25. Аммиак өндірісі мен қолданылуы. Өндірістің технологиялық параметрлерін сипаттаңыз. Медицинада қолданылуы туралы мәліметтер беріңіз. Аммиак түссіз өткір иісті, тұншықтырғыш газ. Ол ауадан екі есе жеңіл. Өнеркәсіпте сутек пен азотты қосып, тікелей синтездеп, ал лабораторияда аммоний тұздарын сілтімен қосып қыздырып, аммиак алады. Аммиак суда жақсы еріп, аммоний гидроксидін, ал қышқылдармен реакцияға түсіп, аммоний тұздарын түзеді. Одан тыңайтқыштар — нитраттар, азот қышқылы, қопарылғыш заттар алынады. Аммиакты синтездеу үшін азот-сутек қоспасы N2:H2 = 1:3 қатынасында керек. Бұған қажетті азот ауаны бөлу арқылы алынады немесе азотсутек қоспасы түрінде алынады. Ал қажетті сутегі өндірісте:Бірінші табиғи газдардағы метан мен метан гомологтарын конверсия жасау арқылы,жалпылама конверсия бұл өзгеріс, яғни газдардың құрамын өзгерту үшін сол газдарды өндеу болып табылады.Бұл жерде қосымша бөлінген көмір тотығы конверсияланады. Екіншіден қатты отындарды су буларымен немесе су аралас газдармен газдандырғанда бөлінетін көмір тотығын конверсия жасағанда, ал үшінші кокс газдарында бөлінген компоненттерді бірінен кейін бірін сұйықтандырады, ал сутегіні ең соңынан алып қалады. Төртінші натрий хлоридінің ерітіндісін немесе суды электролиз жасап сутегіні алады.Аммиак шығаратын зауыттардың көпшілігінде сутегіні және, дәлірек айтатын болсақ, азотсутек қоспасын метанды бу-оттегі жолымен конверсиялау арқылы алады, қосымша бөлінген көмір тотығы су буымен конверсияланады. Аммиакта синтездеу реакциясы жанамасыз былай жүреді: N2 + 3 Н2 <-> 2NH2 + 92 кДж. Бұл реакция теңдеуінің тепе-теңдігін аммиак түзілу жағына қарай ығыстыру үшін жоғарғы қысым және төменгі температура керек.Аммиакты синтездеу катализатор қатыспаған жағдайда ең жоғары температуралардың өзінде өте жай жүреді. Өндірістік жағдайда аммиакты синтездеу реакциясының қажетті жылдамдығына жету үшін оны 400-500°С температурадан төмендетпей және қаты катализатордың қатысуымен жүргізеді. Бұл өндірісте темір катализаторлар көп қолданылады, олардың құрамында мынадай промоторлар бар: АІ2О3 К2О, СаО. Синтездік аммиак алу өндірісінде 10-нан 100 МПа-ға дейін қысым қолданылады. Ал оның ішінде орташа қысыммен жұмыс істейтін системалар көбірек орын алады, бұнда контакт аппараты ішінде аммиакты бөлуде жеткілікті дәрежедегі жылдамдыққа жетуге мүмкіндік бар. Айтылган системада синтезге дайындалған азот-сутек қоспасы синтез мұнарасының үстінен жіберіледі, сөйтіп бұл жерде аммиак алынады. Реакцияға түскен азот-сутек-аммиак қоспасы синтез мұнарасынан 400°С шамасындағы температурада сыртқа шығарылып, сулы мұздатқышқа түседі, мұнда ол 30-40°С дейін салқындап, сепараторға барады. Сулы мұздатқышта 30 МПа қысым жағдайында аммиактың тек бір бөлігі ғана сұйыққа айналады. Одан кейін газ турбоциркуляция компрессорымен конденсациялық мұнараға келіп түседі. Буландырғыш мұнарада сұйық аммиакты буландыру арқылы суықтык алынады да, ол газ қоспасынан аммиакты толығырақ бөліп алуга жағдай жасайды. Конденсациялық мұнарадан бөлінбей қалған газ қайтадан синтез мұнарасына жіберіледі. Синтез мұнарасы синтетикалық аммиак алатын қондырғының ішіндегі ең маңыздысы болып табылады. Бұл мүнараның ішінде жоғарғы жағынан катализатор қорабы орналасқан, төменгі жағында жылу алмастырғыш бар. Аппарат корпусы сыртынан жылу жібермейтін материалмен қапталған.
Ендігі қолданылуына тоқталатын болсақ, аммиактан минералдық тыңайтқыштар, дәрі-дәрмектер, қопарылғыш заттар, азот қышқылы және нитраттар өндіріледі, аммоний тұздары алынады. Аммиак төменгі қысымда оңай сұйылады, ол буланғанда көп жылу сіңіретін қасиетіне сәйкес тоңазытқыш қондырғыларда реагент ретінде қолданылады.Аммоний нитраты мен аммоний сульфаты, аммоний гидро-фосфаттары тыңайтқыш ретінде кеңінен қолданылады.Сулы аммиак - бұл үйде қолдануға арналған дәрі ретінде қолданылатын өткір иісі бар айқын, түссіз сұйықтық.Сонымен қатар, бұл препарат косметологияда кеңінен қолданыла бастады.Тағыда айта кетерлігі:сыртқы қолдану арқылы тіндердің қалпына келуін жақсартады, қан тамырларын кеңейтеді, метаболиттердің ағуын ынталандырады, антисептикалық әсері бар, жүректің белсенділігі мен тамыр қабырғаларының тонусына әсер етеді,қақырықты тез шығаруға ықпал етеді. Қорытындылай келе, аммиак ерітіндісі көбінесе адамды сезіну үшін және есінен танып қалу үшін қолданылады.Сонымен қатар, медицинада: невралгия,жәндіктердің шағуы,бас ауруы, тіс ауруы,миозит деген ауруларғада қолданады.