1. Химиялық технологияның негізгі ұғымдары мен анықтамаларын сипаттап, мысалдар келтіріңіз. Химиялық технология, шикізат, реагент, мақсатты өнім, жанама өнімдер, қосымша материалдар, қалдықтар


Химиялық реакторларға анықтама беріңіз. Химиялық реакторлардың жіктелуі



бет11/28
Дата11.12.2023
өлшемі198,48 Kb.
#137409
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28
18. Химиялық реакторларға анықтама беріңіз. Химиялық реакторлардың жіктелуі.
Химиялық реактор деп диффузиялық (масса тасымалдау) процестері және химиялық технологиялық процесстер жүретін аппараттарды атаймыз. Бұл реакторлардағы реакцияның жылдамдығын қажетті денгейге жеткізу үшін реакция түсетін заттардың катализатор активтігін тұрақты күйге сақтау, концентрациясын, гетерогенді фазалардың жанасу ауданын өзгерту, температурасын реттеу деген сияқты түрлі әдістер қолданылады.
Химиялық реакторлардың алдындағы аппараттардың міндеті – шикізатты реакцияға дайындау болса, кейінгі орналасқан аппараттардың міндеті – реакцияның өнімдерін алып, шоғырландыру немесе зиянды қосымшалардан тазарту болып табылады.
Реакторларға қойылатын талаптар:
1) қарқындылық пен жоғары өнімділікті қамтамасыз етуі;
2) максималды айналдыру дәрежесімен қамтамасыз етуі;
3) реагенттерді араластыруға мен тасымалдауға кететін энергия шығынының төмен болуы;
4) құрылысы жеткілікті түрде қарапайым және бағасы арзан болуы;
5) экзотермиялық реакциялардың жылуы мен эндотермиялық процестерді жүргізу үшін сырттан берілген жылуды түгелдей толық жұмсауы;
6)жұмыс сенімді, мүмкіндігінше толық механикаландырылған және автоматтандырылған болуы қажет.
Бірақ , аталған талаптар бір-біріне келмейтін қарама-қайшы сипаттамада ма кездесуі мүмкін. Реакторлардың жұмыс режимі және агрегаттық күйі реакцияласатын заттардың да агрегаттық күйі мен реакция бағыты, жылдамдығын қамтамасыз ететін жағдайларға сай болуы керек
Химиялық реакторлардың жіктелуіне келетін болсақ, олар атқаратын міндетіне байланысты, сонымен қатар реакторлардың ерекшелігіне байланысты олардың конструкциялары да алуан түрлі боп келеді. Жұмыс атқаруының ерекшеліктеріне байланысты үлкен 3 топқа бөлінеді. Олар мынадай:
1)Реагенттерді әкелу және шығару әдістеріне арналған реакторлар
• Мерзімді (периодты)
• Үздіксіз
• Жартылай үздіксіз
2) Реагенттердің қозғалу және араласу тәртібіне байланысты
Идеалды ығыстыру
• Идеалды араластыру
3)Реакциялық аймақтағы температурасына қатысты
• Адибаттық
• Изотермалық
• Политроптық (аралық)
Сонымен қатар конструктивті ерекшеліктеріне байланысты да жіктелу жүреді:
 Сыйымдылықты (емкостные) реакторлар:
 Колонналы реакторлар (барботажды және насадкалы колонналар);
 Жылу алмастырғыш типті реакторлар.
Ал реактордың жұмыс көлемінде катализаторды орналастыру тәсілі бойынша жіктелуі:
 Жылжымайтын (с неподвижным) катализатор қабаты бар реакторлар;
 Жылжымалы (с подвижным) катализатор қабаты бар реакторлар;
 «Қайнаған» (с «кипящим») катализатор қабаты бар реакторлар.
Химиялық реактордың тиімділігі көбінесе оның жылу режиміне байланысты, бұл кинетикаға, тепе-теңдік күйіне және реакторда жүретін процестің селективтілігіне әсер етеді.
Реакторлар жұмысының негізгі көрсеткіштері шартты түрде келесідей жіктеледі:
• Технологиялық: реактордың технологиялық сипаттамаларына белгілі бір реакторда ағып жатқан ХТҮ көрсеткіштері кіреді. Сонымен қатар, реактордың жұмысы өнімділік пен қарқындылықты сипаттайды.
• Пайдалану(эксплуатациялық): пайдалану сипаттамаларына реактордың тұрақты режимі мен қауіпсіздігін басқару және қамтамасыз ету жеңілдігі кіреді. Бұл сипаттамалар реактордың құрылымдық жетілуіне байланысты.
• Энергетикалық: Реакторлардың энергетикалық көрсеткіштері реактивті заттардың ағынымен гидравликалық кедергілерді жеңуге және оларды араластыруға жұмсалатын энергия шығындарын, сондай-ақ реакторға жеткізілетін жылуды пайдалану тиімділігін сипаттайды
• Экономикалық: реактордың экономикалық сипаттамалары оны өндіру мен орнатудың құнын, сондай-ақ жөндеу жұмыстарының құнын анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет