10) Жәбiрленушiнiң қылмыстық құқық бұзушылыққа түрткi болған заңға қайшы немесе бейморальдық мінез-құлқы. Кейде жәбірленушінің өзі қылмыстық құқық бұзушылық жасауға әр түрлі теріс мінез қылықтарымен, заңға көрнеу қайшы іс-әрекеттерімен адамгершілікке жатпайтын теріс қылықтарымен қылмыстық құқық бұзушылық жасауға себепкер болады. Осыған орай, мұндай жағдайларда қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін мән-жай ретінде табылады. 11) Шын ниетпен өкiну, айыбын мойындап келу, қылмыстық құқық бұзушылықты ашуға, қылмыстық құқық бұзушылықтың басқа да сыбайлас қатысушыларын әшкерелеуге және қылмыстық құқық бұзушылық нәтижесiнде алынған мүлiктi іздестіруге белсенді түрде ықпал ету. Осы аталған əрекеттердiң əр бiрi не олардың жиынтығы қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамның қауiптiлiгiн төмендетедi, оның өз кiнəсiн түсiнгендiгiн жəне өкiнетiндiгiн дəлелдейдi. Бұл жағдайлар мазмұны мен мағынасы жағынан бiр-бiрiне жақын болып табылады жəне қылмыскердiң тез түзелу мүмкiндiгiн куəландырады.
Жоғарыда қарастырылған жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн жағдайлардың тiзiмi соттар үшiн мiндеттi, бiрақ түпкiлiктi болып табылмайды, сот бұл бапта қарастырылмаған басқа да жағдайларды үкiмде көрсете отырып жеңiлдетушi мəн-жай ретiнде тануға құқылы.
Тəжiрибеде мұндай жеңiлдететiн жағдайлардың қатарына кiнəлiнiң денсаулық жағдайы, қоғамға пайдалы қызметi, асырауында қарт жəне науқас ата-анасының болуы, Отан алдындағы қызметi, жетiстiктерi үшiн алған наградаларының болуы, тұрғылықты немесе жұмыс орнынан жағымды мiнездемесiнiң болуы жəне т.б. жағдайлар жатқызылады.
ҚК-тiң 53-бабының 3-бөлiгiне сəйкес, егер жеңiлдететiн жағдай ҚК-тiң Ерекше бөлiгiнiң тиiстi бабында қылмыстық құқық бұзушылық белгiсi ретiнде көзделген болса, жаза тағайындау кезiнде ол қайталап ескерiле алмайды.
Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар. ҚР ҚК-нiң 54-бабында көрсетiлген жауаптылық пен жазаны ауырлататын жағдайлар жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың жəне кiнəлiнiң жеке басының жоғары қауiптi екендiгiн дəлелдейтiндiктен соттарға тағайындалатын жазаларды күшейтуге негiз бередi. Жазаның мөлшерiн көтеруге əсер ететiн ауырлататын жағдайлар болған кезде соттар нақты қылмыс сараланып отырған бап санкциясы шегiндегi ең қатал жазаны немесе жазаның жоғары мерзiмiн тағайындайды. Заңда көрсетiлген бұл ауырлататын жағдайлар сотқа кiнəлiнiң жеке басымен ол жасаған қылмысты ескере отырып жазаны жеке даралауға мүмкiндiк туғызады.