1. Химиялық технологияның негізгі ұғымдары мен анықтамалары: химиялық технология, шикізат, реагент, мақсатты өнім, жанама өнімдер


Технологиянық үдерістердің жылдамдығы. Технологиялық үдеріс



бет5/44
Дата15.11.2023
өлшемі286,45 Kb.
#123817
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Байланысты:
Қосымша материалдар, қалдықтар. Жалпы технология бұл табиғи ресу-emirsaba.org

6. Технологиянық үдерістердің жылдамдығы. Технологиялық үдеріс 
жылдамдығын арттыру тәсілдері.
Шикізаттан дайын өнім алу мақсатында белгілі бір кезектесіп жүретін және
бір-бірімен өзара байланысқан үдерістердің жиынтығын – химиялық-
технологиялық үдеріс (ХТҮ) деп атайды. Үдерістің жүру жылдамдығы
аппараттың реакциялық көлеміне, өнімділігіне және жұмыс істеу
интенсивтілігіне тәуелді. Үдеріс жылдамдығының әртүрлі факторларға
тәуелділігін біліп, үдерісті басқаруға әртүрлі әдістерді қолдану арқылы
минималды шығын жұмсай отырып, максималды өнім шығымына жетуге
болады.
Химиялық
өзгерістің
жылдамдығына
әсері:
Химиялық
технологиядағы химиялық өзгерістердің жылдам жүруі, қандай да бір аралық
уақытта алынған реакция өнімдерінің мөлшері, күрделі аппараттармен
реакторлардың типтерін дұрыс таңдауда және олардың конструкциялық
өлшемдерін есептеу сияқты практикалық мәні бар сұрақтарға жауап бермейді.
Сондықтан химиялық-технологиялық үдерістерге химиялық кинетиканың
заңдылықтарын қолдану керек. Кез келген химиялық-технологиялық үдеріс
өзара байланысқан: әрекеттесуші компоненттердің реакция зонасына келуі,
реакция зонасында жүретін химиялық реакциялар, реакция зонасынан өнімнің
шығарылуы сияқты сатылардан тұрады. Үдерістің жүру жылдамдығы
аппараттың реакциялық көлеміне, өнімділігіне және жұмыс істеу
интенсивтілігіне тәуелді. Үдеріс жылдамдығының әртүрлі факторларға
тәуелділігін біліп, үдерісті басқаруға әртүрлі әдістерді қолдану арқылы
минималды шығын жұмсай отырып, максималды өнім шығымына жетуге
болады. Химиялық өзгерістің жылдамдығына әсері: w = kΔC мұндағы, w –
химиялық-технологиялық үдерістің жылдамдығы, k – пропорционалдық



коэффициент, ΔC – үдерістің қозғаушы күші. Үдерістің жылдамдығын


сипаттайтын болғандықтан k – үдерістің коэффициенті немесе жылдамдық
константасы деп аталады. Жылдамдық константасы үдерістің қозғаушы күші
ескермейтін барлық факторлардың әсерін, қысқартылған тәуелділіктен бастап
реалды үдерістердің барлық ауытқуларын көрсетеді. Химиялық реакцияның
жылдамдығы – бірлік фазада (гомогенді реакциялар үшін) немесе фазалардың
бөліну бірлік бетінде (гетерогенді реакциялар үшін) бірлік уақытта
компоненттердің моль сандарының өзгеруі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет