Ле Бон өзінің «Масса психологиясы» атты кітабында адам қаптай кіргенде, ол адам ретінде жоғалып кетіп, басқа қасиеттермен жаңадан туылған массаның бір бөлігіне айналады деп айтқан. Қаптай адамдар жасына, әлеуметтік мәртебесіне және діни көзқарасына қарамастан барлық адамдарға бірдей әсер етеді.
Бұқаралық сананың психологиясы төмендегілерге әсер етеді:
1. Әрбір адам бүкіл халықтың күш-қуатын сезінеді және болжанбайтын іс-әрекеттер жасай отырып, өзін күштеп қарайды.
2. Қаптайдағы іс-қимылдар халықтың өз мүдделерін қаптай мүддесі үшін құрбан етуге мәжбүр етеді.
3. Адамдар табиғаттан ерекшеленетін ерекше қасиеттерге ие. Санитарлық тұлға толығымен жоғалады, айырмашылығы мен мүмкіндіктері жоқ, барлық көңіл-күйлер қаптайдағы принципал көрсететін бағытқа бағытталған.
Фрейд пайымдауынша, адам қаптай басталатын кезде, ол өркениеттің баспалдақтарына түседі.
6.
Масс медиа және бұқаралық коммуникация саласының қолданыс аясы күн өткен сайын қанатын кеңге жайып келеді. Сондықтан да осы саладағы орныққан тіркестер мен күнделікті қолданыстағы терминдер әрі кезеңге сай ана тілімізге өзге тілдерден еніп, тұрақтап жатқан сөздер де белгілі лексографиялық және лингвистикалық заңдылықтарға бағынады. Себебі, қазіргі таңда кез келген салада БАҚ-тың араласпайтын не қолданылмайтын саласы жоқ. Осыған орай, бүгінгі ақпарат ғасырында ауызекі және тілдік қолданыс аясын түрлі лексикалық топтар мен терминологиялық бірліктер нәтижесінде еселей толықтырып отырғанда, сан миллиардтаған аудиториямен қарым-қатынастағы масс медиа және коммуникация тілінің маңызын арта түсуі де заңдылық болып табылады.
Масс медиа және коммуникация қызметі – әлем халықтарының күнделікті бір-бірімен тілдесулері және өзара түсінісулеріне негіз қалай отырып, қазақ елінің саяси-экономикалық, әлеуметтік мәдени және өзге де салалардағы тамаша табыстары мен жетістіктерін миллиондаған аудиторияға паш етуде. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев алға қойған үш тілді меңгеру, яғни қазақ тілін – мемлекеттік тіл, орыс тілін – ұлтаралық қарым-қатынас тілі, ағылшын тілін қазіргі заманғы «lingua franca» – халықаралық қарым-қатынас тілі ретінде күнделікті қолданысқа енгізу бағытындағы тілдің үштұғырлығы қағидатын орнықтыру міндеті – Қазақстанның әлемдік аренадағы саяси және экономикалық бағыттағы үдерістерге еркін кірігуіне де негіз қалауда. Әрі әлемдік аренадағы көшбасшы елдердің тәжірибелері мен жүріп өткен жолдарын саралай отырып, тың идеяларға негіз қалау да мемлекетіміздің серпінді дамуына жетелейтіні анық аксиома. Сондықтан да заман талабы мен уақыт сұранысына орай үш тілді анықтамалық сөздіктер шығару да қазіргі кезеңнің талап-тілегі екені ақиқат. Жаңа медиа XX ғасырдың соңында фильм, сурет, музыка, ауызекі және жазбаша сөз тәрізді дәстүрлі медианы қамтитын компьютер мен коммуникациялық технологиялардың, компьютермен лайықталған құрылғылар мен Интернеттің интерактивті қызметтерін танытатын медиа ғылымда пайда болған термин. Бұл ұғымның ауқымы өте кең. Мысалы, жаңа медиа медиа контентке жатататын барлық мәліметтерге кез келген уақытта, әртүрлі компьютерлі құрылғылардың көмегімен қол жеткізіп, пікірлесуге, жаңа мәлімет енгізуге және бірнеше адамның бірігіп, ақпарат түзуіне мүмкіндік беруді де сипаттайды. Жаңа медианың келесі бір қыры медиа контентті жариялау, тарату, тұтыну және әзірлеудегі еркіндіктің берілуімен құнды. Жаңа медианың дәстүрлі медиадан айырмашылығы контенттің сандық форматта бит өлшемдеріне дейін ұсақталуында жатыр. Сонымен қатар жаңа медиада контент онлайн режимде де қарқынды түрде әзірленуімен ерекшеленеді.