Биотехнологияның қолданылуы
Биотехнологияда биохимия, микробиология, молекулалық биология, генетика ғылымдарының
жетістіктерінің нəтижесінде өте бағалы биологиялық белсенді заттар — гормондар, ферменттер,
витаминдер, антибиотиктер, органикалық қышқылдар — сірке, лимон, сүт жəне кейбір дəрі-дəрмектер
алынады.
Қазір ең жоғары өнімді микроорганизмдер штаммаларының көмегімен
150-ден астам биологиялық
заттардың түрлері синтезделді. Мысалы, адамда жəне кейбір жануарлар организмінде
синтезделмейтін
аминқышқылы лизинді тек микроорганизмдер арқылы алады. Егер жануарлар
организмінде лизин жетіспейтін болса, оның денесінің өсуі тоқтайды. Сондықтан лизинді
жануарлардың жемшебіне қосып береді.
Биотехнологияның биологиялық əдістерін қоршаған ортаны ластанудан тазарту үшін қолданады.
Ластанған суларды микроорганизмдердің көмегімен тазартады. Үлкен қалалардың, өндіріс
орындардың шығарған зиянды қалдықтарын тазарту кейбір бактериялардың қатысуымен жүреді.
Биотехнологияның бағыттары:
1.
Инженерлік энзимология
2.
Жасушалық инженерия
3.
Экологиялық инженерия
4.
Гендік инженерия
5.
Микробиологиялық өндіріс
Микробиология — жай көзге көрінбейтін, ұсақ тірі ағзаларды, олардың құрылысы мен биологиялық,
биохимиялық қасиеттерін, табиғатта жүріп жатқан процестердегі рөлін, адам тұрмысы саласындағы пайдасы
мен зиянын жан-жақты зерттейтін ғылым.
Микроорганизмдер тіршілігінің ең бір айқын байқалатын жері – ашу процесі. Күнделікті көріп жүрген
сыра мен түрлі шараптар, тағамдардың шіріп, бүлінуі жəне көгеруі бəрі де осы микроорганизмдер əсерінен
болады.
Микробиологиялық синтез - микробтық жасушаларға тəн биологиялық қасиеттерге негізделген химиялық
қосылыстарды, биологиялық белсенді заттар мен басқа да өнімдерді алу тəсілі. Микробиологиялық
синтездеуде микроорганизмдердің ферменттік жүйелерінің жұмыс істеуінің нəтижесінде қарапайым
заттардан кешенді заттар пайда болады.
Микробиологиялық синтез үшін пайдаланылатын микроорганизмдер (бактериялар, саңырауқұлақтар)
жоғары жылдамдықпен көбеюге жəне микробтық жасушаның талаптарынан асатын белгілі бір өнімдердің
артық мөлшерін синтездеуге қабілетті. Өнімдерді синтездейтін, табиғат көздерінен немесе мутагенез жəне
іріктеу нəтижесі бойынша алынған, адамдарға пайдалы реакцияларды жүзеге асыратын бірнеше жүз типті
микроорганизмдер бар.
Микробиологиялық синтез жолымен бірнеше өнімдер алуға болады:
1. Антибиотиктер.
2. Аминқышқылдар.
3. Нуклеозидті фосфаттар.
4. Витаминдер.
5. Вакцина.
Биотехнологиялық процесстің негізгі сатылары:
• егу материалын дайындау;
• шикізатты дайындау;
• қоректік ортаны дайындау;
• ауаны залалсыздандыру жəне дайындау;
• микроорганизмдерді культивирлеу;
• дайын өнімді бөліп алу;
• өнімді тазарту;
• өнімді модификациялау;
• өнімді сақтау;
• ағынды сулар мен газ қалдықтарынан тазарту;