағы Қазақстан халқына арнаған: «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты кезекті Жолдауында ұлттың тарихи санасын қалыптастыруды, бүкілқазақстандық бірегейлікті халқымыздың тарихи санасының өзегіне айналдырып, басты мақсат – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуын айта келіп, ол – «Мəңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дəуірдің кемел келбеті» екендігін айрықша атап өткен еді.

Тəуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында «Тəуелсіз Қазақстанның жеті қазынасы» атты сөзінде «Тəуелсіздіктің арқасында ұлттық мəдениетіміз қайта жаңғырды. «Мəдени мұра» бағдарламасын жүзеге асырып, кеткенімізді келтірдік, кемтігімізді толтырдық. Көмбелерімізді аршып, тарихымызды түгендедік. Қазақтың асқақ өнері мен бай мəдени мұрасы əлем халқының рухани байлығына қосылды» – деуі жетістіктерімізді айтумен қатар бізге ел тарихын жазуда ерекше міндет те артады. Тарих ғалымдарының, саясаттанушылардың алдында Қазақстан тарихын шынайы баяндауды қалыптастыру бойынша күрделі мақсат-міндеттер тұр. Отан тарихын зерттеушілерді ғылыми танымның бұрын-соңды қол жетпеген биігіне бастайтын, яғни методологиялық негіздемелер, тұжырымдар мен ұстанымдарды түзетін басымдылықтарға жол ашқан жөн. Методология түзелмей ғылым нəтижелі болмайды. Əлемдік тарихи, ақыл-ойдың үздік жетістіктерімен суарылған жаңа методология Қазақстан тарихын адамзат өркениетінің құрамдас бөлігі ретінде дəйектей отырып, оның табиғи-географиялық, геосаяси, ұлттық, мемлекеттік, рухани т.б. өзіндік ерекшеліктері мен болмыс-бітімін зерделейтін əлеуетке ие болуы керек. Сонымен қатар, бірінші кезекте – ұлт тарихының зерттеу методологиясын, басты-басты ұстанымдарын қалыптастыруда Елбасы Н.Ə. Назарбаевтың үлесін жан-жақты пайымдау. Екінші іргелі мəселе – тəуелсіз Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасу кезеңдерін толыққанды қарастыру. Үшіншіден, қоғамтанушы-ғалымдар арасында ең өткір тұрған мəселе – ұлттық тарихты оқыту, Қазақстанда қалыптасқан тарихи біліммен ғылымның дамуындағы негізгі нəтижелерді кешенді түрде қарастыру болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет