Постреквизиттер: Дене шынықтыру және спорт гигиенасы, спорт негіздері мен кәсіби-қолданбалы дене дайындығы, мектепте дене шынықтыру пәнін оқыту әдістемесі.
Кеңес беру уақыты:БОӨЖ кестеге сәйкес кеңес беру.
2. ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР Тақырыптық жоспардағы сабақ түрлері бойынша материалдар UNIVER жүйесіне жүктеліп тұрады.
№ апта
Сабақ тақырыптары және қысқаша мазмұны
Сабақ түрлері бойынша аптадағы сағат саны
Ағымдық бағалау тапсырмалары
дәріс
сем.-практ.
зерт-лық
БОӨЖ және БӨЖ
1 модуль Волейболдың жалпы негіздері
1
Тақырып: Силлабусты таныстыру. Кіріспе.
Қарастырылатын сұрақтар: Дене шынықтыру жүйесіндегі волейболдың рөлі мен халықты сауықтырудағы орны. Волейболдың басқа да ғылыми пәндер арасындағы рөлі мен орны. Әлемде және Қазақстанда волейболдың пайда болу және даму тарихы. Волейбол бұқаралық спортты дамыту мен халықты сауықтырудың қолжетімді құралы ретінде. Ойын ережелерінің эволюциясы. Қазақстандық волейболшылардың Орта Азия мен Қазақстан спартакиадаларының бағдарламасына қатысуы. Қазақстандық волейболшылардың халықаралық жарыстарға қатысуы. Бағдарлама, оқу жұмысын ұйымдастыру және мазмұны, волейбол курсынан өту кезіндегі сынақ талаптары. Волейбол сабақтарында қауіпсіздік техникасы мен гигиеналық нормаларды сақтау. Волейбол процесіндегі негізгі жарақаттар.