1. Инклюзивті (қосылған) білім беру қандай мүмкіндіктер береді?
А) барлық балаларға толық мөлшерде қоғамның өміріне қатысуға;
В) өз мүмкіндіктерін іске асыруға;
С) эмоциялардың көпқырлығын сезінуге;
Д) еңбектік іс-әрекетте жетістіктерге жетуге;
Е) оқу іс-әрекетінде жетістіктерге жетуге.
2. Инклюзивті (қосылған) білім беру қандай мүмкіндіктерге ие?
А) білім алушылардың тең құқылығын орнатуға және олардың ұжымның барлық іс-әрекеттеріне қатысуына бағытталған ресурстарға ие;
В) барлық оқушылардың қабілетерін дамыту мүмкіндігіне;
С) балалар мен ата-аналардың қарым-қатынастарына әсер ету мүмкіндігіне;
Д) балалардың физикалық дамуына әсер ететін ресурстарға;
Е) интеллекттің деңгейін арттыру мүмкіндіктеріне.
3. Инклюзивті (қосылған) білім беру неге бағытталған?
А) қарым-қатынасқа түсуге қажетті қабілеттерді барлық адамдарда дамытуға;
В) интеллектуалдық қабілеттерді дамытуға;
С) арнайы қабілеттерді қалыптастыруға;
Д) патриоттық сезімді тәрбиелеуге;
Е) өзіндік ой-пікірді қалыптастыруға.
4. «Адамның құндылығы оның қабілеттері мен жетістіктерімен анықталмайды» принципі қай бағытқа тиесіл?
А) инклюзивті білім беруге;
В) арнайы білім беруге;
С) философияға;
Д) әлеуметтануға;
Е) психологияға.
5. Принциптерде сипатталған инклюзивті білім берудің негізгі идеяларының бірін белгілеңіз.
А) әрбір адам сезуге, ойлауға қабілетті, қарым-қатынасқа түсуге, нақты өзара байланыстарда білім алуға құқылы;
В) тек материалдық қолдау ғана дамуға негіз бола алады;
С) түрлілік дамуға кедергі болады;
Д) біріктіріп оқытуды тек кіші топтарда ғана іске асыруға болады;
Е) барлық оқушылар жасаған іс-әрекеттерінде прогреске жете алады.
6. Инклюзивті білім беру – бұл …
А) жалпыға білім беру мекеме жағдайында іске асырылатын білім беру қызметтерінің жүйесі;
В) арнайы мекемелерде білім беру жүйесі;
С) ерекше балаларды үйде оқыту;
Д) оқу бағдарламасын меңгере алатындарға арналған білім беру қызметтерінің жүйесі;
Е) балаларды жеңілдетілген бағдарлама бойынша оқыту.
1.Практикалық тапсырма Тапсырма: Инклюзивті білім беретін мектептердегі ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған түзету-дамыту ойындары мен жаттығуларын жинақтап презентация жасау.