1. ХХ ғасыр басындағы Қазақстанның халықы ұлттық құрамы


Қазақстандағы жастар саясатының негізгі бағыттары (1991-2020жж.)



бет77/92
Дата22.02.2022
өлшемі171,87 Kb.
#26088
түріҚұрамы
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   92
Байланысты:
СЕССИЯ ТАРИХ

75. Қазақстандағы жастар саясатының негізгі бағыттары (1991-2020жж.)

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатының негізгі мақсаты – жастардың азаматтық, әлеуметтік дербес тұлғалық қалыптасуын жүзеге асыру үшін қажет құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық жағдайларды жасау мен нығайту.

Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасының мақсаты мен міндеттері – табысты, толыққанды, бәсекеге қабілетті және патриот жас қазақстандықты қалыптастыру болып табылады.

Тұжырымдама мақсатына қол жеткізу үшін міндеттерді үш бағытта шешу қарастырылады:

1-бағыт «Жастардың құндылық-патриоттық бағдарларын қалыптастыру»;

2-бағыт «Жастардың экономикалық, әлеуметтік, инновациялық және шығармашылық әлеуеттерін дамыту»;

3-бағыт «Мемлекеттік жастар саясатын институтционалдық қамтамасыз ету».

Мемлекеттік жастар саясатын одан әрі дамыту мынадай кезеңмен жүзеге асырылады:

1) 2012 жылдан 2015 жылға дейінгі кезең;

2) 2016 жылдан 2020 жылға дейінгі кезең.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясатының негізгі бағыттары:

1) жастардың құқықтары мен бостандықтарын сақтауды қамтамасыз ету;

2) жастар еңбегі мен олардың жұмыспен қамтылуы саласындағы кепілдіктерді қамтамасыз ету;

3) жастардың кәсіпкерлік қызметіне жәрдемдесу;

4) жас отбасыларын мемлекеттiк қолдау;

5) жастардың тегін негізгі орта, жалпы орта білім алуына консультациялық құқығын іске асыру үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету;

6) жастарды тәрбиелеу және оларға жан-жақты білім беру үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету;

7) балалар үйлерiнің мүгедек және тәрбиеленушi жастарының құқықтары мен әлеуметтiк қорғалу кепiлдiктерiн қамтамасыз ету;

8) жастардың патриоттық және азаматтық тұрғыда қалыптасуы үшiн жағдай жасауды қамтамасыз ету;

9) жастардың бойында ұлттық мәдениет пен тiлдi дамыту үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету;

10) жастардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету, олардың салауатты өмiр салтын қалыптастыру;

11) әлеуметтiк қолдауға мұқтаж жастарға әлеуметтiк көмектi қамтамасыз ету;

12) жастардың мәдени бос уақыты мен демалысы үшiн жағдай жасауды қамтамасыз ету;

13) талантты жастарды мемлекеттік қолдау;

14) жастар саясатын жүзеге асыру жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың коммерциялық емес жастар ұйымдарымен ынтымақтастығы;

15) жастардың халықаралық ынтымақтастығына жәрдемдесу болып табылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет