1. Жаһандық перспективадағы білім беру



бет9/27
Дата29.09.2023
өлшемі169,34 Kb.
#111883
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27
Бұқаралық коммуникация–ақпарды (хабарды), білімдерді, рухани байлықтарды, моральдық және құқықтық (праволық) нормаларды және тағыда сол сияқты техникалық құралдардың (баспасөздің, радионың, киноматографияның, теледидардың) көмегімен саны көп, бытыраңқы аудиторияға тарату үрдісі.[1]. Капиталистік қоғамда бұқаралық коммуникацияның негізгі міндеті адамдарды сол қоғамда орныққан әлеуметтік қатынастарға сай тәрбиелеу.
Бұқаралық коммуникация құралдары мұнда ең алдымен буржуазиялық ой-пікірдің стандартын мойындатуға, адамның сыншылдық қабілетін жоюға бағытталған насихат құралы, бір үлгіге келтірілген стандарты әрекеттер, мінез-құлық пен талғам жиынтықтарына көндіру құралы болып табылған.
Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) - арнайы техникалық құралдардың көмегімен, кез келген тұлғаларға әртүрлі мәліметтерді ашық жариялауға арналған әлеуметтік мекемелер. Сарапшылар олардың мынадай ерекше белгілерін атап көрсетеді: жариялылық, яғни тұтынушылардың шексіздігі; арнайы техникалық құралдардың, аппаратуралардың болуы; ақпарат таратушының (коммутатор) қабылдаушыға біржақты ықпалы; тұтынушы аудиторияның тұрақсыз әркелкілігі.
  • БАҚ-тың атқаратын қызметі әртүрлі, сарапшылардың пікірінше, олардың аса маңыздыларына мыналар жатады: ақпараттық, білімдік, әлеуметтендірушілік, мүдделерді тоғыстырушы, саясат субъектілерінің ықпалдасуы, жұмылдыру және т.б.


  • БАҚ-тың ақпараттық қызметі азаматтарға, билік органдарына, қоғамдық институттарға аса маңызды жалпы оқиғалар, құбылыстарпроцесстер жайлы мағлұматтарды таратудан тұрады. Бұл қызметсіз кез келген қоғамның толыққанды өмір сүруі мүмкін емес.


  • БАҚ-тың білімдік қызметі азаматтарға әртүрлі ғылым саласынан - қоғамдық-гуманитарлықтан жаратылыстану ғылымдарына дейінгі танымдық хабарларды дайындап, таратуынан көрінеді. Əрине, ол толыққанды, жүйелі, арнайы оқу орындарында берілетін ғылымды қамтамасыз ете алмайды. Дегенмен де, қазіргі қоғамда адам өз өмірінің әр кезеңінде білімнің басым көпшілігін осы БАҚ арқылы алады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет