3. Химиялық өндіріске анықтама беріңіз. Химиялық өндірістің құрылымы мен функционалдық элементтерін сипаттаңыз. Химиялық өндіріс – шикізатты қажетті өнімдерге химиялық өзгерістер жолымен өңдеуге арналған машиналармен аппараттарда жүзеге асырылатын үдерістер мен операциялардың жиынтығы.
Химиялық өндіріске:– өндірісте қажетті өнімдер алу;– экологиялық қауіпсіздік;– пайдаланудың қауіпсіздігі жəне беріктігі;–шикізат жəне энергияны максималды пайдалану;– максималды еңбек өнімділігі сияқты жалпы талаптар қойылады.
1 – шикізатты дайындау; 2 – шикізатты өңдеу; 3 – негізгі өнімді бөлу; 4– қалдықтың утилизациясы және санитарлық тазалау; 5 – энергетикалық жүйе; 6 – қосымша материалдар мен суды дайындау; 7 – басқару жүйесі.
4. Химиялық өндірістің көрсеткіштерін жіктеп, оларға анықтама беріңіз:технологиялық. Химиялық өндірістің жəне технологиялық үдерістің пайдалылығы мен тиімділігін əртүрлі көрсеткіш-термен анықтайды.
Техникалық көрсеткіштер химиялық-технологиялық үдерістің сапасын анықтайды.(қуат,жұмсалу коэффиценті,интенсифтілік)
Өндірістің өнімділігі(қуаты)-бірлік уақытта алынған өнімнің немесе өңделген шикізаттың мөлшері. Ө=В/Т Мұндағы, Ө – өнімділік, В – өнім массасы, кг,т, W – уақыт, сағ.
Өнімділік, кг/сағ; т/тəулік, м3/тəулік өлшенеді.
Өндіріс қуаты-аппараттың оптималды жағдайдағы ең жоғарғы өнімділігі.
Жұмсалу коэффициенті-бірлік өнім өндірісіне жұмсалған шикізаттың,энергияның қосымша материалдар шығындарының мөлшерін көрсетеді. В=Q/В
Q – жұмсалған шикізат, су жəне т.б. мөлшері;
В – өнім массасы.
Талғампаздық – мақсатты өнімнің түзілуіне жұмсалған шикізаттың үлесін көрсетеді.
Интенсивтілік-оның өнімділігінің бірлік пайдалы көлемге немесе аппараттың жұмысшы бетіне қатынасы. I=Ө/V
Әлеуметтік көрсеткіштер - өндірісте жұмыс істеудің қолайлығын және оның қоршаған ортаға әсерін сипаттайды. Қызмет көрсетудің зиянсыздығы - газдану, шаң-тозаңдану, қатты дауыс деңгейі және т.б. талапқа сәйкес нормада болуын санитарлық- гигиеналық тұрғыдан қадағалау.