1. Химиялық технологияныңнегізгіұғымдары мен анықтамаларынсипаттап, мысалдаркелтіріңіз. Химиялық технология, шикізат, реагент, мақсаттыөнім, жанамаөнімдер, қосымшаматериалдар, қалдықтар


Химиялық-технологиялық процестің тепе-теңдігіне әсер ететін факторларды атап көрсетіңіз (Ле-Шателье принципі)



бет32/35
Дата22.12.2023
өлшемі149,7 Kb.
#142772
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
Байланысты:
охт сессия (копия)

37. Химиялық-технологиялық процестің тепе-теңдігіне әсер ететін факторларды атап көрсетіңіз (Ле-Шателье принципі).
Химиялық реакцяның тепе-теңдігіне əртүрлі технологиялық көрсеткіштердің (температура, қысым, əрекеттесуші заттардың концентрациясы) əсерін білу қажет. Сыртқы факторлардың гомогенді жəне гетерогенді үдерістердің тепе-теңдігіне əсері Ле-Шателье принципімен анықталынады.
Ле-Шателье принципі: химиялық тепе-теңдік күйіне келіп тұрған жүйенің жағдайының (концентрация, температура, қысым) біреуін өзгерту, тепе-теңдікті сол өзгертуге қарсы əрекет туғызатын реакция бағытына қарай ығыстырады.
Қайтымды реакциялар өзара қарама қарсы екі бағытта да (тура,кері) жүретін реакциялар.
Тура және кері реакциялардың жылдамдықтары тең болған жағдайда ТЕПЕ-ТЕҢДІК орнайды.
Әрекеттесуші заттардың концентрациясы, температурасы және қысымы өзгергенде химиялық тепе-теңдіктің ығысу бағыты Ле-Шателье принципімен анықталады.
Ле-Шателье принципі бойынша тепе-теңдіккке әсер етуші факторлар:
✔1. Концентрация.
Егер реакция экзотермиялық болса, яғни жылу бөле жүрсе,
әрекеттесуші заттардың концентрациясы артқан кезде, тепе-теңдік оңға ығысады.
Ал керісінше, концентрациясы төмендесе тепе-теңдік солға ығысады.
✔2. Температура
Егер реакция экзотермиялық болса, яғни жылу бөле жүрсе,
әрекеттесуші заттардың температурасы артқан кезде, тепе - теңдік солға, ал төмендеген кезде, оңға ығысады.
✔3.Қысым (әрекеттесуші заттар газ болса)
Егер реакция экзотермиялық болса, яғни жылу бөле жүрсе,
әрекеттесуші заттардың қысымы артқан кезде тепе- теңдік аз көлем жаққа, ал төмендеген кезде көп көлем жаққа ығысады.
Мысалға, төмендегі аммиак алу реакциясында 4 моль( 4 көлем) реагент, 2 моль (2 көлем) өнім бар.
Сонда әрекеттесуші заттардың қысымын арттырсақ, тепе - теңдік оңға ығысады. Себебі, өнімде аз көлем.
✔4. Катализатор
Катализатор тепе-теңдікке әсер етпейді.
Және егер реакция эндотермиялық болса, яғни жылу сіңіре жүрсе,
Ле -Шателье принципі барлық факторлар үшін керісінше қолданылады.
Мысалға, экзотермиялық реакцияда концентрация артса тепе-теңдік оңға ығысатын болса, ал эндотермиялық реакцияда керісінше солға ығысады.
Қалған факторлар үшін де дәл солай.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет