1. Химиялық технологияның негізгі ұғымдары мен анықтамалары: химиялық технология, шикізат, реагент, мақсатты өнім, жанама өнімдер, қосымша материалдар, қалдықтар.
Жалпы технология бұл табиғи ресурстарды адам өміріне пайдалануға қажетті өнімдерге дейін өңдеудің тиімді жолдары. «Технология» (грекше «technos» – өнер, кәсіп және «logos» – ғылым, білім) сөзінің шығу тегі де, оның мазмұнына сай келеді: бастапқы затты пайдалы өнімге айналдырып өңдей білу туралы ғылым. Технология – жүру процестеріне байланысты механикалық және химиялық болып бөлі
неді.
Механикалық технологияда – материалдың пішіні немесе сыртқы түрі және физикалық қасиеттері өзгеретін процестер қарастырылады.
Ал
химиялық технология – зат құрамының, қасиеттерінің және ішкі құрылымының түбегейлі өзгеруімен өтетін процестерді қамтиды.
Химиялық технологияның:
зерттеу пәні – химиялық өндіріс;
зерттеу мақсаты – адамға қажетті заттардың тиімді өндіру жолдарын табу; зерттеу әдістері – тәжірбиелік, моделдеу және жүйелік талдау.
Химиялық технология салалары бойынша екі топқа бөлінеді:
бейорганикалық химиялық технология (негізгі бейорганикалық синтез; нәзік бейорганикалық синтез; металлургия; силикаттар технологиясы; ядролық-химиялық технология);
органикалық химиялық технология (мұнай және газ өңдеу; мұнайхимиялық синтез; негізгі органикалық синтез; нәзік органикалық технология; биотехнология; жоғарғы молекулалық технология).
Химиялық технологияның негізгі ұғымдарын қарастыратын болсақ, олар:
химиялық өндіріс – шикізатты қажетті өнімдерге химиялық өзгерістер жолымен өңдеуге арналған машиналар мен аппараттарда жүзеге асырылатын процестер мен операциялардың жиынтығы.
технологиялық процесс – шикізат және материалдарды өнімдерге дейін өңдеу операциялары мен үдерістердің жиынтығы.