1. Жаһандық перспективадағы білім беру



бет1/27
Дата27.02.2023
өлшемі60,69 Kb.
#70089
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

1. Жаһандық перспективадағы білім беру
ХХІ ғасыр-жаһандық жаналықтар ғасыры ғана емес, білімнің дәуірлеу ғасыры да, өйткені, ол қазіргі кезде мемлекеттің тұрақты дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, сондай-ақ әлемдік нарықтағы, әлемдік қоғамдастықтағы орнын айқындап, халықтың өмір сүру сапасымен деңгейін көтеруде айрықша маңызды рөл атқарады. Қазіргі таңда Егеменді еліміз оқу-ағарту ісіне, білім беру мен білім сапасын көтеру жұмыстарына, мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсартуға ерекше мән беруде. Білім берудің жаңа моделі жасалынды, білім жүйесінде жаңа бағыттар қаплыптаса бастады. Мемлекеттік стандарттар жаңартылып, оқу бағдарламалары жетілдіріліп, жаңа типтегі оқу орындары ашыла бастады. Сонымен қатар, білім сапасына қатаң талаптар қойылып, оқу үрдісін ұйымдастырудың жаңa формалары мен әдістері, оқытудың жаңа технологиялары кең көлемде практикалық қолданысқа ие болды. Жаһандық перспективалар және жобалық жұмыс-Назарбаев зияткерлік мектептерінде жүргізілетін жаңа пән. Бұл пән кіріктірілген оқу бағдарламасына 2012 жылы енгізілді. Негізгі мақсаты-білім алушылардың сыни және терең ойлай білу дағдыларын дамыту және олардың ой-өрістерін кеңейту. Жаһандық перспективалар пәні дамытатын дағдылар бірнеше оқу элементтеріне бөлінеді. Оқу элементтері де суб-элементтерге бөлінеді. Аталған суб-элементтер пәннің негізгі оқу мақсаттарын құрайды. Бұл оқу мақсаттары келесідей:
• Сыни ойлау-қорытындыны, аргументті, ойлау жолын және пікірді анализден өткізу.
• Зерттеу-қорытындыны, аргументті, ойлау жолын және пікірді дәлелдейтін ақпаратты анализден өткізу.
• Рефлексия-зерттеудің адамның көзқарасына әсерін анықтау.
• Коммуникация-перспективаны, ақпаратты және зерттеуді тиімді және сенімді түрде жеткізу.
Жаһандану білім беру саласының мақсаты-бірегей әлемдік білім беру деңгейін құру. Қазіргі заман талабына сай бәсекеге қабілетті маман дайындау. Жаһандану жан-жақты даму үстінде, адам қызметінің әлеуметтік және жеке өмірдің барлық салаларына, сонымен бірге білімге де әсер етеді. Әлемдік білім беру кеңістігін әр түрлі елдердің білім беруінің ұлттық жүйелерінің жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Кейбір авторлар мұндай жаһандық білім беру кеңістігінің бірігуіне ұмтылу үшін өте маңызды екі алғышарт бар екенін атап көрсетті:
• Бірегей экономикалық кеңістікті құрудың салдары болып табылады, яғни көптеген дамыған елдерді өзіне қосып алып жатқан экономикалық жаһандану болып табылады.
• Ғаламшар болашағына қауіп төндіретін жаһандық мәселелердің бар екенін әр адам өз түйсігімен ұғынуы маңызды.
Ғалым В.Лысенконың пайымдауынша жаһандық білім беру адамға әлемге кіруге, заманға сай өмірге кіруге, әлеуметтік-экономикалық және басқада деңгейлеріндегі өзара байланыс жүйесіне үйлесімді енуге көмектесетін маңызды негіздердің бірі болып табылады, оның міндеті әлемді тану мүмкіндігін кеңейту, өз елінің басқа елдермен өзара әрекеттестік механизмдерінің, оның әлемдік қоғамдастағы алатын орнын түсінуге және әлемге басқа халықтар көзімен қарауды үйренуге ықпал ету болып табылады. Әлемдік педагогикада жаһандық білім берудегі тұжырымның негізін қалаушы философ Р.Хенвидің еңбектерін салыстырмалы түрде атап кетуге болады. Ол жаһандану үдерісіндегі білм беру астарларын қарастыра отырып төмендегідей бес ұстаным ұсынды.
• Дүниенің біркелкі еместігін қалдылдау
• Ғаламшардың жай күйін мойындау
• Басқа халықтардың мәдениетін түсіну
• Жаһандық динамиканы білу
• Адамның саналы таңдауы
Негізгі бағыттарына институционалдық аспектіні әртүрлі халықаралық құрылымдарды құруды жатқызуға болды: білім беру ұйымдары. Мысалы, ЮНЕСКО әлемдік білім беруді қалыптастыру процесін реттеу мен барлық елдер үшін халықаралық-құқықтық актілерді әзірлеуді жүзеге асырады. Білім беру саласындағы интеграциялық процестердің дамуына ықпал етеді. Білім берудің жаһандануының жарқын мысалы Болон процесі, оның мақсаты бірыңғай еуропалық білім беру жүйесін құру мақсатында Еуропа жоғары білім кеңістігін жақындастыру мен үйлестіру болды. Қазіргі уақытта Болон процесі әлемнің 46 елін біріктіреді. Ең маңызды элементтердің бірі жаһанданудың білім беруде қоғамның ақпараттандырылуы болды, ол ақпаратты технологиялар мен компьютердің қарқынды дамуымен сипатталады. Заманауи ақпараттық технология бойынша білім беру процесі сапалы түрде жаңа формада қабылдана бастады. Жаһандану процесі перспективалары ауқымды, кең режимде ақпарат алуға мүмкіндігі бар болды. Барлық білім алушылар үшін Online кез келген ақпарат, конференцияларға қашықтықтан қатысу, вебинарлар, әлемдік кітапханалардың кітаптарын, үздік материалдарды пайдалану ғылыми мақалаларды оқып пайдалануға мүмкіндік ашылды.
2.
Білім беру – бір ұрпақтан екінші ұрпаққа əлеуметтік тəжірибені жəне білімді берудің күрделі процесі. Атап айтқанда, білім - бұл жүйелік білімді беру жəне ол өркениетті қоғамда орын алған көп түрлі компоненттер мен элементтердің болуын талап етеді. Білім беру – міндетті екі субъектісі – мұғалім жəне білім алушы, яғни оқытушы жəне оқушы бар, ұйымдастырылған процесс. Осы субъектілер болмаса білім беру процесі болмайды. Білім беру процесі əлеуметтік тəжірибе немесе өткен ұрпақтың қалдырған білімге, нақты материалдарға негізделген, мақсатқа бағытталған процесс.
Білім беру ол оқу процесі жəне осы мағынада қатысушылардың жаңа білімдерді игеруі. Білім берудің əр түрлі мақсаттары мен міндеттері болуы мүмкін. Бірақ, қазіргі əлемде, көбінесе, білім беру жүйесі туралы сөз қозғалады. Кəсіби білім берудің нақты іске немесе кəсіпке үйрету ретінде ежелгі тарихы бар. Сондықтан, кəсіби білім беру белгілі бір қолөнерге немесе мамандыққа оқыту болып табылады. Білім беру мен оқыту түсініктері арасында сондай ерекше айырмашылық жоқ, бірақ білім беру түсінігі көлемі бойынша оқыту түсінігіне қарағанда ауқымдырақ. «Үйрету» түсінігі қолданбалы сипаттағы белгілі бір нақты білімді игеруге бағытталған нақты мағынаға ие. Мысалы, бастапқы кəсіптік білім беру жүйесіне қатысушыларды слесарь, машинист, тігінші, электрик, оператор кəсіптеріне үйрету. Білім беру пайда болғанынан бастап, адамзаттың əлеуметтік құндылығына айналды. Ол қоғам дамуының ажырамас бөлігі болып табылады. Толық мағынада, білім берудің əлеуметтік институт ретіндегі пайда болуынан бастап қоғамның өзінің дамуы, оның экономикалық, əлеуметтік жəне рухани прогрестері білім беру деңгейіне тəуелді болып қалды. Білім интенсивті түрде дамып жатқан мемлекеттерде мектептер мен басқа да білім орталықтары пайда болып, халықтың сауаттылығы артып, өзінің дамуының қарқынын жоғарылатуда. Мысал ретінде Ежелгі Греция, Рим, Византия, Персия, Египет, Қытай, Үнді елдерін айтуға болады. Бұл елдерде білім беру жоғары қарқынға ие болып, аталған елдер сол дəуірлерде əлемнің басқа елдерімен салыстырғанда алға жылжып, жоғары дамыған болып табылды. Бүкіл Еуропа тарихы ғылым мен білім олардың экономикалық, техникалық жəне рухани қарқынды дамуында шешуші роль атқаратындығына дəлел бола алады.
социологияда əлеуметтік институт түсінігіне көптеген анықтамалар беріледі, сөйтсе де олар мазмұндары бойынша жақын. Егер де əлеуметтік институттардың маңызды жақтарын айтатын болсақ, онда келесілерді көрсетуге болады:
норма мен статус енгізілген еркін жүйе;
əдет, дəстүр, іс-əрекет, жүріс-тұрыс ережелер жиынтығы;
ресми жəне ресми емес ұйымдар;
қоғамдық қатынастардың белгілі бір саласын реттеп отыратын нормалар мен мекемелер жиынтығы;
əлеуметтік іс-əрекеттер кешені7
Білім — ол əлеуметтік институт, өйткені ол өзінің тұрақты құрылымы, статусы, нормасы, ережесі, символдары бар, автономды түрде əрекет етеді. Əлеуметтік институтқа тəн, басқа да белгілері бар. «Білім беруге байланысты адамдар əрекеттерін реттеуші жəне ұйымдастырушы нормалар жиынтығы білім берудің əлеуметтік институтт болып табылатынына куəлік етеді». Ең алдымен, білім беру институциаландырылған, заңмен бекітіліп, мемлекет пен қоғаммен мойындалған. Білім əлеуметтік институт ретінде келесі құрылымнан тұрады:
білім беруді басқару органдары;
білім беру мекемелер тобы (мектептер, колледждер, гимназиялар, лицейлер, кəсіптік мектептер, университеттер мен академиялар т.б.);
шығармашылық одақтар, кəсіптік ассоциациялар, қоғамдар, ғылыми жəне методологиялық кеңестер мен басқа да бірлестіктер;
оқытушылар мен білім алушылар үшін шығарылған оқулықтар мен əдістемелік оқулықтар;
білім беру бағдарламалары мен білім берудің мемлекеттік стандарттары;
журналдар мен жылдық басылымдарды енгізетін кезеңдік басылымдар;
білім беру мекемелері əлеуметтік жəне заңдық статусқа ие, өзінің жарғысы жəне басқа да құжаттары болады. Олар ғимараттарда орналасады, жер көлемі болады, материалдық құндылықтары мен қаржыларға ие. Білім беру субъектілері мыналар: 1) білім алушылар, 2) мұғалімдер. Сонымен бірге, білім беру субъектілері мыналар бола алады: білім беру мекемелері (ұйымдар) — ішінде əлеуметтік қатынастар, нормалар, ережелер орын алатын кəсіптік белгілері бойынша біріккен адамдар топтары.
Білімнің кез келген деңгейде екі негізгі қызметі бар. Олар: 1) білім беру; 2) əлеуметтендіру, тəрбиелеу.
Қазіргі таңда ғалымдар білім берудің бірнеше қызметтерін бөліп көрсетеді:
бір ұрпақтан екінші ұрпаққа білімді беру жəне мəдениетті тарату;
қоғам мəдениетін сақтау жəне жетілдіру;
тұлғаның əлеуметтенуі, əсіресе, жастардың жəне олардың қоғамда интеграциялануы;
тұлғаның статусының анықталуы;
əлеуметтік таңдау (селекция) қоғам мүшелерін дифференциациялау, бірінші кезекте жастарды, оның нəтижесінде қоғамның əлеуметтік құрылымы қайта өндіріледі жəне өзгереді, индивидуальды мобильділік;
жастарды кəсіби бағыттауды жəне кəсіби таңдауды қамтамасыз ету;
сатылы үзіліссіз білім беру үшін білім базаларын құру;
əлеуметтік-мəдени новация, жаңа идеялар мен теорияларды, жаңалықтарды өңдеу жəне құру;
əлеуметтік бақылау.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет