1 қыркүйек – «Білім күні мерекесіне»



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі453,63 Kb.
#6426

 

 

 



 

 

1 қыркүйек – «Білім күні мерекесіне» орай Абай атындағы Қазақ Ұлттық 

педагогикалық  университетінде  мерекелік  шара  болып  өтті.  Шара  барысында 

университетіміздің  ректоры,  академик  Серік  Жайлауұлы  Пірәлиев  бірінші 

курс  студенттерін  және  барлық  профессор-оқытушылар  құрамы  мен 

қызметкерлерді жаңа  оқу  жылымен құттықтап,  «Білім  кілті»  мен  «Студенттік 

билетін»  табыс  етті.  Мерекелік  іс-шара  Қазақ  эстрадасының  жұлдыздары 

Құдайберген  Бекіш,  Индира  Расылхан  және  жас  талантты  әнші  Төреғали 

Төрәлінің  және  өнерпаз  студенттерінің  қатысуымен  салтанатты  мерекелік  

концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. 

 

 

 



 

 


 

 

 



 

2015  жылдың  16  қыркүйегі  мен  10  қазаны  күндері  аралығында 

Университет  студент  жастарының  шығармашлық  қабілетерін  дамыту, 

орындаушылық  шеберліктерін  шыңдау,  білім  ордасында  мәдени  іс-шараларды 

сапалы ұйымдастырылуын қамтамасыз ету мақсатында талантты студент-жастар 

арасында 

кастинг 


жүргізілді. 

Кастингке 

университетіміздің 

барлық 


институттарынан  110  студент  қатысып,  олардың  арасынан  ән  бойынша  келіп 

қатысқан  –  39  студент,  би  бойынша  -  24  студент,  жүргізушілік  бойынша  -  13 

студент,  поэзия  оқу  жанры  бойынша  -  10  студент,  жеке  шығармашылық  өлең 

жазу  бағыты  бойынша  -  3    студент,  аспаптарда  орындаушылық  бойынша  -  16 

студент (оның ішінде домбыра шерту бойынша - 8 студент, гитарада ойнайтын – 

2, фортепианода – 3, прима қобызда ойнайтын – 2 студент) келіп қатысты. 

 

 


 

  

 



Отбасы  күнi  аясында  Тәрбие  басқармасының  ұйымдастыруымен  шаралар 

кешені  ұйымдастырылды.  Атап  айтқанда,  2015  жылдың  17  қыркүйегі  күні 

Филология  институтында    «Отбасы  құндылықтарын  сақтаудағы  әйелдің  рөлі», 

2015  жылдың  19  қыркүйегі  күні  «Отбасы  татулығы  – дағдарыстан  шығар 

жолдың  бастауы»  атты  Медеу  аудандық  көпбалалы  аналар  одағының  мүшесі 

батыр ана Несіпхан Байсапарқызымен кездесу өткізілді. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

2015  жылдың  19  қыркүйегі  күні  «Спартак»  спорт  кешенінде  Алматы 

қаласы  күніне  орай  Тәрбие  басқармасы  және  Сауықтыру  дене  мәдениеті 

кафедрасының  бірлесе  ұйымдастыруымен  «Мәртебең  арта  берсін  әсем  қала!» 

атты  ректор  кубогына  арналған  эстафета  өтті.  Эстафетаға  8  команда  қатысып, 

сайыста  күш  сынасты.  Университетіміздің  Тәрбие  ісі  жөніндегі  проректоры 

Ж.Е.Ішпекбаев мырза сайысты ашып, командаларға  ойындарына сәттілік тілеп, 

Эстафетаның  қортындысы  бойынша  бас  жүлдеге  Филология  институты  ие 

болды, І орынға Жаратылыстану және география институты, ІІ орынға Көптілді 

білім  беру  институты,  ІІІ  орынға  Педагогика  және  психология  институты  мен 

Тарих және құқық институты ие болды. Жеңіске жеткен командалар Студенттік 

кәсіподақ  ұйымы  тарапынан  мақтау  қағаздары  және  бағалы  сыйлықтармен 

марапатталды. 

 

 

 



 

 

2015 жылдың 17-22 қыркүйек Қазақстан Республикасы Ассамблеясының 

20  жылдығы  аясында  ҚР  халқының  Тілдері  мерекесіне  орай  барлық 

институттарда 



«Тілге 

құрмет–елге 

құрмет» 

атты 


тіл 

апталығы 

ұйымдастырылды. 

Апталық 


аясында 

университетіміздің 

барлық 

институттарында  шаралар кешені өткізілді.  



 

 

 

2015  жылдың  22  қыркүйегі  күні  Көптілді  білім  беру  институты  Тәрбие 

басқармасымен бірлесе «Тіл тірегім – соғып тұрған жүрегім» атты әдеби кеш 

ұйымдастырды.  

2015  жылдың  22  қыркүйегі  күні  Тәрбие  басқармасы  Филология 

институтынмен  бірлесе  «Мемлекеттік  тілді  дамыту  бағыттары  мен 



филологиялық білім беру парадигмаларының сабақтастығы»  тақырыбында 

дөңгелек  үстел  өткізді.  Дөңгелек  үстел  жұмысын  институт  директоры,  ф.ғ.д., 

профессор Балтабай Әбдіғазиұлы  алғы сөзімен ашып, барлық қатысушыларды 

мерекелерімен  құттықтады,    ұлтаралық  келісім  мен  бірліктің  маңыздылығы 

туралы мазмұнды баяндама жасады.  

 

 



 

 

 



Тілі  апталығы  2015  жылдың  23  қыркүйегі  күні  «Тіл  халықтар 

достығының  алтын  діңгегі»  атты  танымдық  акциямен  қорытындыланды. 

Аталған  акцияға  елімізді  мекендеген  түрлі  ұлт  өкілдерінің  салт-дәстүрлері  мен 

мәдениетін  дәріптеліп,  өнер  сайысы  ұйымдастырылды.  Сайыс    қорытындысы 

бойынша  Филология  институты  І  орынға,  Жаратылыстану  және  география 

институты  ІІ  орынға,  Өнер,  мәдениет  және  спорт  институты  ІІІ  орынға  ие 

болды.  Жеңімпаздар  бағалы  сыйлықтар    және    мақтау  қағаздарымен 

марапатталды.  Шара    университеттің  өнерпаз  студенттерінің  концерттік 

бағдарламасына ұласты.  



 

 

 



 

 

 

2015 жылдың  27 қырүйегі күні Тәрбие басқармасы және Сауықтыру дене 

мәдениеті  кафедрасының    бірлесіп  ұйымдастыруымен  28  гвардияшыл-

панфиловшылар  саябағында  Алматы  қаласының  Альянс  студенттерінің 

бастамасымен  «Бірінші  курстар  декадасы»  атты  эстафета  өткізілді.  Жастарға 

салауатты өмір салтын насихаттап, студенттерді спортпен шұғылдануға шақыру 

мақсатында университеттің студенттері арасында ұйымдастырылды. 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет