64.2019ж. 20 наурызындағы Қазақстан Республикасының Парламенті қос палаталарының бірлескен отырысының шешімі.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес парламент палаталарының бірлескен отырысы 2019 жылғы 20 наурызда сағат 12-де Астана қаласында шақырылсын", - делінген өкім мәтінінде.
Айта кетсек, бүгін Нұрсұлтан Назарбаев республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына үндеу жасап, президент ретіндегі өкілеттігін тоқтату жөнінде шешім қабылдағанын жария етті. Бірақ ол Қауіпсіздік кеңесі мен "Нұр Отан" партиясының басшысы болып қала береді. Президенттің өкілеттігі қалған мерзімі аяқталғанға дейін сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа берілді.
Достарыңызбен бөлісу: |