1.ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы қоғамдық – саяси ахуал
20 ғ. Қазақстан үшін Ресей империясына тұтастай бодандыққа көшуімен ерекшеленеді. Осы ғасырда ол шикізат өндіретін ірі сауда рыногы болды. Бұл ұлт - азаттық козғалыс қазақ халқының бостандық, тәуелсіздік үшін бірнеше ғасырға созылған отаршылдыққа қарсы жүргізген азаттық күресінің жалғасы. 1914 ж. басталған Біріінші дүниежүзілік соғыс мемл - ң, әсіресе Ресей еңбекші халықтарының жағдайын нашарлатты. 1916 ж. соғыстың қызған кезі еді. Ол соғыс қаруларын айтпағанның өзінде шикізатты, азық - түлікті, материалдық байлықты қажет етті. Ресей шенеуніктерінің қазақ халқынын құқығын қорлау, басып — жаныштау, түрлі зорлық - зомбылық жасау күшейді. Патшаның отарлау саясатының тиімсіздігі, орыстандыру саясаты, алым - салықтың артуы, қазақтардың көп жерлерінен айрылуы, 1916 ж. 25 маусымдағы Қаз - ң, Орталық Азияның, және ішінара Сібірдің 19 - 43 жас аралығындағы «бұратана» ер азаматтарын тыл жұмысына «реквизициялау туралы» Жарлығы көтеріліс оқиғаларының басталуына себеп, сылтау болды. 1916 ж. қозғалыс жеңілу себептері:
- ұйымшылдықтың нашарлығында, бас көтерудің бытыраңқылығында;
- шайқасушы жақтардың күшінің мүлде тең еместігінде;
- үстем тап өкілдерінің тұрақсыздығы, опасыздығы;
- патша өкіметінің қоныс аударып келгендердің ауқатты
топтарынан Жетісудағы қазақ, қырғыз көтерілісшілерін басу үшін қарулы отрядтар құрғаны да әсерін тигізді.
Тарихи маңызы:
1916 ж. қозғалыс 19 ғ. 30 - 40 ж. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт - азаттық көтерілістен кейінгі Қазақстанның барлық аймақтарын қамтыған букілқазақтық сипаты бар аса зор көтеріліс болды. Оның сан ғасырға созылған бостандық, тәуелсіздік жолындағы азаттық үшін күресіндегі алар орны ерекше. Бұғн қазақтармен қатар қырғыздар, ұйғырлар, өзбектер қатысты.