1. Ықлас сүресін 100 рет оқу керек



Pdf көрінісі
бет8/8
Дата21.04.2023
өлшемі411,12 Kb.
#85063
1   2   3   4   5   6   7   8
Жамандықтан пана сұрау 
Я, Алла! Мен Сенен мінез-құлықтың, амалдардың, нәпсі-қалауларының және дерттердің 
жаманынан пана сұраймын. Уа, Алла!Мен Сенен қарызға батудан, адамдардың өктемдігі 
және дұшпандардың табалауынан пана сұраймын. 
«Аллаһумма инни әъузу бикә мин мункәратил-әхләқи уәл-аъмәли уәл-әһуә-иуәл-әдуә. Уә 
әъузу бикә мин ғаләбәтид-дәйни уә қаһрир-рижәли, уә шәмәтәтил-әъдә». 
Алла Елшісінің (с.а.у.) былай деп айтқаны жеткізілген: «Раббысының пендеге ең жақын 
болатын уақыты түннің соңғы бөлігі (мұнда түннiң соңғы үштен бiр бөлігі туралы сөз 
болуда). Сол сәтте Алланы зікір етушілерден бола алсаң, солардан бол!», «Пенденің 
Раббысына ең жақын болатын уақыты сәждеге бас қойған кезі. Осы уақытта Аллаға көп 
дұға етіңіздер». Яғни, дұғаларды түннің соңғы бөлігінде және сәждеде жасауға тырысайық! 
Алла Тағала қабыл болатын дұға нәсіп етсін!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет