Тіндік базофилдер - цитоплазмада базофильді түйіршіктеріне ұқсас ерекше түйіршіктер болады. Қызметі: қан ұюын төмендету, гематогендік тосқауыл өткізгіштігін күшейтеді, қабынуға әсер етеді. Ас қорыту жолдарында, жатыр, сүт безінде, тимуста, бадамша безінде көптеп орналасады. Қан тамырларын бойлап орналасады. Пішіні: әр түрлі - дұрыс емес/сопақша, қысқа жалпақ өсінділі, амеба тектес қозғалысқа бейім. Көлемі: ені-4-14мкм, ұзындығы-22мкм. Ядросы: кіші, дөңгелек/сопақша пішінді, тығыз хроматинді. Цитоплазмасы: 0,3-1мкм диаметрлі түйіршіктерге толы, азурофильді лизасомалары түйіршіктері аз бөлімде орналасады. Түйіршіктер - метахромазиялық+ құрамында: гепарин+хондроитин күкірт қышқылының А/С түрі, гиалурон қышқылы, гистамин, серотонин бар; құрылысы: торлы/табақшалы/кристал т-ді/аралас. Органеллалары нашар дамыған + ферменттер(протеаза, липаза, фосфатаза, пероксидаза, цитохромоксидаза, АТФаза) бар.
Адвентициалды жасушалар - аздифференцияланған жасушалар, капиллярлы қан тамырларымен ұласып жүреді. Пішіні: жайпақ/ұршық. Цитоплазма: базофильді, органеллалары аз. Ядросы: сопақша.Дивергентті дифференцияланып, басқа дифферондарға бастау береді.
Плазмоциттер- гамма-глобулиндердің синтездейді. В-лимфоциттен дамиды. Көлемі: 7-10 мкм арасында. Ядросы: кішірек, дөңгелек/сопақша, шетте орналасқан. Цитоплазма: базофильді, жақсы дамыған т-ті ЭПТ. Ядро жанында базофильді емес алаң бар. Аталмыш алаңда центриольмен Гольджи, кейде Руссель денешіктері кездеседі. Ерекшелігі: антидененің тез синтезделуі, осыған байланысты қабыну кезінде саны артады.
Перициттер- қан қылтамырларын қоршап, қабырға құрамына кіретін жасушалар.
Май жасушалары - қоректену, энергия түзу, су алмасуына, май қорын жинақтауға қатысады. Топтасып, қан тамыр жанында орнасады. Пішіні: жеке орналасқан - шар. Оның орталық бөлімін май тамшысы, жуан бөлімінде ядро, сыртынан цитоплазмалық жиекпен қорашалады.Цитоплазма: фосфолипид, холестерин, бос май қышқылы аз мөлшерде + таяқшалы митохондриялар + шетінде пинацитоздық көпіршіктер бар. Ерекшелігі: метаболизмге қабілетті. Май тамшысы ұлғая келе, гольджи+ЭПТ кері дамиды, ядро қысылып, шетке ығысады.