1. Ықлас сүресін 100 рет оқу керек



Pdf көрінісі
бет2/8
Дата21.04.2023
өлшемі411,12 Kb.
#85063
1   2   3   4   5   6   7   8
Қажетті сілтемелер: 

Қадір түнін қалай өткізген дұрыс? Қадір түнінің намазы қалай оқылады?
 

Қадір түніне арналған құттықтау тілектер жинағы
 
Алладан жан байлығын әрі материалдық байлықты сұрайтын дұға 
Ибн Масғұд (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.у.) былай деп жиі айтатынын естіген: «Я, Алла, 
расында, мен Сенен Сенің басшылығыңды, тақуалықты, (күнәдан жаман қылықтардан) 
пәктікті және байлықты сұраймын». (Муслим)«Аллаһумма, инни асәалюкаль-Һуда, уа туқа, 
уаль-ъафафа уальғина» 
Алладан амандық сұрайтын дұға 
«Я, Алла! Сенен мен (осы) дүние және ақыретте жарылқау мен есен-амандықты тілеймін. 


Уа, Алла! Сенен мен дінімде, тұрмыс-тіршілігімде, отбасым мен мал-мүлкімде жарылқау 
мен есен-амандық тілеймін. Уа, Алла! Менің әбүйірімді Өзің бүркеп қойғайсың, мені 
қорықыныштан аман еткейсің. Уа, Алла! Мені алды-артымнан, оң жақ-сол жағымнан және 
төбемнен де Өзің сақтағайсың! Сондай-ақ кенеттен қиянатқа ұшырап, өліп кетуден Өз 
ұлылығыңнан пана сұраймын!» 
«Аллаһумма инни әс-әлукәл-ьафуа уәл-ьафиәтә фид-дунйа уәл-әхираһ. Аллаһумма инни 
әс-әлукәл-ъафуа уәл-ъафиәтә: фи диниуә дунйа-йа уә әһли, уә мәли. Аллаһуммас-тур 
ъаурати уә әмин рауъати Аллаһуммах-фазни мин бәйни йәдәййа уә мин халфи, уә ъан 
йәмини уә ъан шимәли, уә мин фәуқи, уә әъузубиъазамәтикә ән уғтәлә мин тәхти». 
Шипа сұрау дұғасы 
«Маған бір пәлекет келді. Ал Сен Мейірім етушілердің ең Мейірімдісісің». «Әнн-нии мәс-сә-
ни-иәд-дур-ру уә әңң-тә әр-хә-мур-роо-хи-миин». 
Салиқалы әйел сұрау 
«Раббымыз! Жұбайларымызды және ұрпақтарымызды көзіміздің қуанышы ет әрі бізді 
тақуалардың алды ете гөр!» 
«Роб-бә-нәә һәб-лә-нәә мин әз-уәә-джи-нәә уә зур-ри-иәә-ти-нәә қур-ро-тә әъ-иу-ниу уәдж-
хәл-нәә лил-мут-тә-қии-нәә-и-мәә-мәә» 
Қырсық әйелдің, жаман достың кесірінен Аллаға сыйыну 
Әбу Һурайра (р.а.) былай дейтін: «Пайғамбардың (с.а.у.) дұғаларының қатарында мына 
(дұға) да бар еді: «Я, Алла, ақиқатында, мен Сенен жаман көршіден, оның (кесірінен) 
шашым уақытысынан бұрын ағарып кететін әйелден, үстімнен би болатын баладан, мен 
үшін азапқа айналатын дүниеден, көзі мені көретін, ал жүрегі аңдып отыратын, әрі егер ол 
менен бір жақсы нәрсе көрсе, жасыратын, ал егер менен жаман нәрсе байқаса, жарияға 
жар салатын достан пана сұраймын»”. Әт-Табарани «әд-Ду’а» 3/1425. Хадис сахих 
(сенімді). 
«Аллаһумма инни а‘узубика мин жәри ссу-и, уа мин зәужин тушайибуни къаблә-л-мәшиб, уа 
мин уаләдин якуну ‘аләйа раббан, уа мин мәлин якуну ‘аляйа ‘азабан, уа мин халилин 
мәкирин ‘айнуху тарани уа қалбуһу яр‘ани ин ра-а хасанатан дафанаһа, уа изә ра-а 
сайиатан аза‘аһа». 
Адам Пайғамбардың (с.а.у.) тәубе жасағанда айтқан дұғасы 
«Раббымыз! Біз өзімізге әділетсіздік істедік. Енді бізді кешіріп, рақым етпесең, сөзсіз зиянға 
ұшырағандардан боламыз» («Аъраф» сүресі, 23-аят). 
«Роббәнә заләмнә әнфусәнә уәил ләм тәғфир ләнә уәтәрхәмнә ләнәкуунәннә минәл 
хасириин». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет