1. Химиялық технологияның негізгі ұғымдары мен анықтамаларын сипаттап, мысалдар келтіріңіз. Технология, химиялық технология, шикізат, реагент, мақсатты өнім, жанама өнімдер, қосымша материалдар, қалдықтар. Технология


бөліктерінің күйіне, жылу және масса алмасу жағдайларына, т.б. тәуелді



Pdf көрінісі
бет30/63
Дата09.03.2023
өлшемі1,56 Mb.
#72650
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   63
бөліктерінің күйіне, жылу және масса алмасу жағдайларына, т.б. тәуелді. 
 
 
15. Химиялық реакторлар. Химиялық реакторлардың жіктелуі және олардың жұмыс режимі. 
Технологиялық үлгінің аппараттарының ішінде химиялық айналдыру жүретін аппараттарды, яғни негізгі 
технологиялық операция жүргізілетін аппараты атап көрсетуге болады. Мұндай аппараттар реакторлар деп 
аталады. Сонымен, ішінде масса тасымалдау (диффузиялық) процесі мен химия технологиялық процестер 
жүретін аппарат, химиялық реактор деп атайды. 
Химиялық реакторлар — химиялық реакцияларды жүргізуге арналған аппараттар. 
Реактордың алдындағы аппараттардың негізгі міндеті шикізатты реакцияға дайындау, ал реактордан 
кейінгі орналасқан аппараттардың міндеті – реакцияның өнімдерін бөлу, оларды шоғырландыру немесе 
зиянды қосымшалардан тазарту болып табылады. 
Реакторларға қойылатын талаптар:  
1) жоғары өнімділік пен қарқындылықты қамтамасыз ету;
2) максималды айналдыру дəрежесімен қамтамасыз етуі;
3) реагенттерді тасымалдау мен араластыруға кететін энергия шығынының төмен болуы;
4) құрылысы жеткілікті түрде қарапайым жəне бағасы арзан болуы;
5) экзотермиялық реакциялардың жылуы мен эндотермиялық процестерді жүргізу үшін сырттан берілген 
жылуды түгелдей толық жұмсауы;
6) жұмыс сенімді, мүмкіндігінше толық механикаландырылған жəне автоматтандырылған болуы қажет. 
Кей жағдайда, көмекші операциялар (жылыту, ұнтақтау, еріту, буландыру, сұйық күйге айналдыру жəне т.б.) 
мен химиялық айналдыру, бір аппаратта жүруі мүмкін. 
Химиялық реакторлардың жіктелуі: 
1. Реагенттерді әкелу және шығару әдістеріне қарай: 
1) Мерзімді реактор. 
Мерзімді əрекетті реакторлар толық араласуға жақын, сəйкес, жұмысының кез-келген кезеңінде барлық 
реакциялық көлемде бірдей температурада жұмыс істейді. Реагенттер операция басында тиеледі. Берілген 
түрлену дəрежесіне жетуге қажетті уақыттан соң аппарат босатылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет