Тәрбие сағаты: «Тәуелсіздік тұғырым»
-Құрметті ұстаздар, оқушылар, бүгінгі кештің қонақтары!
Сіздерді еліміздің ең үлкен мерекесі Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып, бүгінгі тәуелсіздіктің 31 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – тұғырым» атты тәрбие сағатымызды сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.
Нұржігіт:
Әнұраным- жан ұраным,
Айтар әнім- сөйлер сөзім.
Туған жерім сағынарым,
Алаңында ескерткіш орнатты.
Мәңгі бақи шырқалады,
Республика әнұраным.
(Әнұран орындалады)
1991 жылы біздің еліміз өз алдына егемендік алып, тұңғыш президентімізді сайлап, тәуелсіз егеменді ел болдық. Тарих беттерін парақтасақ, қазақ халқы өзінің «Тәуелсіз ел» атануы үшін ұзақ, талай қанды қырғынды, зорлық-зомбылықтарды көрді, қасірет шекті.
1986-шы жылы желтоқсан оқиғасы болды. Д. Қонаевтың зейнетке шығуына байланысты Республика компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы міндетінен босатылды. Оның орнына Ресейден келген Г. В. Колбин сайланды. Көңілі толмаған халықтың жүрегінде наразылық ұшқыны лаулай түсті. Алаңға шығып өз ойларын айтуға тырысқан қазақтың өрімдей қарусыз жастарына мұздай құрсанған солдаттар мен милиция қызметкерлері қарсы қойылды. Қыз-жігіттерді аяусыз таяққа жықты, түрмеге қамады. Қайрат Рұсқылбеков, Ербол Спатаев, Лаззат Асанова Сабира Мұхаметжанова сынды жаңа ғана бүршік атып келе жатқан талшыбықтай жастарымыздың өмірін көктей үзді. Арада бес жыл өткенде қыршын өлген жастарға
1-оқушы: Нұрасыл
Желтоқсан басталуы – ғасырлар қойнауынан жалғасып келе жатқан ұлы тарихтың бір елесі. 16 желтоқсан! Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын, әрі қаралы, қасіретті күн еді.
Тәуелсіздік – баға жетпес бағымыз,
Қымбаттан да, ең қымбатты барымыз.
Тәуелсіздік – білектегі әліміз,
Тәуелсіздік – жүректегі әніміз.
Үлгі бізге аталардың ерлігі,
Ұлағат, өнегесі, еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі.
2-оқушы. Каусар О
Тәуелсіздік 11 әріптен құралған,
Сан ғасырлар қазақтарға боп арман.
Талай дара, даналардың көз жасы,
Қанымен атты таң боп, бізге алдан.
Тәуелсіздік – болашақтың бағдары,
Тәуелсіздік – асулардың асқары.
Тәуелсіздік – адамдықтың белгісі,
Тәуелсіздік – үлкен істің бастауы.
3-оқушы: Мадияр
Тәуелсіздік! Атқан таңым, арайлым,
Сағындырған талай жылдар талайын.
Қарашығы Отан менің көзімнің
Сондықтан біз қастерлейік, ағайын!....
4-оқушы: Ақмаржан
Тарихым жатыр тасымда,
Тіл қатып келер ғасырға.
Азаттық дейтін ұғымның,
Желтоқсан тұр басында.
5-оқушы: Айсұлтан
Желтоқсанның қанды суық ызғары,
Қалың әскер қазағымды қорлады.
Тәуелсіздікті қолдаған жастардың
Отан үшін табандары тозбады.
6-оқушы:Ахмет
Тәуелсіздік тұғырына жету үшін,
Желтоқсанның жастары салды бар күшін,
Қанын төгіп, жанын қиды аямай,
Жанын қиды елі менен жері үшін.
7-оқушы: Ильяс
Жаңа ғана қазағымның таңы атты
Алу мақсат ел деп алғыс, сауапты.
Әр отбасы, әрбір қазақ, әр адам
Тәуелсіздік сақтау үшін жауапты.
Біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымыз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық.
«Жаса Қазақстан» әні орындалады.
8-оқушы Нұрайша:
Жүректе намыс оты сөнбейді
Кезінде ызғарына аяздың төзгендей-ақ
Түсінеміз,ұғамыз
Бұл күннің оңайлықпен келмегенін.
Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын!
9-оқушы: Айлин
Тәуелсіз мемлекет, егеменді ел болудың қыруар қиындығы, ерекше жауапкершілігі мен қатар басты-басты белгілері бар екені мәлім. Солардың арасында елдің елдігін танытып тұратын айрықша белгілер – рәміздер.
Олар: Ту, Елтаңба, Әнұран.
10-оқушы: Айша
Рәміздерім – елдігімнің белгісі,
Білу керек баладағы ең кіші.
Қасиетін асқақтатар Отанның
Рәміздерін ардақтайтын бар кісі.
Әбілмансұр:
Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздік символы. «Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді қастерлеу.
11-оқушы. Ғани
«Қазақстан Жалауы»
Көк аспандай көкпеңбек,
Қазақстан Жалауы.
Көк емес ол тектен тек.
Елдің ашық қабағы.
Ақ ниеті алтын күн,
Асқақ арман қыраны.
Жалауы бұл халқымның,
Мәртебесі, Ту ары.
12-оқушы:Еркеназ
«Елтаңба»
Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай астында қазақ үй
Қалықтаған жас сұңқар,
Шарықтаған таза күй.
Бұл таңбасы елімнің,
Елдігімнің белгісі.
Бейнелеп сан ғасырды,
Елтаңбасы елімнің.
13-оқушы: Раяна
«Әнұран»
Әйгілісің әуеніңмен әлемге,
Әнұраным, пәктігіңді дәлелде.
Қазағыма қайсар шабыт бергендей,
Ұран болып айтыла бер әр елде
14-оқушы: Айман
Кұтты болсын тәуелсіздік мерекеміз!
Мықты болсын еліміздің керегесі.
Жүректе намыс оты лапылдаған,
Күш-жігері жастардың сарқылмаған.
Әлі де шығар алаңға Отан үшін
Қарсы аққан өзеннен өтетіндер.
13-оқушы Санжар
Бабамның да арманы,
Осы еді ғой аңсаған,
Тәуелсіздік таңдары
Бақ береді баршаға
Көк туымды қолыма
Бүгін берік ұстадым
Түсті бақыт жолыма
Менің Қазақстаным!
Достарыңызбен бөлісу: |