1. Жасушаішілік құрылымдардың гистофизиологиясы, олардың мүшелердегі ерекшеліктері. Органеллалар, жіктелуі, құрылысы, қызметтері



бет1/19
Дата03.01.2023
өлшемі70,11 Kb.
#60301
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
гисто


1. Жасушаішілік құрылымдардың гистофизиологиясы, олардың мүшелердегі ерекшеліктері. Органеллалар, жіктелуі, құрылысы, қызметтері.

Органеллалар мембраналық(Гольджи кешені, ЭПТ, митохондрия, лизасома, пероксисома) және мембраналық емес(рибасома, жасуша орталығы, цитоқаңқа элементтері) деп 2ге бөлінеді. 



  • ЭПТ - вакуольдердің мембраналық қапшық/түтікшелер жиынтығы тор құрап орналасады. Түйіршікті, түйіршіксіз 2 түрі кездеседі. 

    • Түйіршікті ЭПТ - ерекшелігі: гиалоплазмаға қараған беттерінде рибосомалар орналасады. Жасушадағы секреторлық нәруыздардың өндірілуіне жауап береді. Бұл ЭПТда экспортталатын, жасушдан шығатын, органимге керек нәруыздар өндіріледі. + жасушаішілік метаболизмге қажет қорыты ферменттерін өндіреді. ЭПТда өндірілген нәруыздар тікелей Гольджиге тасымалданады. т-ті ЭПТ цистерналарында біріншілік гликоздау, қантпен байланысу өтеді. + мембрананың интегралды нәруыздары өндіріледі + мембранамен вакулярлық жүйенің компонент артуына қатысады. 

    • Түйіршіксіз ЭПТ- Айырмашылығы - рибасома жок. Каналшықтар диаметра 50-100 нм. Ол түйіршікті ЭПТ негізінен дамиды. Яғни, т-ті ЭПТның рибасомадан айырылған бөлімдерінде, жаңа липопротеиндік мембраналар түзіліп, түйіршікті мембранадан бөлініп, вакулярлық құрылыс құрайды. Қызметі: липид+полисахарид алмасуы+липид синтезінің ақырғы сатылары+көмірсу метаболизміне қатысу+кальций ионын қоймалау+зиянды заттарды тотықтыру ферменттері арқылы залалсыздандыру

  • Гольджи кешені - жасуша ішіндегі мембраналық құрылым. Бұл жеке аймақ диктеосома(Гольджи дестесі) деп аталады. Диктеосома тығыз орналасқан цистерна түрінде кездеседі. Бұл 5-10 цистерналар арасында жұқа гиалоплазма өтеді. Цистернадан тыс, Гольджи кешенінің шетінде ұсақ көпіршіктер (везикулалар) орналасады. Диктеосоманың проксималды(ядроға бағытталған) - цис, дисталды (жасуша үстіне бағытталған)-транс беттері бар. Қызметі: эпт өнімдерінің сегрегациясы, жинақталуы+ химиялық қайта құрылуы, пісіп жетілуі+цистернада полисахарид өндірілуі+ақуызбен кешенденіп,пептидогликандардың құралуы+ дайын өнімдерді жасуша сыртына шығару+ лизасома қалыптасуы. Дисталды бетінде рецепторлар орналысады. Рецепторлар секреторлық нәруызбен гидролазарды танып, 2 түрлі лизасома түзеді. 1еуінде гидролаза бар алғашқы лизасома, 2шісінде секреторлық нәруыз бар лизасома. Эстафета жолымен вакульдер өнімді тасымалдап, экзацитозбен шығарады. 

  • Лизасома - 0,2-0,4 мкм көлемді 1қабатты мембранамен шектелетін вакуольдер. Ерекшелігі құрамында қышқылдық, ыдыратушы гидролитикалық ферменттер болады. Қызметі: жасушыішілік тазалаушы - зақымданған құрылымдарды жоюшы. 3 түрі бар: 

    • Алғашқы лизасомалар - 0,2-0,5 мкм көлемді, құрамында гидролазалар бар, құрылымсыз затқа толы ұсақ мембраналы көпіршіктер. ҚҰрамында қышқыл фосфотаза болады. Бұл фермент т-ті ЭПТда өндіріліп, диктеосоманың проксималды беті арқылы шеткі ұсақ везикулалар мен лизасомаларда анықталады. 

    • Екінші реттік лизасомалар - гетерофаголизасомалар - жасушаішілік асқорыту вакуольдері, фагацитоздық жолмен лизасомалармен бірігу жолынан пайда болады. Бұл лизасома құрамына түскен заттар ферменттер арқылы ыдыратылып, гиалоплазмаға түсіп, реутилизацияланады - зат алмасуға қосылады. 

    • Макромолекулаларды ыдырату кезінде қалдық өнім не телолизасомалар қалады. Оларда ыдыратушы фермент аз болғандықтан, қайта құрылуы жүреді. Кей қалдық денешіктерде липидтердің 2шілік құрылыдауы жүріп, қатпарлы құрылым түзейді. 

  • Пероксисомалар - 0,3-1,5мкм көлемді, ортасында фибрилл/түтікшеден тұратын, мембранамен қоршалған, түйіршікті матриксті, сопақша пішінді тіндерде кездесетін органелла. Бауыр, бүйрекке тән. Құрамындағы аминқышқылдардың тотықтыру ферменттері сутектің тотығуының түзілуіне жауапты. Н2О2 каталаза ферментімен су мен оттекке ыдырайды. 

  • Митохондриялар - АТФ синтезінің органелласы. Қызметі: органикалық қосылымдарды тотықтырып, ыдырау кезіндегі энергияны АТФ молекуласын синтездеу. Қалыңдығы - 0,5мкм, Ұзындығы - 1мкм-10мкм. Көптеген кездерде, алып, көптеп торланып-митохондриялық ретикулум құрап орналасады. ҚҰрылысы: қалыңдығы7нм болатын 2 мембранамен шектеледі. Сыртқы мембрана митохондины гиалоплазмадан бөліп тұрады. Сыртқы мен ішкі мембрана арасында 10-20нмлық мембранааралық кеңістік болады. Ішкі мембрана митохондрияны ішіше бүрлер - кристілер құрап орналасады. Митохондрия матрикісінде 15-20нм көлемді түйіршіктер, ДНК молекулалар мен ұсақ рибасомалар орналасады. 

  • Рибосома - нәрызбен полиептидтердің синтездік элемменті. Барлық жасушаларда кездеседі. Күрделі рибонуклеопротеидтер, яғни құрамында нәруызбен рРНК. Мөлшері: 25*20*20нм. Құрылымы: үлкен және кіші суббірлік. Рибосомалар жеке не топтасып (полисомалар), цитоплазмада бос не ЭПТға жанасып орналасады. Аздифференцияланған жасушаларда көбінесе еркін рибосомалар, ал маманданған жасушаларда т-ті ЭПТ жанында орналасқан рибосомалар басым. Еркін рибосомалар синтетикалық қызметі жасуша керегіне, ал ЭПТ-ның рибосомалары экспортталатын, яғни организмнің қажетіне незіделеді. 

  • Цитоқаңқа - тірек-қимыл жүйесі. Құрамы: нәруыздық жіпшелер - фибриллалар, микротүтіктер. Эукариотта фибрилалар қалыңдығы 5-7нмлі микрофибриллалар, 10нмлі аралық филаменттер ретінде кездеседі. Микрофиламенттер цитаплазманың кортикалды қабатында, плазмолемма астында, шоғырланып орналасады. Микрофиламенттер құрамына актин, миозин, тропомиозин, альфа-актинин, нәруыздары кіреді. Жасушаішілік қозғалыс пен амебалық қозғалысты қамтамасыз етеді. Актин филаменттері сонымен қатар, каркастық қызмет атқарып, тұрақтылық камтамасыз етеді. Аралық филаменттер - 10нм, жіңішке, шоғырланып орналасатын жіпшелер. Әр тінде нәруыздық құрамы әртүрлі. Мысалы теріде кератин,. Микротүтікшелер - уақытша(интерфаазалық жасуша, бөліну ұршықшасы) не тұрақты (центриоль, кірпікше, қылшықтар) құрылымдарды құрайды. Тік, тармақталған, ұзын цилиндрлі құрылыстар. 

  • Жасуша орталығы-центросома - центриоль + байланыстырушы түтікшелер - центросферадан тұрады. Ашықтау цитоплазма аймағында орналасып, радиалды бағытта жіңішке фибрилаллар шығып тұрады. 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет