1 жалпы орта білім беретін А. М жанул мектебінің директоры: Математика пәнінің мұғалімі



Дата27.11.2023
өлшемі31,09 Kb.
#129941
түріДиплом
Байланысты:
аяууу математика 1


Жезқазған гуманитарлық колледжінің
0105000 «Бастауыш білім беру»
0105023 «Информатика пәнінен бастауыш
білім беру мұғалімі» мамандығы бойынша
К-49 оқу тобының білім алушысы
Оразалина Аяулымға
Мінездеме
Оразалина Аяулым 12.01-22.02.2023 ж.ж. аралығында Ұлытау обылысы Жезқазған қаласы №1 жалпы білім беретін орта мектебінде диплом алды тәжірибесінен өту барысында математика сабағынан сабақтар берді және 3 «Ә» сыныбында сынып жетекшілік міндеттері жүктелді. Бүкіл тәжірибе барысында студент педагогикалық іс-әрекетке, еңбексүйгіштікке, тәртіптілікке және тәуелсіздікке жауапкершілікпен қарады. Сондай-ақ ол балаларға деген жоғары деңгейдегі сүйіспеншілікті көрсетті.
Ұйымдастырушылық қабілеті бар, мінезі ашық, өз жұмысына ынталы, мектептің барлық мұғалім – қызметкерлерімен тез тіл табыс алды. Сабақтарында тест тапсырмалары, топтық тапсырмалар, қызықты өткізе білуімен оқушыларды өзіне тарта білді.Математика сабағында 3-сыныпқа «Кеңістік фигуралар» және «Жазбаша көбейту және бөлу» тарауларында сабақ өткізді.
Математика сабағынан тыс уақыттарды өзіне бөлінген 3«Ә» сынып оқушыларымен бірге өткізді. Сыныпқа әртүрлі сынып сағаттарын өткізді мысалға «Интернет әлемі» зияны мен пайдасы, «Отбасы-орта мектеп»жобасы «Отбасы-бақыт мекені»т.б сынып сағаттарын өтті.
Ол іс-тәжірибе барысында оқушылардың күнделіктерін тексеріп, келмей қалған оқушылардың келмеу себептерін анықтап, кешігіп келетін оқушылармен жұмыс істеп, оқу құралдарын тексеріп, бақылап отырды. Аяулым оқушыларға жақсы үлгі бола білді.
Практиканы «4»-ке (Жақсы) тапсырды деп бағалаймыз.

1 жалпы орта білім беретін А.М Жанул


мектебінің директоры:
Математика пәнінің мұғалімі: Г.А Наурызбаева

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет