1. Жаза тағайындаудың жалпы негіздері. Жаза тағайындау


) Адамның өзiнiң қызметтiк, кәсiптік немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты осы адамға немесе оның жақындарына қатысты қылмыстық құқық бұзушылық жасау



бет12/24
Дата26.11.2023
өлшемі54,01 Kb.
#128286
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24
Байланысты:
семинар-дискуссия Жаза тағайындау

8) Адамның өзiнiң қызметтiк, кәсiптік немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты осы адамға немесе оның жақындарына қатысты қылмыстық құқық бұзушылық жасау.
Бұл жерде адамның өзiнiң қызметтiк, кәсiптік қызметін атқарып жүрген адам деп, меншік түріне қарамастан, мемлекеттік немесе коммерциялық, басқа да заң бойынша белгіленген тәртіппен лауазым адамның функциясын атқарып жүрген адамды айтамыз.
Қоғамдық борышын орындауына байланысты адам деп – қоғам, мемлекет, жеке адам мүддесі үшін пайдалы іс-әрекет жасап жүрген адамды айтамыз.
9) Аса қатыгездiкпен, садизммен, қорлаумен, сондай-ақ жәбiрленушiнi қинаумен қылмыстық құқық бұзушылық жасау. Мұндай қылмыстар көбінесе жеке адамдарға қарсы , басқа да жеке адамдардың өміріне, денсаулығына, бостандығына қарсы жасалады. Мысалы, адам өлтіру, қарақшылық, бұзақылық және т.б. қылмыстарда да орын алуы мүмкін.
Егер кінәлі адам жәбірленушіге аса ауыр зардаптар келтіріп, ұдайы азаптаса, сонымен бірге оны жақын туыстарының көзінше қинап жапа шектірсе немесе қорласа қылмыс аса қатыгездіпен жасалған деп танылады. Саддизм – қатыгездіктің шектен шыққан көрінісі, бұл жағдайда жәбірленушінің немесе басқа адамдардаң азап шегуінен қылмыскер ләззат, қанағат алады.
10) Қару, оқ-дәрiлер, жарылғыш заттар, жарылыс немесе оларды имитациялайтын құрылғылар, арнайы дайындалған техникалық құралдар, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтар, улы және радиоактивтi заттар, дәрiлiк және өзге де химиялық-фармакологиялық препараттар пайдаланып, сондай-ақ күштеп немесе психикалық мәжбүрлеуді қолданып не жалпы қауiптi тәсілмен қылмыстық құқық бұзушылық жасау.Қылмыстық құқық бұзушылық жасау кезiнде өзiне тəн қасиеттерiне сай адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiруге қабiлеттi қаруларды қолданып, сонымен бiрге жəбiрленушiге күш қолдану немесе психикалық мəжбүрлеу, яғни қорқыту арқылы қылмыстық құқық бұзушылық жасау жағдайлары қарастырылған. Жалпыға қауiптi тəсiлмен қылмыстық құқық бұзушылық жасау – адамдарға, мүлiк объектiлерiне едəуiр мөлшерде зиян келтiруге қабiлеттi əдiстермен қылмыстық құқық бұзушылық жасау (өрт қою, жарылыс жасау, жаппай улау,қырып жою жəне т.б.) болып табылады..


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет