60.Президенттің Қазақстан халқына бірінші жолдауы «Қазақстан -2030» стратегиясы
Қазақстан-2030 Стратегиясы– ел дамуының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық бағдарламасы. 1997 жылы 1 қазанда қабылданған. Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған арнауында баяндалған. Стратегияда көзделген мақсат – ұлттық бірлікке, әлеуметтік әділеттілікке, бүкіл жұртшылықтың экономикалық әл-ауқатын жақсартуға қол жеткізу үшін тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан мемлекетін орнату. Осы мақсатқа орай мынандай ұзақ мерзімді негізгі бағыттар бөліп көрсетілді:
• Ұлттық қауіпсіздік:
• Ішкі саясаттың орнықтылығы және қоғамның шоғырлануы:
• Шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақ қаражаттың деңгейі жоғары болатын ашық нарықтық экономика негізінде экономикалық өрлеу.
• Қазақстандықтардың денсаулығы, білім алуы және игілігі:
• Энергетикалық қорлар:
• Инфрақұрылым (көлік және байланыс):
• Кәсіпқой мемлекет:
Достарыңызбен бөлісу: |