1. Инклюзивті (қосылған) білім беру қандай мүмкіндіктер береді?



Дата11.12.2023
өлшемі38,94 Kb.
#137758
Байланысты:
test suraktar


Тест сұрақтары

1. Инклюзивті (қосылған) білім беру қандай мүмкіндіктер береді?


А) барлық балаларға толық мөлшерде қоғамның өміріне қатысуға;
В) өз мүмкіндіктерін іске асыруға;
С) эмоциялардың көпқырлығын сезінуге;
Д) еңбектік іс-әрекетте жетістіктерге жетуге;
Е) оқу іс-әрекетінде жетістіктерге жетуге.
2. Инклюзивті (қосылған) білім беру қандай мүмкіндіктерге ие?
А) білім алушылардың тең құқылығын орнатуға және олардың ұжымның барлық іс-әрекеттеріне қатысуына бағытталған ресурстарға ие;
В) барлық оқушылардың қабілетерін дамыту мүмкіндігіне;
С) балалар мен ата-аналардың қарым-қатынастарына әсер ету мүмкіндігіне;
Д) балалардың физикалық дамуына әсер ететін ресурстарға;
Е) интеллекттің деңгейін арттыру мүмкіндіктеріне.
3. Инклюзивті (қосылған) білім беру неге бағытталған?
А) қарым-қатынасқа түсуге қажетті қабілеттерді барлық адамдарда дамытуға;
В) интеллектуалдық қабілеттерді дамытуға;
С) арнайы қабілеттерді қалыптастыруға;
Д) патриоттық сезімді тәрбиелеуге;
Е) өзіндік ой-пікірді қалыптастыруға.
4. Инклюзивті (қосылған) білім беру қанша принципке негізделеді?
А) 8
В) 20
С) 3
Д) 10
Е) 2
5. «Адамның құндылығы оның қабілеттері мен жетістіктерімен анықталмайды» принципі қай бағытқа тиесіл?
А) инклюзивті білім беруге;
В) арнайы білім беруге;
С) философияға;
Д) әлеуметтануға;
Е) психологияға.
6. Принциптерде сипатталған инклюзивті білім берудің негізгі идеяларының бірін белгілеңіз.
А) әрбір адам сезуге, ойлауға қабілетті, қарым-қатынасқа түсуге, нақты өзара байланыстарда білім алуға құқылы;
В) тек материалдық қолдау ғана дамуға негіз бола алады;
С) түрлілік дамуға кедергі болады;
Д) біріктіріп оқытуды тек кіші топтарда ғана іске асыруға болады;
Е) барлық оқушылар жасаған іс-әрекеттерінде прогреске жете алады.

7. Инклюзивті білім беру – бұл …


А) жалпыға білім беру мекеме жағдайында іске асырылатын білім беру қызметтерінің жүйесі;
В) арнайы мекемелерде білім беру жүйесі;
С) ерекше балаларды үйде оқыту;
Д) оқу бағдарламасын меңгере алатындарға арналған білім беру қызметтерінің жүйесі;
Е) балаларды жеңілдетілген бағдарлама бойынша оқыту.
8. Принциптерде сипатталған инклюзивті білім берудің негізгі идеяларының бірін белгілеңіз.
А) барлық адамдарға құрбыларының қолдауы мен достық қарым-қатынасы керек;
В) тек материалдық қолдау ғана дамуға негіз бола алады;
С) физикалық ортаны тиісті ұйымдастыру ғана дамуға негіз болады;
Д) білім беруде үйде оқыту басты приоритеттердің бірі болып саналады;
Е) прогресс деп білім алудағы жетістікті болуды санау қажет.
9. Принциптерде сипатталған инклюзивті білім берудің негізгі идеяларының бірін белгілеңіз.
А) түрлілік адам өмірінің барлық жақтарын күшейтеді;
В) барлық оқушылар білім алуда жетістікті болуы тиіс;
С) білім беруде нақты өзара байланыстар маңызды емес;
Д) денсаулығының мүмкіндігі шектеулі балалар өз іс-әрекеттерінде жетістіктерге жете алмайды;
Е) инклюзивті білім беруде басты көрсеткіш болып жетістілік саналады.
10. Инклюзивті болу дегеніміз ...
А) білім алуда барлық балалардың бірге болуына тиімді жолдар іздеу (мүгедектігі бар балаларды да ескергенде);
В) талап ету сәтінде әр балаға көмек көрсету;
С) мүгедектігі бар балаларға материалдық көмек беру;
Д) денсаулығының мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық қолдау көрсету;
Е) мүгедектігі бар балаларға мәліметтік көмек көрсету.
11. Инклюзия дегеніміз – …
А) қауымдастыққа қатысты болу (достарының тобына, мектепке, тұратын мекен жайына);
В) мекен жайы бойынша білім алуға құқылы болу туралы ереже қабылдау;
С) «ұқсас» балаларды бірге оқыту;
Д) денсаулығының мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған тәрбиелік шараларды өткізу;
Е) денсаулығының мүмкіндігі шектеулі балалардың қабілеттерін ашу.
12. Инклюзия дегеніміз – …
А) баланың қабілеттеріне сай білім беру бағдарламасының көмегімен әр оқушыны тану, ашу;
В) күрделі білім беру бағдарламаның көмегімен балалардың қабілеттерін дамыту;
С) толеранттылықты тәрбиелеу;
Д) ерекше балаларға қамқорлық көрсету;
Е) баланың қабілеттерін ескерусіз білім беру бағдарламасының көмегімен әр оқушыны тану, ашу.
13. Инклюзия нені ескереді?
А) оқушы мен мұғалімдерге жетістіктерге жету үшін керек қажеттіліктер, арнайы жағдайлар мен қолдауды;
В) оқушы мен мұғалімдерге қажетті материалдық қажеттіліктерді;
С) оқушыға білім алу үшін керек қабілеттерді дамыту ерекшеліктерді;
Д) мұғалімнің кәсіби іс-әрекетін атқаруға қажетті жағдайларды;
Е) оқушының қабілеттерін ескерусіз білім беру бағдарламасын қолдану жолдарын.
14. Инклюзивті мектепте …
А) әр баланы қабылдап, ұжымның маңызды мүшесі деп санайды;
В) балалардың қабілеттерінің даму деңгейін ескереді;
С) бағдарламаны меңгере алатын балалар ғана оқиды;
Д) «қалыпты» деңгейден минималды төмен деңгейдегі балалар оқиды;
Е) денсаулығының мүмкіндігі шектеулі балалар тек тәрбиелік шараларға қатысады.
15. Инклюзивті мектепте ерекше қажеттіліктері бар оқушыны …
А) оның ерекше қажеттіліктерін қамту үшін құрдастары және қауымдастықтың басқа да мүшелері қолдайды;
В) тәрбиелік шараларды өткізуде ғана біріккен іс-әрекетке қосады;
С) аптасына бір рет сабақтан тыс шараларға шақырады;
Д) индивидуалды сабақтарда бөлек оқытады;
Е) индивидуалды түрде демалыс кезеңінде оқытады.
16. Инклюзивті білім беруді іске асырудағы кедергілерге жатқызылады:
А) мектептердің архитектуралық қол жетімсіздігі, «ерекше» балалар жиі «оқи алмайтындар» деп саналады;
В) ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарының материалдық қиындықтары;
С) денсаулығының мүмкіндігі шектеулі балалар білім беру бағдарламасын меңгере алмайды;
Д) мектептің баланың үйінен алыс орналасуы;
Е) денсаулығының мүмкіндігі шектеулі балалардың оқу жетістіктерінің төмен деңгейлігі.
17. Инклюзивті білім беруді іске асырудағы кедергілерге жатқызылады:
А) жалпы мектептердің мұғалімдерінің көпшілігі мүгедек балаларды сыныптың оқу процесіне қосуға дайын емес;
В) денсаулығының мүмкіндігі шектеулі балалар құрдастарымен қарым-қатынасқа түсе алмайды;
С) біреулерінің төмен деңгейлі оқу жетістіктері басқаларының оқуына кедергі болады;
Д) мүгедек балаларды оқыту барлығына білім беру бағдарламасын қайта қарастыруды талап етеді;
Е) ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарының материалдық қиындықтары.
18. Инклюзивті білім беруді іске асырудағы кедергілерге жатқызылады:
А) мүгедек балалардың ата-аналары балаларының білім алуға құқықтарын қорғай алмайды;
В) денсаулығының мүмкіндігі шектеулі балалар құрдастарымен қарым-қатынасқа түсе алмайды;
С) біреулерінің төмен деңгейлі оқу жетістіктері басқаларының оқуына кедергі болады;
Д) мүгедек балаларды оқыту барлығына білім беру бағдарламасын қайта қарастыруды талап етеді;
Е) ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарының материалдық қиындықтары.
19. Инклюзивті мектептің ережелеріне жатқызылады:
А) мектептік қауымдастықтағы барлық оқушылар тең құқылы, оқу процесінде олардың барлық қажеттіліктері қамтылады;
В) әлеуметтік байланыстарды орнатуда оқушылардың мүмкіндіктері әртүрлі;
С) балаларды қарым-қатынасқа итермелудің қажеті жоқ;
Д) әр бала өз мүмкіндіктерін білуі тиіс;
Е) әр баланың жетістіктерінің деңгейі жайлы басқаларға мәлім етіп отыру керек.
20. Инклюзивті мектептің ережелеріне жатқызылады:
А) маңызды әлеуметтік байланыстарды орнату мен дамытуда барлық оқушылардың мүмкіндіктері бірдей болуы керек;
В) әлеуметтік байланыстарды орнатуда оқушылардың мүмкіндіктері әртүрлі;
С) балаларды қарым-қатынасқа итермелудің қажеті жоқ;
Д) әр бала өз жетістіктерін талдай білуі тиіс;
Е) әр баланың жетістіктерінің деңгейі жайлы басқаларға мәлім етіп отыру керек.
21. Инклюзивті мектептің ережелеріне жатқызылады:
А) білім беру процесіне қосылған қызметкерлер енгізу процесін жеңілдететін стратегиялар мен шараларды меңгерген;
В) білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жетістіктерін бақылап отыру қажет емес;
С) білім алуда балалардың жетістіктері басты көрсеткіш;
Д) енгізу процесі ата-аналардың араласуын қажет етпейді;
Е) енгізу процесі мамандардың араласуын қажет етпейді.
22. Инклюзивті мектептің ережелеріне жатқызылады:
А) бағдарлама мен оқыту процесі әр баланың қажеттіліктерін ескереді;
В) балаларды оқыту процесіне ата-аналар араласпауы керек;
С) балалар барлығына арналған білім беру бағдарламасын меңгерулері тиіс;
Д) үлгермейтін балаларды екінші жылға қалдыру керек;
Е) оқыту бағдарламасында әр баланың қажеттіліктерін ескеру қажет емес.
23. Инклюзивті мектептің ережелеріне жатқызылады:
А) отбасылар мектептің өміріне белсенді қатысады;
В) балаларды оқыту процесіне ата-аналар араласпауы керек;
С) үлгермейтін балаларды екінші жылға қалдыру керек;
Д) барлық балалардың жетістіктері бірдей бағаланады;
Е) оқыту бағдарламасында әр баланың қажеттіліктерін ескеру қажет емес.
24. «Инклюзия» (inclusif) терминін француз тілінен аударғанда қандай мағына береді?
А) өзіне қосып алған (енгізілген);
В) қатарынан алып тасталған;
С) жеке тұлғаны ашатын;
Д) қоршаған ортада ерекшеленетін;
Е) барлығына түсінікті.
25. Жалпыға білім беру мектептерінде ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту процесін сипаттауда қолданылатын термин.
А) инклюзивті немесе қосылған білім беру;
В) эксклюзивті білім беру;
С) альтернативті білім беру;
Д) индивидуалды білім беру;
Е) құрдастарының арасында оқыту.
26. «Инклюзия» (include) термині латын тілінен аударғанда қандай мағына береді?
А) біріктіремін, енгіземін, қосамын;
В) қорытынды жасаймын;
С) мұқият қарастырамын;
Д) бөліп аламын;
Е) ұқсастарды біріктіремін.
27. Инклюзивті білім беруде жалпыға білім беру процесі қалай іске асырылады?
А) ерекше балаларға да, олардың қажеттіліктерін ескерумен, қолжетімді орта жасалады;
В) жоғары деңгейлі қабілеттері бар балалар оқу процесіне қосылады, оларға қолжетімді орта жасалады;
С) жалпы бағдарламаны меңгере алатындар оқу процесіне қосылады;
Д) жеңіл деңгейлі бұзылыстары бар балалар оқу процесіне қосылады;
Е) тиісті сараптаудан өткен балаларға қолжетімді орта жасалады.
28. Ақыл ой дамуында кемістіктері бар адамдарды оқыту мен тәрбиелеу қажеттілігі туралы ойды айтқан ғалым.
А) Я.Коменский;
В) И.Песталоцци;
С) Дж.Дьюи;
D) Л.Выготский;
Е) Ж.Руссо.
29. Қай патша кезінде 1551 жылы «Стоглавый Судебник» кітабына кедей, ауру, ақыл ойы кем адамдарға қамқорлық көрсету қажеттілігі жайлы бап енгізілді?
А) Иван Грозный;
В) Петр І;
С) Алексей І;
D) Николай І;
Е) Александр І.
30. 1677 жылы патша Федор Алексеевич қабылдаған ақыл ойы кемдердің құқықтық жағдайы туралы заңы оларға неге тиым салды?
А) керең, соқыр, ішімдікке салынғандар мен ақымақтарға өз мүлкін басқаруға;
В) шылым тартуға;
С) қоғамдық мекемелерге бару құқықығына;
D) шарап ішу құқығына;
Е) сақалын алу құқығына.
31. Петр I «ақымақтар туралы» жарлығын шығарғанда қандай мақсатты көздеді?
А) монастырлерде ақыл ойы кемдерге қамқорлық көрсету жүйесін өз пайдасына қолданудың алдын алу;
В) ішімдікке салынудың алдын алу;
С) нашақорлықтың алдын алу;
D) парақорлықтың алдын алу;
Е) ұрлықтың алдын алу.
32. Ақылы кем болып алдап, әскерде қызмет етуден қашқан «ақымақтарға» Петр I қандай тиым салған?
А) мүлікті мұра ету мен үйленуге;
В) шарап ішуге;
С) қоғамдық мекемелерге баруға;
D) балалы болуға;
Е) сақал-мұрт алуға.
33. «Ақыл ойы кем адамдарды оқыту мен тәрбиелеу қажет» - деп санаған танымал швейцариялық педагог.
А) И.Песталоцци;
В) Я.Коменский;
С) Дж.Дьюи;
D) Ж.Руссо;
Е) К.Дэвидсон.
34. Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту-тәрбиелеу жұмысын нәтижелі атқаратын үлкен мекеме қай ғасырда ашылды?
А) 19 ғасырдың соңы – 20 ғасырдың басы;
В) 18 ғасырдың соңы – 19 ғасырдың басы;
С) 20 ғасырдың 20-шы жылдары;
D) 15 ғасырдың соңы – 16 ғасырдың басы;
Е) 20 ғасырдың 40-шы жылдары.
35. Биологиядағы материалисттік көзқарастардың дамуын жылдамдатуға әсер еткен ғылыми еңбектердің авторлары.
А) Ч.Дарвин және И.Сеченов;
В) Платон және Аристотель;
С) Аристотель және И.Галле;
D) Т.Гоббс және И.Галле;
Е) Дж.Дьюи және И.Песталоцци.
36. Психиатр Э.Крепелин кем ақылдықтың барлық түрлерін қандай бір топқа біріктірді.
А) психикалық дамудың тежелуі;
В) психикалық жетілмеу;
С) аномалиялар;
D) психиканың бұзылуы;
Е) топастық.
37. «Қалыпты да, аутқушылығы бар баланың да даму заңдылықтары бірдей» - деп айтқан ғалым.
А) Г.Трошин;
В) М.Моруа;
С) Э.Крепелин;
D) С.Фукс;
Е) И.Галле.
38. Қай уақыттан бері ақыл ой кемісітігін анықтауда психометриялық бағыт тиімді деп санала бастады.
А) 20 ғасырдың 20 жылдарынан;
В) 19 ғасырдың 10 жылдарынан;
С) 19 ғасырдың 20 жылдарынан;
D) 18 ғасырдың 20 жылдарынан;
Е) 20 ғасырдың 10 жылдарынан.
39. 1871 жылы терең бұзылыстары бар адамдарға арналған бірінші мекеме қайда ашылды?
А) Прагада;
В) Парижде;
С) Лондонда;
D) Леонда;
Е) Стокгольмде.
40. А.Бинэнің бірінші тесті қай жылы жарық көрді?
А) 1896 жылы;
В) 1890 жылы;
С) 1920 жылы;
D) 1820 жылы;
Е) 1900 жылы.
41. Тестілеу әдісін қолдану қандай қажеттіліктен туындады?
А) балаларды көмекші мектепке сараптау;
В) ақыл ойы кем балаларды оқыту;
С) балаларды физикалық дамыту;
D) жазуға үйрету;
Е) сөйлеу тілінің даму ерекшеліктерін анықтау.
42. Практикада тестілеуді алғаш рет қолдану қандай жағдаймен байланысты болды?
А) оқушыларды көмекші мектепке сараптаудан өткізумен;
В) көптеген жеке меншік мектептердің ашылуымен;
С) интернаттардың ашылуымен;
D) коммунисттік өндірістің қарқынды дамуымен;
Е) жаратылыстану ғылымдарының дамуымен.
43. А.Бинэ и Т.Симон бірінші болып нені ұсынды?
А) өздерінің ақыл ой кемістігіне байланысты концепциясын;
В) тәрбиелеу әдістерін қолдану ережелерін;
С) өздерінің физикалық жетілмеу мәселесіне байланысты концепциясын;
D) дамытушылық әдістерін қолдану ережелерін;
Е) сабақтың құрылымын, жүргізу ережелерін.
44. 1904 жылы А.Бинэ мен Т.Симон қай мәселені зерттей бастады?
А) ақыл ой кемістігін анықтау әдістері мен тәсілдерін;
В) жұмысшылардың кәсіби өсу деңгейін;
С) педагогтарды сараптаудан өткізу әдістері мен тәсілдерін;
D) арнайы мектептердің құрылымын;
Е) арнайы мекемеде тәрбиелеу әдістерін.
45. Ақыл ой дамуы терең бұзылған адамдарға арналған мекеме Прага қаласында қай жылы ашылды?
А) 1871 жылы;
В) 1971 жылы;
С) 1787 жылы;
D) 1900 жылы;
Е) 1840 жылы.
46. Қай жылы Италияда «Ақыл ойы кем балаларды қорғауға бағытталған ұлттық одақ» құрылды?
А) 1898 жылы;
В) 1971 жылы;
С) 1787 жылы;
D) 1900 жылы;
Е) 1840 жылы.
47. Жеке тұлғаның әлеуметтік қасиеттерін «өлшеу» жүйесі қалай аталады?
А) социометрия;
В) тестология;
С) сұрақтама;
D) сұрақнама;
Е) интервью.
48. 1954 жылы көмекші мектептерге арналған қандай құжат құрастырылды?
А) оқыту бағдарламасы;
В) әдістемелік нұсқау;
С) заңдар жинағы;
D) ережелер;
Е) құқықтар мен міндеттер.
49. Көмекші мектептің басты міндеті.
А) тәрбиелеу;
В) жеке тұлғалық қасиеттерді дамыту;
С) сурет салуға үйрету;
D) жазуға үйрету;
Е) оқуға үйрету.
50. Мәскеуде аутқушылығы бар балаларға арналған «Мектеп-санаторий» қай жылы ашылды?
А) 1908 жылы;
В) 1930 жылы;
С) 1879 жылы;
D) 1895 жылы;
Е) 1940 жылы.
51. В.Кащенконың «Мектеп-санаторийінде» қандай балалар оқыды?
А) үлгермейтін;
В) соқыр;
С) саңырау;
D) аномальді;
Е) параличке шалдыққан.
52. Инклюзивті білім беру негізделетін принциптердің бірі.
А) балалардың білім алу мен мекен жайы бойынша оқуға құқықтарын қамту;
В) мектептік бағдарламаны мегере алатындарды оқыту;
С) балалардың өзіндік анықтауға мүмкіндіктерін қамту;
Д) ерекше балаларды мектептен тыс жағдайда минималды дағдыларға оқыту;
Е) ерекше балалардың физикалық қалыптасуын, дамуын ұйымдастыру.
53. ЮНЕСКО инклюзивті білім беруді қандай процесс деп анықтайды?
А) барлық білім алушылардың түрлі қажеттіліктерін ескеру;
В) дамуға мүмкіндігі бар балаларды оқыту;
С) қабілеттері тең балаларды біріктіріп оқыту;
Д) ерекше балаларға медициналық көмек көрсету;
Е) арнайы білім беру мекемесінің іс-әрекетінің нәтижелерін жақсарту.
54. Интеграция дегеніміз – бұл …
А) балаларды күнделікті білім беру кеңістігіне енгізу;
В) кіші кеңістіктен үлкен кеңістікке көшіру;
С) балаларды мүмкіндіктеріне сай оқыту;
Д) балаларды оқудағы жетістіктеріне сәйкес жалпыға білім беру кеңістігіне енгізу;
Е) қабілеттері тең келетін балаларды біріктіріп оқыту.
55. Инклюзивті білім беру дегеніміз – …
А) барлық балаларға барлық бағдарламаларға қатысуға мүмкіндік беретін процесс пен саясат;
В) балаларды білім беру кеңістігіне енгізу;
С) қабілеттері тең келетін балаларды біріктіріп оқыту;
Д) балаларды мүмкіндіктеріне сай оқыту;
Е) оқуда ең жоғары жетістіктерге жеткен балаларды жалпыға білім беру кеңістігіне енгізу.
56. Интеграциялық білім берудің модельдерін белгілеңіз.
А) толық; тұрақты, толық емес; уақытша, жартылай; эпизодтық;
В) айлық; үш айлық; тоғыз айлық; жартыжылдық; жылдық;
С) жартылай және уақытша;
Д) толық және толық емес;
Е) жылдық; уақытша; жартылай; семестрлік; триместрлік.
57. Дамуында аутқушылығы бар балаларды интеграциялық оқытудың түрлерін белгілеңіз.
А) аралас; жартылай; уақытша; толық;
В) айлық; жартыжылдық; жылдық;
С) частичная и временная;
Д) толық және толық емес;
Е) жылдық; уақытша; жартылай; семестрлік; триместрлік.
58. «Енгізу» моделі қай жылдары пайда болды?
А) ХХ ғасырдың 70-ші жылдары;
В) XVIII ғасырдың 20-шы жылдары;
С) ХІХ ғасырдың 50-ші жылдары;
Д) ХVIII ғасырдың 40-шы жылдары;
Е) ХІХ ғасырдың 70-ші жылдары.
59. М.Монтессори қандай әдісті құрастырды?
А) интеллект бұзылыстары бар балалардың сезім ағзаларын дамыту әдісін;
В) даму бұзылыстары бар балаларды мадақтау мен жазалау әдісін;
С) ерекше балалардың интеллектуалды қабілеттерін анықтау әдісін;
Д) интеллект бұзылыстары бар балалардың есте сақтауын зерттеу әдісін;
Е) интеллект бұзылыстары бар балалардың зейінін зерттеу әдісін.
60. Қай жылы Санте де Санктис ата-аналары кедей балаларға арналған бірінші жартылай интернат мектебін ашты?
А) 1899 жылы;
В) 1990 жылы;
С) 1780 жылы;
Д) 1950 жылы;
Е) 1850 жылы.
61. Кереңмылқау балаларды тәрбиелеу мен оқыту мәселесінің теориялық негіздерін қалаған ғалым.
А) Д.Кардано;
В) Л.Выготский;
С) Э.Сеген;
Д) Ж.Итар;
Е) Я.Коменский.
62. «Адамды оқыту процесінен адам емес нысаналарды ғана шығарып тастауға болады» - деген пікірді қай ғалым айтқан?
А) Я.Коменский;
В) И.Песталоцци;
С) Дж.Дьюи;
Д) М.Монтессори;
Е) Г.Белинский.
63. Интеллект дамуында бұзылыстары бар «ерекше» балаларды оқытуды ұйымдастырудың негізін қалаған итальяндық ғалымдар.
А) М.Монтессори, Санте де Санктис;
В) Дж.Кардано, Ж.Итар;
С) Ж.Итар, Э.Сеген;
Д) Ш.Лепуа, Ф.Делебо;
Е) Т.Боне, Ж.Итар.
64. «Идеалды» моделі мінезделенеді …
А) «ерекше» балалардың толыққанды дамуына барлық жағдай жасаумен;
В) оқыту үшін арнайы жағдай жасаумен;
С) білім алушыларға қойылатын жоғары талаптармен;
Д) «ерекше» бала түсінігін қабылдамаумен;
Е) оқытуды бастау үшін қажетті даму деңгейін талап етумен.
65. Адам құқықтарының Декларациясы қай жылы қабылданды?
А) 1948 ж.;
В) 1980 ж.;
С) 2001 ж.;
Д) 1900 ж.;
Е) 2005 ж..
66. Білім саласындағы дискриминациялаумен күресу жөніндегі Конвенция қай жылы қабылданды?
А) 1960 ж.;
В) 2000 ж.;
С) 1930 ж.;
Д) 1940 ж.;
Е) 2005 ж..
67. Бала құқықтарының Декларациясы қай жылы қабылданды?
А) 1959 ж.;
В) 1979 ж.;
С) 2001 ж.;
Д) 1945 ж.;
Е) 2010 ж..
68. Ақыл ойы кем тұлғалардың құқықтары туралы Декларация қай жылы қабылданды?
А) 1971 ж.;
В) 1940 ж.;
С) 1980 ж.;
Д) 1920 ж.;
Е) 2002 ж..
69. Мүгедектердің құқықтары туралы Декларация қай жылы қабылданды?
А) 1975 ж.;
В) 1990 ж.;
С) 1950 ж.;
Д) 2000 ж.;
Е) 2003 ж..
70. Денсаулығының мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың Одағы неге бағытталған.
А) мүгедектерді сегрегациялауға қарсы тұруға;
В) әділетсіздікпен күресуге;
С) мүгедектердің әлеуметтік қажеттіліктерін қорғауға;
Д) жекеменшік құқықтарын қорғауға;
Е) «көпшіліктің» идеяларына қарсы тұруға.
71. Бала құқықтары жайлы Конвенция қай жылы қабылданды?
А) 1989 ж.;
В) 1930 ж.;
С) 1970 ж.;
Д) 2001 ж.;
Е) 1950 ж..
72. Балаларды қорғау мен дамыту, өмір сүруін қамту туралы Бүкіләлемдік декларация қай жылы қабылданды?
А) 1990 ж.;
В) 1970 ж.;
С) 1955 ж.;
Д) 1967 ж.;
Е) 2003 ж..
73. Мүгедектердің тең мүмкіндіктерін қамтитын стандарттық ережелер нені қарастырады?
А) жалпы мектептік білім беру жүйесінде барлығының білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыруды;
В) жеңіл жұмыспен қамтылуды;
С) арнайы мекемеде білім алуды;
Д) арнайы бағдарламамен білім алуды;
Е) индивидуалды қабілеттерді дамытуды.
74. Білім алу баршаға атты Бүкіләлемдік декларация қай жылы қабылданды?
А) 1990 ж.;
В) 1963 ж.;
С) 1977 ж.;
Д) 1945 ж.;
Е) 1954 ж..
75. 1994 жылы педагогикаға енгізілген термин.
А) инклюзивті білім беру;
В) дарындылық;
С) әлеуметтену;
Д) идентификация;
Е) социометрия.
76. Саламанкада қабылданған декларация «инклюзивті білім берудің» мағыналылығын қалай белгіледі?
А) білім берудің дамуының басты бағыты;
В) физикалық дамытудың басты бағыты;
С) әлеуметтендірудегі маңызды бағыт;
Д) даму деңгейі сай келетін балаларды оқыту процесі;
Е) материалдық қолдау көрсету мақсатымен жүргізілетін іс-әрекет.
77. 2000 жылы қабылданған Дакар шеңберіндегі әрекеттердің мақсаты қандай?
А) барлығының базалық білім алу қабілеттерін қанағаттандыру;
В) білім алушылардың материалдық қиындықтарын қанағаттандыру;
С) кедей отбасынан шыққан білім алушыларды қажетті заттармен қамту;
Д) балаларды олардың мүмкіндіктері шеңберінде дамыту;
Е) балалардың бос уақытын пайдалы етіп ұйымдастыру.
78. Дакарлық әрекеттер құрылымы қандай кепілдік береді?
А) барлық балалардың тегін бастауыш білім алуына;
В) барлық балалардың тегін кәсіби орта білім алуына;
С) барлық балалардың тегін емделуіне;
Д) білім алушылардың өз тілінде оқуына;
Е) балалардың жалпыға білім беру бағдарламасын меңгеруіне.
79. Мейнстриминг стратегиясы қандай мүмкіндіктерді арттырады?
А) әлеуметтік байланыстарға түсу мүмкіндіктерін жоғарылатады;
В) жоғары деңгейлі білім алу мақсаттарына жетуді қамтиды;
С) білім алушының физикалық тұрғыдан дамуына әсер етеді;
Д) оқушының психологиялық тұрақтылығын қалыптастырады;
Е) білім алушының шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді.
80. Түрлі мүмкіндіктері бар балаларды мектептік өмірдің барлық бағыттарына қосу қалай аталады?
А) инклюзивті білім беру;
В) білім алу барлығы үшін;
С) мектептік бағдарламаны іске асыру;
Д) деңгейге сай оқыту;
Е) эксклюзивті білім беру.
81. Инклюзивті білім берудің негізгі идеясы.
А) білім беру жүйесіне қосылуға бала емес, жүйе дайын болуы тиіс;
В) арнайы мекемеде бала оқуға жағдайдың жасалуы;
С) білім алушылардың оқуда талаптарды орындауға дайын болуы;
Д) «ерекше» бала түсінігін қабылдамау;
Е) баланың оқу процесіне қосылмас бұрын талаптарға сай деңгейде болуын тексеру.
82. Идеологиялық бағытта шетелде инклюзивті білім беру неге негізделеді?
А) қалыптандыру концепциясына;
В) көпшіліктің идеяларына;
С) өзіндік даму концепциясына;
Д) философиялық идеяларға;
Е) тарихи мәліметтерге.
83. Инклюзивті білім беру мәселесінің негізін қалаушы батыстық психологиялық теориялар.
А) әлеуметтік үйрету теориялары;
В) интеллектуалды даму теориялары;
С) әрекет теориясы;
Д) өзін белсендендіру теориясы;
Е) өзін дамыту теориясы.
84. Отандық ғалымдардың позициясынан инклюзивті білім беру мәселесінің негізін қалаушы теория.
А) іс-әрекеттік бағыттылық теориясы;
В) интеллектуалды даму теориялары;
С) әрекет теориясы;
Д) өзін белсендендіру теориясы;
Е) өзін дамыту теориясы.
85. Ерекше балалардың интеграциясына әсер ететін сыртқы жағдайлар.
А) бұзылыстарды ерте анықтау, түзету, ата-аналардың көмек беруі, нәтижелі көмек;
В) дер кезіндегі медициналық көмек, ақылы көмек түрлерінің көлемі;
С) ата-аналарға, әкімшілікке, қосымша педагогтарға берілетін пайдалы кеңес, ағарту жұмыстары;
Д) маманның бұзылыстардың ерекшеліктерін ажырата алуы;
Е) түзету жұмысының уақыты, мөлшері.
86. Ерекше балалардың интеграциясына әсер ететін ішкі жағдайлар.
А) психофизикалық даму деңгейі, оқуға психологиялық дайындығы;
В) интеллектуалдық дамудың деңгейі;
С) әлеуметтенудің ерекшеліктері;
Д) баланың қарым-қатынасқа түсу іскерліктері мен қабілеттілігі;
Е) ақыл ойының даму ерекшеліктері.
87. Мүгедектікті «күнәлары үшін жаза» деп қарастыратын модель.
А) моральдық (діни);
В) медициналық;
С) дәстүрлі;
Д) «жаңа»;
Е) дәстүрдіден соңғы.
88. Медициналық модельге сай психофизикалық және интеллектуалдық дамуында бұзылыстары бар адамдар қандай деп саналады?
А) ауру;
В) жарамсыз;
С) іс-әрекетке уақытша жарамсыз;
Д) жетілмеген;
Е) ақыл ойы кем.
89. Мүгедектіктің әлеуметтік моделі қашан, қайда пайда болды?
А) 20 ғасырдың 70-ші жылдары, Скандинавияда;
В) 20 ғасырдың 40-шы жылдары, Францияда;
С) 20 ғасырдың 80-ші жылдары, Ресейде;
Д) 20 ғасырдың 20-шы жылдары, АҚШ;
Е) 20 ғасырдың 90-шы жылдары, Испанияда.
90. Мүгедектіктің әлеуметтік моделі қандай модельге альтернативті болып табылады?
А) медициналық;
В) моральдық (діни);
С) дәстүрлі;
Д) «жаңа»;
Е) дәстүрдіден соңғы.
91. Британдық мүгедектіктің материалисттік моделіне сәйкес мүмкіндігі шектеулі адамдар …
А) кемістілген әлеуметтік топ;
В) қамтылған әлеуметтік топ;
С) қоғам үшін жабық топ;
Д) ерекше талаптары бар топ;
Е) медициналық көмекті талап ететін топ.
92. «Мүгедектік» түсінігінің мағынасы.
А) жарамсыз;
В) ауру;
С) шаршаған;
Д) дамымаған;
Е) ешнәрсеге сай емес.
93. «Handicap» түсінігінің мағынасы.
А) «қалпақтағы қол»;
В) «қабылданбаған адам»;
С) «ауыстыруға келетін»;
Д) «ауру қол»;
Е) «қолға үйренген».
94. Мүгедектерді, құқықтары мен бостандықтары сыртқы кедергілер арқылы шектелетін топ, деп қарастыратын модель.
А) кіші топтар Концепциясы;
В) «Handicap» моделі;
С) медициналық модель;
Д) материалисттік модель;
Е) «тәуелсіз өмір» моделі.
95. Бұл модельге сәйкес кез келген адамға «таңба басылған».
А) психоәлеуметтік модель;
В) мәдени модель;
С) адамзат түрлілігі моделі;
Д) кіші топтар Концепциясы;
Е) материалисттік модель.
96. Мүгедектіктің мәдени моделінің негізінде не жатыр?
А) мүгедектердің өздерінің маңыздылығын түсінулері;
В) өздерінің жарамсыздығын түсінулері;
С) өздерінің кемістіктерін қабылдаулары мен түсінуі;
Д) өзіндік даму;
Е) мүгедектердің өздерінің келешегі жайлы ойлануы.
97. Адамзаттың түрлілігі моделінде басты назар неге аударылады?
А) теңдік түсінігіне;
В) мүгедектердің өмірлерінің қиындығына;
С) қарым-қатынастағы кедергілерге;
Д) әлеуметтенудегі ерекшеліктерге;
Е) медициналық көмек көрсету қажеттілігіне.
98. Бұл модельде «мүгедек» түсінігі жаңаша қарастырылған.
А) мүгедектіктің «жаңаша» парадигмасы;
В) мәдени модель;
С) адамзаттың түрлілігі моделі;
Д) кіші топтар Концепциясы;
Е) материалисттік модель.
99. Діни модель басты назарды неге аударады?
А) мүгедектердің моральдық тұрғыдан әлеуметтік бейімделуге қабілетсіздігі;
В) өзіндік дамуға жарамсыздыққа;
С) өзіндік жетілудегі шектеулерге;
Д) пайдалы болу мүмкіндігінің болмауына;
Е) іс-әрекеттегі аморальдыққа.
100. Экономикалық модель басты назарды неге аударады?
А) экономикалық еңбекке жарамсыздыққа;
В) өзіндік дамуға жарамсыздыққа;
С) өзіндік жетілудегі шектеулерге;
Д) іс-әрекеттегі нәтижесіздікке;
Е) қандай да болмасын кәсіпті меңгерудегі мүмкіндіктерге.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет