«1 (I), 2 (II) және 13 (III) топ элементтері және олардың қосылыстары» бөлімі бойынша қайталау тапсырмалары Оқу мақсаты



Дата15.12.2023
өлшемі174,87 Kb.
#138723
Байланысты:
6399587efe9aa866766a828386ba6ba50122b3e5


«1 (I), 2 (II) және 13 (III) топ элементтері және олардың қосылыстары» бөлімі бойынша қайталау тапсырмалары
Оқу мақсаты
9.2.1.3 1 (І)- ші және 2 (ІІ) топ металдарының жалпы қасиеттерін салыстыру және реакция теңдеулерін құрастыру;
9.2.1.4 кальций оксиді мен гидроксидінің негіздік қасиеттерін түсіндіру және қолданылуын сипаттау
9.2.1.5 -атом құрылысы негізінде алюминийдің қасиеттерін түсіндіру, оның маңызды қосылыстары мен құймаларынның қолдану аймағын атау
9.2.1.6 -алюминий, оның оксиді мен гидроксидінің екідайлы қасиеттерін зерттеу
Бағалау критерийі:
1.1 және 2 топтағы металдардың жалпы қасиеттерін салыстырады және реакция теңдеулерін құрастырады
2.Кальций оксиді мен гидроксидінің негіздік қасиеттерін және қолданылуын түсіндіреді
3.Алюминийдің кристалл торының құрылымдық бөліктерін ажыратады және осы құрылыстың негізінде оның қолданылуын түсіндіреді
4. Алюминийдің екідайлы қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастырады.
Тапсырма
1. Металдарға тән ортақ химиялық қасиет-олар валенттік электрондарын оңай беріп, оң зарядты ион түзеді, яғни металдар бос күйінде тотықсыздандырғыш болады:
Me0 –nē →Men+
а) Натрий мен кальций металдарының қайсысында тотықсыздандырғыштық қасиеті жоғары болады? Себебі түсіндіріңдер:
____________________________________________________________________________
б) Төменде натрийдің химиялық қасиетін сипаттайтын сурет берілген. Қажетті реакция теңдеуін жазып, фенолфталеинді тамызғанда неліктен таңқурай түс пайда болатындығын түсіндіріп жазыңдар:
_ ____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________

2. Ақ түсті, қиын балқитын, ылғал сіңіргіш затты сумен әрекеттестіргенде зертханада көмірқышқыл газын анықтайтын күшті сілті түзеді. Бұл сілті ерітіндісі көмірқышқыл газымен әрекеттескенде лайланады. Егер де көмірқышқыл газының артық мөлшерін ұзақ уақыт төткізсе, мөлдір ерітінді пайда болады. Ал, егер алынған ерітіндіні қыздырғанда ерітінді қайта лайланады. Қай металл қосылыстарының химияиялық қасиеттері туралы сипатталды. Қажетті реакция теңдеулерін жазыңдар:


________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
3.а) Атом құрылысы негізінде алюминийдің иілгіштігін, электр- және жылуөткізгіштік қасиеттерін түсіндіріңдер:
____________________________________________________________________________

б) Алюминийдің әртүрлі құймалары бар. Алюминий құймасын таңдаңдар:


1) қола; 2) силумин; 3) жез; 4) шойын; 5) дюралюминий; 6) мельхиор; 7) болат

в) алюминийдің құймаларының бірінің қолданылуын жазыңдар:


____________________________________________________________________________
4) Массалары бірдей болатын алюминийдің екі бөлігі дайындалды. Оның бірінші бөлігі калий гидроксиді ерітіндісінде, ал екінші бөлігі тұз қышқылы ерітіндісінде ерітілді. Реакциядан (қ.ж.) бөлінген сутек газдарының өзара көлемдік қатынастары қандай болады?
____________________________________________________________________________

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет