1. Химиялық технологияның негізгі ұғымдары мен анықтамалары: химиялық технология, шикізат, реагент, мақсатты өнім, жанама өнімдер



бет27/44
Дата15.11.2023
өлшемі286,45 Kb.
#123817
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   44
Байланысты:
Қосымша материалдар, қалдықтар. Жалпы технология бұл табиғи ресу-emirsaba.org

Қолданылуы. Метил спирті өнеркәсіпте көптеген органикалық заттарды:
сірке қышқылын, метиламиндерді және кейбір дәрі-дәрмектерді алу үшін
қолданылады. Бұл алкогольдің октан саны жоғары, бұл оны шикізатты
үнемдеу мақсатында бензинге қоспа ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.
Метанолды конверсиялау арқылы алу үшін құрамында H2 -67%, CO 22%, CO2
бар синтез-газ қолданылған. Күкірт қосылыстарынан тазартылған синтез газ
(1) компрессорда 5-9 МПа дейін қысылып, (3) мұздатқышта салқындап,



конденсирленген суды бөлу үшін (4) бөлгішке түседі. Синтез-газ бөлгіштен


өтіп циркуляциялық газбен (қысымы 2 МПа) араласып, адсорберге барады.
Бұл жерде газ темір пентакарбинолдан тазаланып, екіге бөлінеді. Газдың бір
бөлігін (8) жылуалмастырғышта жылытып, (6) реактордың жоғары жағынан
кіргізеді, ал екінші бөлігін температураны реттеу үшін катализаторлардың
арасынан енгізеді. Реактордан өткен қоспа 3000С температурада тағы да екіге
бөлінеді. Бір бөлігі (8) жылуалмастырғыштан өтіп синтез газды жылытады, ал
екінші бөлігі жоғары қысымды бу өндіретін (9) утилизаторқазан арқылы өтеді.
Бұдан соң екі бөлінген газ қосылып, (7) мұздатқышта салқындап жоғары
қысымды (10) бөлгішке барады. Бұл жерде спирт конденсаты циркуляциялық
газдан бөлінеді. Циркуляциялық газ (2) компрессорда 2 МПа-ға дейін
қысылып қайтадан циклдің басына қайтарылып, синтезге түседі. (11)
дрюсселде шикі-метанолдың қысымы атмосфералыққа дейін түсіп, (12)
жинағыш арқылы ректификацияға барады. Конденсат негізінен шикі-метанол
(13) ректификациялық колоннаға барып, оның жоғары жағынан (5) реакция
бойынша диметилэфирі бөлінеді де, төменгі жағынан кубтық сұйық (14)
колоннаға барады. Бұдан жоғары жағынан метанол, төменгі жағынан (І)
реакция бойынша түзілетін жоғары спирт бөлінеді. Бұл сызба-нұсаның
артықшылығы таза метанол алынып және жанама реакцияларда бөлінетін
өнімдерді де бөліп алады. Метанолдыңжалпы шығымы – 95%, тазалығы –
99,95%


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет