1. жалпы ережелер



Pdf көрінісі
Дата22.05.2023
өлшемі250,95 Kb.
#95993
Байланысты:
Үздік сайт 2022



2022-2023 оқу жылындағы мерейтойлық күндерге орай 
Іле ауданы мектептерінің 10-11 сынып оқушылары арасында өтетін 
«Үздік сайт» аудандық жарысының ережесі
 
 
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 
1.1. Аудандық жарыс оқушылардың рухани-адамгершілік дамуы, отансүйгіштік пен 
Отанға деген, туған ел тарихына және қазақ әдебиетіне деген сүйіспеншілікті дамыту, 
сондай-ақ цифрлық шығармашылық идеяларын насихаттау, сайт құрудағы әлеуетін және 
ІТ қабілетін көтеру мақсатында өткізіледі. 
2. ЖАРЫС ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАРЫ 
2.1. Аудандық жарысты ұйымдастырушылар – Іле аудандық білім беруді дамыту оқу-
әдістемелік орталығы. 
2.2. Жарысты өткізуді және ұйымдастыруды аудандық «Smart» информатика пәні 
мұғалімдерінің ассоциациясы жүргізеді. 
3. ЖАРЫС ҚАТЫСУШЫЛАРЫ 
3.1. Аудандық жарысқа Іле ауданы мектептерінің 10-11 сынып оқушылары қатыса алады.
3.2. Жарысқа қатысуға ниет білдірген екі адамнан тұратын білім алушылар тобы да 
жарысқа қатысушы болып танылады. 
3.3. Жарысқа қатысу 1 оқушы+2 жетекші (информатика, қазақ тілі мен әдебиеті пәні 
мұғалімдері) немесе 2 оқушы+2 жетекші (информатика, қазақ тілі мен әдебиеті пәні 
мұғалімдері) форматында жүргізіледі. 
3.4. Мектептерден қатысатын оқушылар саны 3-тен аспауы шарт. 
4. ЖАРЫСТЫ ӨТКІЗУ ШАРТТАРЫ МЕН ТӘРТІБІ 
4.1. Жарыстың жұмыс тілдері: қазақ, орыс. 
4.2. Жарыс ашық түрде өткізіледі. 
4.3. Аудандық жарысқа аудандық пән мұғалімдерінің ассоциация құрамы және олардың 
білім алушылары қатыса алмайды. 
4.4. Жарыс кезеңдері: 
І кезең. Жұмысты қорғау. 
Бұл кезең шарты бойынша жарыс қатысушылары беттерді кодтық белгілеу тілінде 
(HTML, CSS, JavaScript) жасап келген сайттарын қорғап шығады. Берілетін уақыт – 10 
минут. Сайт тақырыптары осы Ереженің 4.7 бөлімінде берілген. Сайтты бағалаудың 
критерийлері осы Ереженің 6-бөлімінде көрсетілген. 
ІІ кезең. Теориялық сынақ. Беттерді кодтық белгілеу тілінде (HTML, CSS, JavaScript) 20 
сұрақтан және Қазақ әдебиеті бойынша 20 сұрақтан тұратын тест тапсырмаларын 
орындау. Әр дұрыс жауапқа 1 балл. Берілетін уақыт – 30 минут. 
4.5. Жарыс 2022 жылғы 14-желтоқсан күні №31 орта мектепте өткізіледі.
4.6. Жарысқа басқа байқауларға қатыспаған, қатысушылардың жеке өзі жасаған түпнұсқа 
сайттар жобасы ғана қатыса алады. 
4.7. Жарысқа қатысу үшін сұраныс (Қосымша 1) e.tolkynov@bk.ru электронды 
поштасына мектеп басшысының қолы қойылған, мөрі басылған нұсқада 
12-
желтоқсанға дейін
қабылданады. Көрсетілген мерзімнен кешіктірілген сұраныстар 
қабылданбайды. 
4.8. Сайт тақырыптары: 
- Дулат Бабатайұлының туғанына – 220 жыл; 
- Ахмет Байтұрсынұлының туғанына – 150 жыл; 
- Мұхтар Әуезовтің туғанына – 125 жыл; 
- Ғабиден Мұстафиннің туғанына – 120 жыл; 
- Ғабит Мүсіреповтің туғанына – 120 жыл; 
- Мәншүк Мәметованың туғанына – 100 жыл; 
- Әзілхан Нұршайықовтың туғанына – 100 жыл; 
- Шерхан Мұртазаның туғанына – 90 жыл. 


5. ЖАРЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ 
5.1. Жарыс жеңімпаздарын арнайы құрылған сарапшылар комиссиясы анықтайды. 
5.2. Жеңімпаздар аудандық білім бөлімінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және 
номинациялармен марапатталады. 
5.3. Жарыстың нәтижелері апелляцияға жатпайды және қайта қаралмайды. 
 
6. САЙТТЫ БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ 
6.1. Жалпы: сайтты құру мақсатының негізділігі, мақсатқа сәйкестік дәрежесі және 
таңдалып алынған тақырыптың ашылуы. 
6.2. Мазмұны: ақпараттың толықтығы мен дәлдігі, түсіндірме мәтіннің болуы мен сапасы, 
алғы сөз және т.б., дереккөздерге сілтемелердің болуы мен сапасы, құрылымның 
қарапайымдылығы мен ыңғайлылығы, интерактивтілік. 
6.3. Дизайн: эргономика, ақпаратты қабылдаудың визуалды ыңғайлылығы, стильдік 
бірлік, ыңғайлылық. 
6.4. Функционалдық және техникалық сипаттамалары. Жоғары функционалдығы, 
технологиялылығы. 
6.5. Мазмұн модульдерінің болуы құпталады: форум; сайт жаңалықтары; күнделік (блог); 
мақалалар каталогы; файлдар каталогы; сілтемелер каталогы; шағын чат; хабарландыру 
тақталары; фотоальбом; сауалнама; Қонақ кітабы; FAQ (сұрақ/жауап); пошта нысандары; 
сайт бет редакторы; келу статистикасы және басқалар. Авторлық стиль, креативті көзқарас, 
жаңашылдық құпталады. 
Қосымша 1 
 
Сұраныс үлгісі 
Оқушы 
Оқушының аты-жөні 
(толық) 
Мектебі 
Сыныбы 
Жетекші 
Жетекшілерінің аты-
жөні (толық) 
1
2
Біліктілік санаты 
1
2
Педагогикалық өтілі 
1
2
Байқауға қатысатын жоба 
Сайт тақырыбы 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет