Тыңдалды: Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп директоры М.Уразов сөйледі .Алдымен ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтай отырып, оқушыларға құтты қадам, ақ жол тіледі
Қашықтықтан білім беруге көшу –коронавирустық инфекцияның таралуын азайтуға бағытталған шаралар аясында жүзеге асып жатқанын түсіндірді.Өйткені оқу процесі тоқталмауы керек. Бұл қалай болмақ: Теледидиар арқылы өткізу. «Балапан» ,«Ел арна » телеарналары бізге өздерінің эфирлік уақытын ұсынады. Арнайы мамандандырылған интернет платформалары арқылы өткізілетін сабақтар.Яғни оқушыларға сабақты талқылауға , онлайн сабақ өткізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар қашықтықтан оқуда ата-ананың міндеті мен оқушының жұмыс орнын дайындауда нені ескеру керектігін атап өтті.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша мектеп медбикесі Ғаниева Сапаргүл апай сөйледі.Ол сөзінде оқушылар мен ата-аналардың карантин кезіндегі сақтық шаралары туралы айтты.Үйде болу,басқа жаққа бармау,үш адамнан артық топталмау,туыстарға бармау,үйде санитарлық жағдайларды ұстану,терезені ашу,үйді хлорлау,балаларды көшеге жібермеу,қолды сабындап жуу.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша бастауыш сынып оқу ісінің орынбасары Қалиев Асылбек сөйледі.ҚР БҒМ№125 бұйрығына сәйкес өлшенетін өлшемдерді балмен пайдалануды сақтайды.Сонымен қатар қалыптастырушы бағалау енді күн сайын ұпаймен белгіленетінін айтты.Бір рет бөлім бойынша жиынтық бағалау өтеді.Тоқсандық бағалау енді -50% тоқсандық жиынтық бағалау, 25%бөлім бойынша жиынтық бағалау, 25% дәстүрлі бағалау арқылы қойылатынын айтып өтті.
Ата-аналар жиналысы төмендегідей қаулы қабылдады:
Ата-аналар айтқан ұсыныстарға келісті. Қарсылық білдірген ата-ана болған жоқ.