1. ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы қоғамдық – саяси ахуал


Столыпиннің аграрлық реформасы



бет3/6
Дата31.01.2022
өлшемі23,72 Kb.
#24597
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
жауап №1

Столыпиннің аграрлық реформасы – патшалық Ресейдегі шаруалар үлесіндегі жер иелігіне жасалған реформа. 1906 жылы 9 қарашада патша жарлығымен басталып, Уақытша үкіметтің 1917 жылғы 28 маусымдағы қаулысымен жойылды. Осы реформаны жүргізуге ұсыныс жасаған Министірлі Кеңесінің төрағасы П.А. Столыпиннің есімімен аталды. Стольпиннің аграрлық реформасында Ресейдің ішкі аудандарындағы жер тапшылығын шешумен қатар, орыс шаруаларын көшіру арқылы шалғайдағы отар аймақтарды игеру көзделді. Шалғайдағы отар аймақтарға қоныс аударған шаруаларға үкімет тарапынан көмек көрсетілетін болды. Бұл іс Қоныс аудару басқармасына жүктелді. Қо-ныс аударушыларға шет аймақтарда жер бөлу жұмыстары жүргізілді. 1906 – 15 жылдары аралығында Қазақстанда қо-ныс аударушылардың пайдасына қазақтардың иеліктеріндегі 21 млн. десятинадан астам шұрайлы жер бөлініп, қазақтар шөлейт, тастақты жерге қоныстана бастады. Стольпиннің аграрлық реформасы негізінде Қазақстанға 700 мыңнан астам орыс және украин шаруалар қоныс тепті. Столыпин орыс шаруаларын Қазақ жеріне қоныс аудару қозғалысына күшті серпін берді. Егер 1895-1905 жылдары Қазақ өлкесінің далалық облыстарына 294296 адам қоныстанса, ал 1906-1910 жылдар арасында қоныстанушылар саны 770 мың адамға жетп. 1897 жыл-ғы санақ бойынша Дала елкесінде орыстардың үлесі 20% құраса, ал 1917 жылы 1 қаңтардағы есеп бойынша олардың үлесі 42%-ға жетті. Түркістан өлкесінде орыс шаруаларының үлес салмағы 3,7%- дан 7,9% -ға дейін өсті.

1893-1905 жылдары қазақтардан 4 млн. десятина жер тартып алынса, ал 1906-1912 жылдары 17 млн десятинаға, 1916 жылы 40 млн десятинаға, 1917 жылы 45 млн десятинаға жетті. Тартып алынған жерлер непзінен Семей, Ақмола, Орал, Торғай облыстарында болды. Бүл облыстардан 40,5 млн десятина, Жетісудан 4 млн десятина, Сырдария облысынан 500 мың десятина ең құнарлы жер алынды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет