21. Бейорганикалық заттар өндірісін сипаттаңыз. Бейорганикалық дәрілік заттар және олардың медицинада қолданылуы туралы мәліметтер беріңіз. Өсімдіктердің ағзаларында шамамен 30 негізгі элемент болады. Олардың 90% - ын көміртегі, сутегі және оттегі құрайды. Олардың негізгі көздері көміртегі оксиді мен су. Басқа 10% - ын келесі макроэлементтер (азот, фосфор, калий, кальций, магний, күкірт, темір) және микроэлеметтер (бор, мырыш, мыс, молибден және т.б.) кіреді.
Топырақтын құрамындағы қоректі заттарды қалпына келтіру үшін минералды тыңайтқыштарды енгізеді. Тыңайтқыштардың сапасы олардың қорек элементтердің мөлшерінен анықталады.
Азот – хлорофил құрамына кіреді. Ол ағзадағы күн энергиясын, ақуыздардың синтезін анықтайды.
Фосфор – ақуыздардың құрамына кіреді. Өсімдіктердің дамуын және сапасын жақсартады. Қант пен крахмалдың мөлшерін жоғарлатады.
Калий – ақуыздың синтезін қамтамасыз етеді. Қанттың түзілуін күшейтеді. Шығымын және ауруларға қарсылығын жоғарлатады.
Азот тыңайтқыштары – аммиак, аммоний, нитрат, аммоний нитрат, аммидті түрі дамыған. Қатты және сұйық күйінде пайдаланады. Осыдан аммиак силитрасы және карбанид алынады. Өндірісте шикі зат ретінде аммиак және азот қышқылы, көміртегі қышқылы мен аммиактан карбанид алады.
1. HNO₃ + NH₃ → NH₄NO₃ + Q Аммиак силитрасы
NH₃ + CO₂ → NH₂COONH₄ + Q Аммоний карбаматы
NH₂COONH₄ → CO(NH₂)₂ + H₂O – QКарбамид
Силитра алуда бірнеше сатысы бар: Химиялық реакция өткізу. Ерітіндіні концентрлеу.КристалдауСуыту мен өндеу
1 тонна силитра алу үшін шикі заттардан 213 кг аммиак + 800 кг (конц) HNO₃, су булары 1,26 МДж (10⁶), энергия 15 кВт 1 сағатта, 33 м³ су қажет.
Карбанимті алу сатылары: Карбанидтін синтезі. .Өнімдердің дистиляциясы. Карбанидті сату формасына өндеу.
1 тонна карбанидтке 580 кг NH₃ + 750 кг CO₂, 400 кВт сағат этектр энергиясы, 4,82 ГДж (10¹²) су буы. 1985 жылы 15 млн тонна карбанид алған.
Калий тыңайтқыштары – KCl, K₂SO₄ және K₂SO₄MgSO₄. Алатын шикізат KCl. Технология әдістері:
1.Флатация (байыту) – сумен әрекеттеспеу.
2.Галлургиялық – әртүрлі ерігіштігіне байланысты. Жоғары температурада KCl жақсы ериді. Суытқанда тұнбаға түседі.
3.Электростатикалық сипаратция (қыздырғанда және арнайы реагенттермен өнгеденде ұнтақ бөлшектерінің беті әртүрлі зарядтарды қабылдайды (+),(-).
1 тонна KCl шығару үшін 5 тонна KCl + 9,3 м су , 25 кВт 1 сағатта энергия.
1985 жылы 10 млн тонна KCl алған.
Фосфор тыңайтқыштары – шикізат ретінде табиғи фосфаттардан алады. Негізгі технологиялық процесс ерімейтін фосфаттарды.... Негізгі шикізат: фосфарит пен апатиттер. Негізгі тыңайтқыштарының екі түрі бар. Олар:
1.Жай суперфосфат: монокальций фосфат (СаН₂РО₄), кальций сульфаты (СаSO₄) P₂O₅.
2.Екі еселенген суперфосфат: Са(Н₂SO₄)₂•H₂O + P₂O₅ (42 – 55%)
Негізгі технологиялық реакциясы: Фтор апатиттерді фосфор қышқылымен әрекеттестіреді.
Са₅F(PO₄)₃ + H₃PO₄ + H₂O → Са(Н₂PO₄)₂•H₂O + HF
Процесс сипаттамасы гетерогенді. Оған температура, концентрация және араластыру әсер етеді.
Екіншілік супер фосфатты екі әдіспен алады: камералық және ағыстылық.
Негізгі сатылар: Апатитті фосфор.Камерада реакция жүргізу. Қоймада сақтау (15 – 20 тәулік).Ұнтақтау. Калций карбанатын бос қышқылмен нейтралдау. Бөлшектеу.Кептіру немесе құрғату.
1 тонна суперфосфат алуда: 1,5 тонна H₃PO₄, 1,13 тонна апатит, отын мен энергия шығымы төмен.
Кешенді тыңайтқыштар – екі немесе оданда көп қоректік элемент құрамында бар заттар. Осы тыңайтқыштарды бастапқы заттардың әрекеттесуі арқылы (күрделі процесс) немесе тыңайтқыштарды бір – біріне қосу немесе араластыру арқылы (қоспа немесе тука қоспа) алады.
Күкірт қышқылы.
1. Әрбір мемлекеттің химиялық өндірісінің даму деңгейін сипаттайтын негізгі өнімдердің бірі күкірт қышқылы. H2SO4- тің өндіріс көлемі ондық миллион тоннамен есептеледі және басқа өнімдердің арасында бірінші орын алады.Оның себебі күкірт қышқылының өндірісінің әр түрлі салаларында кең пайдалану. Күкірт қышқылы ең күшті минералды қышқыл және ең арзан қышқыл.
2. Пайдалану салалары:Минералды тыңайтқыштарды шығару ( екі еселенген суперфосфат, фосфор қышқылы, аммоний сульфаты ).Мұнай өңдеу.
Жасанды талшықтарды шығару.Жалпы металлургия.Бояу мен пэриниттерді шығару.Мата шығару.Тері өңдеу.Гальваника және тағы басқа.