Оқытушы: Дузелбаева Самал Дусупкызы, оқытушы, sduzelbayeva@bk.ru, ID 565 744 8962
Пәннің қысқаша сипаттамасы: Курс органикалық заттардың классификациясын, құрылысы мен құрылымын, гомологтық қатарын, изомериясын, алыну әдістері мен физикалық-химиялық қасиеттерін, қолданылу аймақтарын қарастырады. Органикалық заттарды алу мен химиялық қасиеттерін зерттеуде қолданылатын химиялық реакциялардың жіктелуі мен жүру механизмін талқылайды.
Оқыту мақсаты:А.М.Бутлеровтың теориясы тұрғысында органикалық қосылыстардың құрылысы мен құрылымын, физикалық және химиялық қасиеттерін, алу жолдарын, химиялық процестердің жүру заңдылықтарын қарастыру
Оқыту нәтижелері:(5-тен кем болмауы тиіс)
Органикалық қосылыстардың физика-химиялық қасиеттерін, теориясын, қағидаларын меңгеру арқылы, ғылыми бағытын түсінуге және талдап қорытынды жасау тәсілдерін білу
Көміртегі атомының электрондық құрылысы,гибридтелу, органикалық реакциялардың жүру механизмдері туралы түсініктерін реакция жазуда, есептер шығаруда қолдану
көмірсутектерді зертханада алу жолдарын және оларға сапалық талдау жүргізе білуі тиіс
өз бетінше органикалық қосылыстарға тән ерекше қасиеттерін анықтау мақсатында зертханалық тәжірибе жүргізу жоспарын құру
органикалық синтезді өз бетінше жүргізіп, алынған эксперимент нәтижесін талқылап, бағалау
Прекреквизиттер: Бейорганикалық химия 1, Органикалық химия 1
Постреквизиттер: Органикалық синтез, ЖМҚ химиясы