Үздіксіз реакторлар Үздіксіз жұмыс істейтін реакторлар. Бұл реакторларда бастапқы заттар үздіксіз тиеліп және сонымен қатар реакцияның өнімдері үздіксіз шығарылады. Көлемдік жылдамдық үздіксіз істейтін аппараттың өнімділігін сипаттайды. Көлемдік жылдамдықтың өсуімен бір бағыттағы реакциялар үшін реактордың өнімділігі (қарқындылығы) көбейеді, бірақ та айналдыру дәрежесі (өнімнің шығымдылығы) төмендейді және аппараттан өтетін реагенттердің жылжыуына қарсы кедергі өседі. Сондықтан, көлемдік жылдамдықты тек белгілі бір шекке ғана көтеру орынды бұл экономикалық түсініктермен де анықталады.
Жартылай үздіксіз реакторлар Жартылай үздіксіз жұмыс істейтін реакторлар. Бұл типтегі аппараттарда, шикізат аппаратқа үздіксіз немесе бірдей уақыт аралығында белгілі үлестермен енгізіледі, ал реакцияның өнімдері одан мерзімді шығарылады. Егер шикізат мерзімді беріп тұратын болса өнім үздіксіз шығарылуы да мүмкін. Мұндай реакторлар ауыспалы ережеде болғандықтан жүріп жатқан процестің негізгі параметрлері уақыт бойынша өзгереді.
Реактор жұмысының тиімділік көрсеткіштері Химиялық реактордың тиімділігі көбінесе оның жылу режиміне байланысты, бұл кинетикаға, тепе-теңдік күйіне және реакторда жүретін процестің селективтілігіне әсер етеді.
Реакторлар жұмысының негізгі көрсеткіштері шартты түрде келесідей жіктеледі: - технологиялық; - пайдалану; - энергетикалық; - экономикалық.
16. Минералды тұздар және тыңайтқыштар өндірісі.
Минералды тұздар - адам қоректенетін астық құрамында болуга тиісті:
фосфор мен магний мен бұлшық еттердегі химилық зат
алмасуының дұрыс жүруі;
темір-қан құрамындағы гемоглобин мен бұлшық еттердегі миоглобинді түзету;
кальций-фосфор және т.б. минералды заттар белоктарды сіңіру; • хлорлы натрий-осмотикалық қысымды қалпында және тәнде суды үстау үшін керек химиялық заттар.