1. Химиялық технологияның негізгі ұғымдары мен анықтамаларын сипаттап, мысалдар келтіріңіз. Технология, химиялық технология, шикізат, реагент, мақсатты өнім, жанама өнімдер, қосымша материалдар, қалдықтар. Технология


Аммиактан сұйытылған азот қышқылынан алу



Pdf көрінісі
бет41/63
Дата09.03.2023
өлшемі1,56 Mb.
#72650
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   63
Аммиактан сұйытылған азот қышқылынан алу: 
Өндірістік технологиялық үдерісі: 
•Атмосфералық; 
•Жоғары қысымда; 
•Комбинерленген. 
Синтетикалық жолмен алынатын аммиактың 35%-ы азот қышқылын алуға кетеді. Өндірісте негізінен 
сұйытылған азот қышқылы алынады. 
Азот қышқылын аммиактан өндіру мына сатылармен жүреді: 
1. Аммиакты катализатор қатысуымен азот оксидіне дейін тотықтыру: 
4NH3 + 5O2 <—> 4NO +6Н2О + 907кДж 
2. Азот оксидін оның диоксидіне дейін тотықтыру 
2NO + O2 <—> 2NO2 +112кДж 


3. Азот диоксиді сумен абсорбцияланады. 
3NO2 +Н2O <—> 2HNO3 +NO +136 кДж 
Бөлінген азот оксиді диоксидке дейін тотығып қайтадан абсорбцияланады. 
Аммиактан азот қышқылын өндірудің принципиалдық сызбанұсқасының негізгі 6 операциясы: 
1 операция - аммиак пен ауа араластырып сүзгіленеді 
2 операция - аммиактың тотығу реакциясы жүреді
4NH3 + 5O2 = 4NO + 6H2O + 1105 кДж 
3,4 операция - реакциядан бөлінетін жылудан газ қоспасы қызады, сондықтан салқындатуға жіберіледі, бұл 
жерде жартылай азот оксиді диоксидке дейін тотығады:
2NO + O2 = 2NO2 + 1240 кДж 
5 операция - азот оксидінің аяғына дейін тотығуы азот қышқылын алумен, яғни диоксидінің 
суға абсорбциялануымен бірге жүреді. Осы жерде таза азот қышқылы бөлініп шығады. 
6 операция - шыққан газдар тазаланып, атмосфераға жіберіледі. 
Сұйытылған азот қышқылын концентрлейтін қондырғылар. Концентрлеу құбырына берілетін 
сұйытылған азот қышқылы екіге бөлінеді, бір бөлігі буландырғыш арқылы буға айналып барботаждау 
құбырының оныншы (барлық тəрелкенің саны 20) тəрелкеге беріледі (2), сұйытылған азот қышқылының 
екінші белгілі тікелей оныншы тəрелкеден жоғары орналасқан барботаждау құбырындағы тəрелкеге 
жіберіледі. 92-94%-ды концентрлі күкірт қышқылы жоғары орналасқан тəрелкенің біреуіне жіберіледі. 
Қоспаны жылытуға құбырдың төменгі жағынан өткір су буы (250
0
С
температурадағы) енгізіледі. Азот 
қышқылының буы аз мөлшерде су буы жəне азот қышқылының ыдырауынан пайда болған азот оксидтері 
құбырдан тоңазытқыш конденсаторына (3) жіберіліп, азот қышқылы конденсацияланады, ал нитроз газдарын 
(азот оксидтері) бөліп алып, азот қышқылын өндіретін цехта жартылай шикізат ретінде қолданады. Азот 
оксидтерінің бірсыпырасы конденсацияланған азот қышқылында ериді, солардан азот қышқылын тазарту 
үшін ол қышқыл конденсатордан қайтадан құбырдағы жоғарыда орналасқан тəрелкелерге қайта келіп 
төменнен көтерілген бу қалпындағы азот қышқылы мен азот оксидтерінің қоспасымен үрленіп оксидтерден 
тазартылып тоңазытқышқа (4) келіп салқындап өнім ретінде тұтынушыларға ұсынылады.Пайдаланылған 
сұйытылған 68%-ды күкірт қышқылы ректификациялау құбырының төменгі шетінен шығарылып ыстық 
қалпында буландырылып 92-94%-ды концентрлі қышқылға айналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет