1. Жеке мектептер мен бағыттардың дамуына талдау жасау (О. Конт, Э. Дюркгейм, Г. Спенсер). Әлеуметтану



бет2/6
Дата31.01.2023
өлшемі18,12 Kb.
#64084
1   2   3   4   5   6
Герберт Спенсер-19ғ. аяғы мен 20ғ. басындағы батыс әлеуметтануының биорганикалық мектебі қоғамның дамуын табиғи ағза аналогы ретінде қарастыруы және әлеуметтік өмірді биологиялық заңдылықтар негізінде түсіндіруге талпыныс жасаған бағыт. Оның негізгі өкілдері Г. Спенсер, Л.Гумплович, А.Гобино және т.б. Герберт Спенсер (1820-1903), ағылшын философы мен әлеуметтанушы- позитивисты әлеуметтануда натуралистік бағыттың көрнекті өкілі болып келді. Ол қоғамды биологиялық ағза аналогиясында қарастырды. Спенсердің әлеуметтік оқулары «органикалық теориялар» отауына ие болды. Ол бойынша қоғам жанды дамушы ағза ретінде оның негізгі құрамдас бөліктерінің өзара әрекет дамуы негізінде қарастырылады. Қоғам функциялары тірі ағза функцияларымен ұқсас келеді. Спенсердің «Әлеуметтану негіздері» басты еңбегінде, қоғамды зерттеуде эволюциялық-тарихи тәсіл құрылымдық-функционалдық және жүйелік ұштас келеді. Әлеуметтік ағза үш басты «жүйеден» тұрады: «реттеуші», «өмір үшін қажет шарттарын қалыптастыру» және «үлестіруші».
Спенсер қоғамның екі түрін ажыратты: әскери және өндірістік. Олардың әрқайсысында өмір сүру күрес құралдары әртүрлі келеді. Қоғамның бірінші түрі әскери қайшылықтарға бағытталса, ал екіншісі өндірістік бәсекеге, яғни жігер, күш, қабілеттер негізінде жеңіске жетеді. Осындай күрес түрі қоғам үшін қолайлы, себебі бұл қоғамның интеллектуальды және моральды деңгейінің өсуіне әкеледі. Конт сияқты, Спенсер әлеуметтік дамудың органикалық үрдісіне күштеп араласу талпыныстарын, мысалы, революцияны жағымсыз бағалады. Социализмнің қарсыласушысы ретінде, Спенсер бұл жүйе бюрократиялық аппараттың өсуіне әкеледі деп дәйектеді. Бір уақытта ол теңдік жақтасы болып, тұлғаның құқық еркіндігі мен заң алдындағы теңдігімен түсіндірді. Спенсердің әлеуметтік қағидасы функционализм және құрылымдық функционализм сияқты батыс мектептердің қалыптасуына елеулі әсерін тигізді.



Маркс Вебер
Идеалды типтер бір жағынан шындықтың іс-жүзіндегі сан алуандығын жеңілдетеді.Мұның себебі – олар тікелей бақыланып отырған шындықтың сараптауға құнды болып есептелінетін элементтерін ажырату және оларды логикалық байланысты, идеалды ойша бейнеге біріктіру арқылы қалыптасады.
Вебердің пікірінше, бірдей тарихи деректерді қарастыру барысында түрлі идеалды типтер қалыптасуы мүмкін.Идеалды типтік жобаның дұрыстығының бірден-бір өлшемі оның ішкі логикалық қайшылықсыздығы болып табылыды.
Идеалды тип дегеніміз, ол обьективтік эмпирикалық шындықты бейнелеу емес, бұл зерттеуші ғалымның ойлануының, ой-пікірінің жемісінің теориялық құрылымы. Идеалды тип зерттеушінің нақты материалды жүйелеп реттеудің бейне-кестесі.Идеалды типтік құрылымдар – бұл қажетті құбылыстар мен процестердің жалпы түйінді ұғымдар. Мысалы, «капитализм», «экономикалық адам», «дін», «христиандық», т.б.
М.Вебердің идеалдық типтерді осындай ұғымдар арқылы түсіндіруі оның «түсіну әлеуметтану» ілімінің негізі болып есептеледі.Ол іс-әрекеттің, қимылдың басқа басқа біреуге бағытталуын тосу, күту, үміт ету дейді.Мұнсыз қандай да болмасын, іс-әрекет, қимыл әлеуметтік болып саналмайды.М.Вебердің пікірінше, мақсатқа сәйкес келетін іс-әрекет, қимыл негізгі идеалдық тип болып саналады,ал, саналы емес іс-әрекет, оның төмендеуі әр уақытта тәртіптен ауытқуға әкеледі.Әлеуметтік іс-әрекеттің ақылдылығы, парасаттылығы, ақылға жеңдірушілігі – тарихи процестің басты бағыты.
Маркс Вебер (1864-1920ж.ж) – батыстың ірі әлеуметтанушысы.Қазіргі әлеуметтану ғылымы М.Вебердің ой-тұжырымдарымен көп санасады.Оның әлеуметтану теориясы позитивистік теорияға қарсы шығу кезеңінде пайда болды.Ол әлеуметтанудың өзгешелігін жақтай отырып,адам іс-әрекетін, қимылын «түсіну, ұғыну» теориясын қалыптастырады.
М.Вебердің пікірінше, әлеуметтану қоғамның әлеуметтік –тарихи құбылыстарының субьективтік жақтарын, нақтылы айтсақ, адамның іс-әрекетінде, қызметінде оның қажеттілігін, мақсатын, т.б. әр уақытта ескеріп отыру керек.Оның басты міндеті – адамдардың іс-әрекетінің, қимылының мәнін, мағынасын, мазмұнын терең түсіну, ұғыну болып табылады.
Вебер әлеуметтануының тағы бір әдіснамалық ерекшелігі жасаған идеал типтер тұжырымдамасы болып табылады.
Әлеуметтік танымдағы ортақ нәрсені логикалық бөлшектеумен және обьективизмді ұстанушылармен пікірталасқа түсе отырып, Вебер дәлме-дәл ұғымдық пайымдау адамдардың іс-әрекетіне жауап бермейді және мәдениет туралы ғылым ұғымдарының қажетінше идеалді-типтік табиғаты болады деп тұжырымдады.Идеалды типтер ортақ, түр қасиетін білдіретін қарапайым ұғымдардан, ең алдымен өзінің құрылу әдісі бойынша ерекшелінеді: олар өмірдегі бір нәрсені мадақтап, сол арқылы белгілі процестер мен құбылыстардың керемет ой болжамына айналады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет