1-қыркүйек-Білім күніне арналған салтанатты жиынның
б а ғ д а р л а м а с ы
ӘН: 1 қыркүйек 5 а сынып қыздары
1-Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен ата-аналар! 2-Жүргізуші: Армысыздар қадірменді ағайын, мектеп оқушылары мен балауса балдырғандар! 1-Жүргізуші: Мектебіміз сәніменен жалғасты,
Мектебімді әуелеген ән басты.
Құтты болсын, оқушылар, ұстаздар,
Жадыраған білім күні алғашқы.
2-Жүргізуші:Бүгін қандай шаттық толы күн еді,
Бүкіл әлем ерекше бір түледі.
Балдырған жетелеген ата-ана
Қуаныштан жарылардай жүрегі,
деп балаларын алғаш мектепке жетектеп келіп отырған ата-аналарға қадамдарыңызға гүл бітсін, армандарыңызға нұр бітсін демекпіз.
1-Жүргізуші: 2018-2019 оқу жылы біздің мектебіз үшін айтулы жыл.Мектебімізге шерек ғасыр- 25 жыл толып отыр
2-Жүргізуші: 2018 жылдан-2022 жылдар аралығында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы іске асырылып және елдің флагмандық салаларын технологиялық жаңғыртуға қосымша серпін беріп, еңбек өнімділігінің ауқымды және ұзақ мерзімді өсуіне жағдай жасалады.
1-Жүргізуші: Негізі былтыр қаланған осынау жобаны Мемлекет басшысы кешегі халыққа арнаған Жолдауында ерекше атап өткен болатын. Елбасы өзінің сөзінде: «Ақпараттық технологиялардың қарыштап дамып бара жатқан мына заманында IT саласын дамытпасақ, дамыған 30 елдің қатарынан көріну бізге жай арман боп қалары анық. Өйткені, өркениетті елдердің барлығы осы сандық жүйеге көшіп, өнеркәсібінің дамуын және халқының әл-ауқатын жылдан-жылға жақсартып келеді»-деген .
2-Жүргізуші: Міне соған дәлел, салтанатты мерекемен тұспа-тұс бүгін мектебімізде НұрОтан партиясының қолдауымен ІТ кабинеті ашылуда. Бұл біз үшін, біздің оқушыларымыз үшін үлкен қуаныш.
1-Жүргізуші: Құрметті оқушылар, аяулы ұстаздар, ата-аналар, қадірменді қонақтар! 1қыркүйек- білім күніне арналған салтанатты жиынды ашық деп жариялаймыз.
2-Жүргізуші: Мереке зор қуаныш –Білім күні,
Сыңғырла қоңыраудың алғашқы үні.
Қош келдің, құтты болсын қадамдарың,
Балдырған, балғын жандар-өмір гүлі -деп мектеп табалдырығын алғаш рет аттағалы отырған Мәңгілік Еліміздің жас бүлдіршіндерін сынып жетекшілерімен ортаға шақырамыз.
(Фан-фар)
1-Жүргізуші:1а сынып, сынып жетекшісі Абилова Ләззат Мақсотқызы
2-Жүргізуші:1ә сынып, сынып жетекшісі Хабиева Гүлшат Камалқызы
1-Жүргізуші : Мектеп шәкірттері түзеліңдер!Салтанаттық жиынға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы енгізілсін! (Музыка жіберіледі) (Ту кіргізіледі, балалар тұрғаннан кейін Әнұран орындалады)
2-Жүргізуші: Бүгінгі салтанатты жиынымыздың қонақтары:
және ауыл ардагерлері мен ардагер ұстаздар.
1-Жүргізуші: Елбасымыз «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» атты тарихи, бағдарламалық мақала аясында «Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс.» -деп айтқанай бүгінгі таңда ел игілігі үшін еңбек етіп, оған қамқорлық жасап,әрдайым мектеп оқушыларына қол ұшын беріп, жақсылық жасау арқылы үлкен парасаттылық, тәрбиелік, имандылық көрсетіп жүрген ауылдың аға , апаларымызға алғысымыз шексіз.
2-Жүргізуші: Олар Масалиева Манар, Кайбалиева Қалампыр, Дүйсенғалиева Маржан, Сарсенғалиева Альбина, Хасиетова Арайлым және Жалпақтал ауылдық округінің мекеме ұжымдары.
1-Жүргізуші: «Туған жерге туыңды тік» деп айтқандай осындай ауыл азаматтарының үлгілі істері арқылы өскелен ұрпағымыздың кіндік қаны тамған жеріңе, өскен ауылына, өңіріне, яғни туған жеріне деген сүйіспеншіліктері арта беретіні анық.
2-Жүргізуші: Алғашқы құттықтау сөз мектеп директоры Утегулова Салтанат Кәрімқызына беріледі.
Би: 1 сынып оқушылары
1-Жүргізуші:Келесі сөз кезегі беріледі.
2-Жүргізуші: Ендігі сөз кезегі аудан әкімінің
Ән: 7 А сынып қыздары
1-Жүргізуші: Ұрпақсыз мына өмірде кім түледі,
Жақсы ұрпақ –Еліміздің шын тілегі.
Ортаға шығып, қанекей, тілек айтсын,
Биылғы бірінші сынып бөбектері.
( 1сыныптардың әдеби-монтажы)
2-ргізуші: Нұр шуаққа шомылған
Дала әсем түзеді.
Күмбір соққан қоңырау,
Үні қандай ізгі еді.
Қоңыраудың сырлы үні,
Жүрегімнің соғысы.
Қоңыраудың сыңғыры,
Тағдырлардың тоғысы,-деп Білім күніне арналған алғашқы сабақтың хабаршысы Қоңырау соғу құрметі бірінші сынып оқушылары
Қоңырау соғылып жатқанда
1-Жүргізуші:Ең алғашқы қоңырау,
Қалар мәңгі есіңде.
Есейгенде өмірің,
Елеңдейсің осы үнге.
Ұстаздарға жолығып,
Сусындайсын бұлақтан.
Қоңыраудың сол үні,
Қалар мәңгі құлақта.
2-Жүргізуші: Мектеп тік тұр! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы шығарылысын! (Музыка жіберіледі)
Мектеп еркін тұр.
1-Жүргізіші:Елбасымыздың Мәңгілік Ел болу межесіне жетудегі жолға қойылған 100 нақты қадамымен білім әлеміне бірге аттанайық, жас ұрпақ! Мәңгілік елдің тізгінін ұстайтын білімпаз ұрпақ! Болашаққа бастар жолымыз нұрлы да, жарқын болсын ағайын!!!
2-Жүргізіші: Келесі кездескенше күн нұрлы болсын!
1-Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, қонақтар, ұстаздарІІІ қабатта ІТ кабинетінің ашылу салтанатына және Білім күніне арналған «Мен –өз елемнің патриотымын » атты алғашқы сабаққа шақырамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |