14. Судың сапалық көрсеткіштерін жіктеңіз. Судың кермектігі, кермектік түрлері, жою әдістерін сипаттаңыз. Су - сутегі мен оттегінің қалыпты жағдайларда тұрақтылығын сақтайтын қарапайым химиялық қосылыс.Химиялық өндірістерде су универсалды еріткіш, жылу тасымалдаушы жəне шикізат ретінде қолданылады. Су – сутек жəне оттек алудың көзі, қышқыл, сілті алуда, сонымен бірге көптеген химиялық үдерістерде реагент болып табылады. Оны қатты, сұйық, газтəрізді ерітінділерін дайындау үшін қосымша материал, ал газдарды тазалауда абсорбент ретінде пайдаланады.Ауыз су тіршілік көзі, ол жер шарының 3 / 4 бөлігін алады, сонымен қатар тірі ағзалардың 60-70%-ы, ал өсімдіктердің 90 % -ы судан тұрады.Су негізінен табиғатта таза күйінде болмайды, оның құрамында əртүрлі тұздар еріген түрде болады. Негізінен таза су түссіз, иіссіз, дәмсіз сұйықтық болып табылады. Қалыпты қысымда 100°С-та қайнайды да, 0°С-да мұзға айналады. Судың жылу сыйымдылығы өте жоғары болып келеді.Табиғи сулар атмосфералық, жер үсті жəне жер астындағы болып жіктеледі.
Атмосфералық сулар– жаңбыр жəне қар сулары жатады. Олардың құрамындағы қоспалар: оттек, көміртек диоксиді (СО2), күкірт оксидтері, күкіртті су- тек, кейбір органикалық заттар жəне шаң-тозаң. Еріген минерал тұздар құрамында кездеспейді.
Жер бетіндегі сулар– өзен, көлдер, теңіз, мұхит сулары жатады. Су құрамында тұз, газ, негіз, кышқыл жəне т.б. қоспалар бар. Теңіз суында еріген тұз мөлшері 10 г/кг, кейде одан да көп болады.
Және ең соңғысы жерасты сулары– минералды тұздардың біраз, органикалық заттардың аздаған мөлшері бар артезианды бұрғылау, құдық, бұлақ сулары жатады.
Су сапасынының көрсеткіштеріне тоқталатын болсам.Негізінен осы судың сапасы физикалық, химиялық жəне бактериологиялық анализдермен анықталады. Су сапасының маңызды көрсеткіштеріне, физикалық жəне химиялық сипаттамаларын айтса кетсем.Оған : судың мөлдірлігі, түсі, иісі, температурасы, жалпы тұз мөлшері, су кермектілігі, тотығу шамасы, құрғақ қалдық, жалпы сілтілігі жəне су реакциясы (сутек көрсеткіші рН) жатады. Осы көрсеткіштер арқылы су құрамындағы қоспалардың бар немесе жоғын анықтауға болады. Жүзгін заттардың мөлшері судың қатты ерімейтін қосындылармен суспензия түрінде құм, саз, топырақ бөлшектерімен ластануын сипаттайды.
Жалпы судың кермектігі деп құрамында кальций (Са2+) мен магний (Мg2+) иондарының болуынан қалыптасатын судың қасиетін айтамыз.
Cудың кермектігі анықтамасына байланысты: жалпы, уақытша яғни жойылатын, тұрақты, карбонаттық, қалдық болып бөлінеді.Қысқаша әрқайсысына тоқталатын болсам:Жалпы кермектік суда кальций мен магнийдің барлық тұздарының болуынан қалыптасады. Уақытша және карбонаттық кермектік онда кальций мен магнийдің тек гидрокарбонаттық және карбонаттық тұздарының болуымен байланысты болады. Негізінен мұндай кермектілікті суды қайнату арқылы кетіруге болады. Тұрақты (жойылмайтын) кермектік дегеніміз жалпы және жойылатын кермектіктердің айырымына тең. Қалдық (бейкарбонаттық) кермектік жалпы және карбонаттық кермектіктердің айырымына тең болады. Суды тазарту жолдары: мөлдірлеу, зиянсыздандыру, жұмсарту, тұзсыздандыру, газсыздандыру.
Суды зиянсыздандыру – суды микроорганизмдерден жəне бактериялардан тазарту əдісі: хлорлау, озондау немесе қайнату.
Суды газсыздандыру – суды еріген газдан тазарту.
Суды тұзсыздандыру – суды қыздырып, əуелі буға айналдырып суытып, қайта сұйылтады.
Су кермектігін жою немесе төмендету суды жұмсарту деп аталады. Су құрамындағы ерітінді түріндегі Са жəне Mg тұздарынан жарым-жартылай немесе толық тазарту және кермектік мөлшері 3,0 мг-экв/л-ден төмен шаманы көрсететін су. Жұмсақ су тобына жаңбыр, еріген қар және мұз сулары жатады.Осы суларды жұмсарту əдістері: физикалық, химиялық жəне физикалық-химиялық болып бөлінеді.Бірінші әдіс бұл физикалық әдіс – суды термиялық өңдеуге негізделген, яғни қайнау, дистилляциялау және қатыру. Екінші әдіс химиялық әдіс ,яғни реаегенттік әдіс - бұл әдіс ағын су құрамындағы уытты заттардың уытын басуға және де бейорганикалық қоспалардан тазартуға негізделген.Бұл әдіске : қышқылдарды және сілтілерді, иондарды ерімейтін қоспаларға айналдыру , бейорганикалық заттарды қоса тұндыру жатады.Реагент түрінде әк, кальцийленген сода, натрий және барий гидроксидтері қолданылады.Қорытындылай келе, өндіріске келетін суда еріген заттардан басқа, ерімеген заттар болады. Олар құм, сазбалшық, өсімдік жəне жəндіктердің қалдықтары, түрлі микроорганизмдер болады. Сондықтан суды тазарту керек.