1. Жаза тағайындаудың жалпы негіздері. Жаза тағайындау


«Қылмыстық жаза тағайындаудың кейбір мәселелері туралы»



бет15/24
Дата26.11.2023
өлшемі54,01 Kb.
#128286
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24
Байланысты:
семинар-дискуссия Жаза тағайындау

«Қылмыстық жаза тағайындаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 25 маусымдағы № 4 нормативтік қаулысының төртінші тармағына сәйкес:
ҚК-нiң 54-бабының бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар тiзбесі түпкiлiктi болып табылады, осыған байланысты, қылмыстық құқық бұзушылық жасалған кездегi немесе сотталушыны сипаттайтын сот анықтаған өзге де мән-жайлар (маскүнемдiкке салыну, қоғамдық тәртiптi бұзу, отбасына, жұмысына, оқуына көзқарасы және т.б.) жаза тағайындалған кезде ескерілуi мүмкін, бiрақ жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар ретiнде танылмайды.
ҚК-нің 54-бабы бірінші бөлігінің 12) тармағына сәйкес, сот қылмыстық құқық бұзушылықтың сипатына қарай масаң күйде қылмыс жасауды жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай ретінде танымауға құқылы. Осы мәселені шешу кезінде соттар қылмыстық іс-әрекеттің жасалуының өз сипаты бойынша кінәлі адамның масаң күйімен байланысы бар жоғын, сондай-ақ адам осындай күйге түскен кездегі жағдайды ескерулері қажет. Атап айтқанда, кәмелетке толмағанның қылмыстық құқық бұзушылықты жасау сәтінде масаң күйіндегі жағдайы, егер бұл оны спирт ішімдіктерін, есірткі немесе есеңгірететін заттарды пайдалануға қылмыстық құқық бұзушылықты жасауға бірге қатысушы ересек адамның тартуымен байланысты болса, жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай ретінде есептелуге тиіс емес.
ҚК-нің 53-бабында немесе 54-бабында көзделген мән-жай қылмысты саралайтын белгілердің бірі ретінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлігіндегі бабының диспозициясында көрсетілсе, сот оны осы қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай ретінде тани алмайды.
Сот талқылауының шегі айыптау актісін жасау кезінде тұжырымдалып тағылған айыппен шектеледі. Жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар айыптың мазмұнына енгізіледі (Қылмыстық-процестік кодекстің 299-бабы үшінші бөлігінің 4-тармағы). Сондықтан, сот айыптау актісінде көрсетілмеген, жауаптылықты ауырлататын мән-жайлардың бар болуын үкімде белгілеп көрсетсе, ол ҚПК-нің 340-бабының талаптарына сәйкес сотталушының жағдайын ауырлатады және сот талқылуының шегін бұзу болып табылады. Сонымен қатар, жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар деп танылатын мәселенің шешілуі айыппен шектелмейді және басты сот талқылауында анықталған істің нақты мән-жайларына негізделуі тиіс.
ҚК-нің 17-бабының екінші бөлігіне сәйкес есінің дұрыстығы жоққа шығарылмайтын психиканың бұзылуын сот жаза тағайындау кезінде қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде есепке алуға тиіс.
Егер кінәлі адамның жасаған әрекеті өзінің жас балаларына қарсы бағытталған болса немесе сотталушының асырауында жас балалар болмаса не ол ата-аналық құқықтарынан айырылған болса, ҚК-нің 53-бабы бірінші бөлігінің 4) тармағына сәйкес жас балаларының болуы оның қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жай деп танылуы мүмкін емес.
Басты сот талқылауы барысында прокурор ҚПК-нің 340-бабы бесінші бөлігінің қағидаларын сақтай отырып, жаңа айыптау актісін жасау арқылы айыптауды қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайдың орын алғанын көрсетіп, толықтыруға құқылы – делінген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет