1. Химиялық технологияның негізгі ұғымдары мен анықтамаларын сипаттап, мысалдар келтіріңіз. Технология, химиялық технология, шикізат, реагент, мақсатты өнім, жанама өнімдер, қосымша материалдар, қалдықтар. Технология


Фармацевтикалық мақсаттарға арналған су



Pdf көрінісі
бет24/63
Дата09.03.2023
өлшемі1,56 Mb.
#72650
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   63
Фармацевтикалық мақсаттарға арналған су. 
Əр түрлі деңгейдегі су отандық жəне шетелдік медициналық жəне фармацевтикалық тəжірибеде кеңінен 
қолданылады. Су - əмбебап жəне қол жетімді еріткіш. Бұл қасиет сұйық дəрілік формаларды дайындау 
кезінде суды еріткіш жəне дисперсиялық орта ретінде пайдалануға мүмкіндік береді. 
Тазартылған суды медицинада қолдану: 

ішке жəне сыртқа қолдануға арналған дəрілік ерітінділер; 

көз тамшылары жəне офтальмологиялық ерітінділер; 

жаңа туған нəрестелерге арналған дəрілік препараттар; 

кейіннен стерильдеу көзделген инъекциялық емес ерітінділер 
Егер дəрілік түрлер үшін зарарсыздандыру қарастырылмаса, тазартылған стерильді су қолданылады 
Фармацевтикалық өнеркəсіпте жəне онымен байланысты салаларда қолданылатын су келесі түрлерге 
бөлінеді: 

ауыз су (ішуге жарамды) 

тазартылған стерильді су 

инъекцияға арналған су 
Ауыз судан басқа жоғарыда аталған су түрлерін алудың барлық жүйелері үшін валидация процесі қажет. 
Валидация - белгілі бір пайдаланушының, өнімнің, қызметтің немесе жүйенің талаптарының 
қанағаттандырылғанының дәлелі болып табылады. 
Фармацевтикалық мақсатта пайдаланылатын ауыз су көп жағдайда дистилляция, ион алмасу, кері осмос 
немесе тағы басқа процестер арқылы тазартылады. 
Дистилляция - бұл судың булануын, содан кейін алынған будың конденсациясын қамтитын процесс. 
Дистилляция əдісі қымбат, бірақ ол барлық органикалық жəне бейорганикалық қоспаларды алып тастауға 
жəне өте сапалы су алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, дистилляция судың микроорганизмдермен жəне 
эндотоксиндермен ластануын болдырмаудың ең тиімді əдісі ретінде танылады. 
Деионизация (ион алмасу) - синтетикалық шайырлардың кейбір түрлерінің судағы катиондардың немесе 
аниондардың адсорбциясына жəне олардың салыстырмалы белсенділігіне байланысты басқа иондардың 
шығарылуына (алмасуына) негізделген ион алмасу процесі. 
Кері осмос. Су жартылай өткізгіш мембрана арқылы əдеттегі осмотикалық диффузияға кері бағытта 
мəжбүрлі түрде өтеді. Əдетте, тесігінің мөлшері 0,1 – 1 нм болатын мембраналар қолданылады, олар 
органикалық қосылыстарды, бактериялар мен вирустарды ғана емес, сонымен қатар судағы барлық 
иондардың 90-99% ұстап қалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет