1. Химиялық технологияның негізгі ұғымдары мен анықтамаларын сипаттап, мысалдар келтіріңіз. Химиялық технология, шикізат, реагент, мақсатты өнім, жанама өнімдер, қосымша материалдар, қалдықтар



бет6/28
Дата11.12.2023
өлшемі198,48 Kb.
#137409
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
1. Химиялық технологияның негізгі ұғымдары мен анықтамаларын сип-emirsaba.org

Концентрацияның əсері. Ле-Шателье принципіне сəйкес кез келген заттың қосымша мөлшерін тепе-теңдік жүйеге енгізгенде, осы зат концентрациясының кему жағына тепе-теңдік ығысады. Сондықтан жүйеге енгізілген бастапқы заттың артық мөлшері тепе-теңдікті оңға, өнімнің артық мөлшері тепе-теңдікті солға ығыстырады. Бір реагенттің артық мөлшерін қосу арқылы басқа реагенттің айналу дəрежесін арттыруға болады. Бұл химиялық технологияда кеңінен қолданылады, яғни шикізаттың қымбат тұратын компонентін толық өзгеріске айналдыруға жетіседі. Көптеген жағдайларда үдерістің тепе-теңдігін реакциялық зонадан өнімді шығару (өнім концентрациясын төмендету) арқылы оңға ығыстыруға болады. Сондай-ақ жүйеге ылғал тартқыш заттарды (концентрлі Н2SO4 жəне т.б.) енгізу арқылы этерификация реакциясының тепе-теңдігін оңға ығыстыруға болады:CH3OH + CH3COOH CH3COOCH3 + H2O .
9. Химия-фармацевтика өнеркәсібінің бастапқы заттарына және шикізат базасы ұғымына және анықтама беріңіз. Шикізатқа және өнімге мысал келтіріңіз.
Химиялық технологияда өңдеудің әртүрлі кезеңдерінде мына технологиялық компоненттерді бөлуге болады: шикізат, аралық өнім, жанама өнім, мақсатты өнім және қалдықтар. Енді біз бүгін шикізат ұғымы туралы сөз қозғайтын боламыз.
Шикізат – өндірісте қолданылатын табиғи материалдар. Шикізаттың ерекшелігі ол кез келген химиялық-технологиялық үдерістің бөлінбейтін элементі жəне оның техникасымен экономикасын анықтаушы. Себебі, химиялық өнеркəсіптің қуаттылығы, еңбек өнімділігінің деңгейі, құрал-жабдықтың пайдалы жұмыс істеу ұзақтығы дайын өнімді шығаруға еңбек шығынының дəрежесі шикізаттың түріне жəне сапасына байланысты.
Жартылай өнімдер – сол мекемеде шикізатты өнеркəсіптік өңдегенде алынған материалдар жəне қандай да бір өнім алу үшін бастапқы материалдар ретінде пайдалану. Мақсатты өнім - осы химиялық технологияны жүзеге асыруда көзделіп отырған өнім. . Жанама өнім – шикізатты өңдеу процесі барысында мақсатты өніммен қатар түзілетін, бірақ берілген өндірістің мақсаты болып табылмайтын материал.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет