Жумабекова Фариза
Пип 11
6 билет
20.12.22
1.Жеке тұлғаның қалыптасуына деген көзқарастарды сипаттаңыз.
Тұлға бұл жеке бір әлем. Жеке тұлғаның ең маңызды қасиеттері– оның саналылығы, жауапкершілігі, тәуелсіз болуы , қадір-қасиеті, даралығы. Әр адам индивид болып табылады , біз бұны түсінуіміз қажет. Жеке тұлға болып қалыптасу үлкен және күрделі процесс болып табылады.Ол өмір бойы жалғасады. Қазіргі таңда, тұлғаның жеке дара қасиеттерінің қалыптасу педагогика үшін маңызды мәселе болып отыр. Осы жерде, академик Т.Тәжібаевтың пікірін келтіріп өткім келеді: «Тұлға - әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекетті жүзеге асырушы, нақты қоғам мүшесі, өзін басқалардан ажырата білетін, өзінің кім екенін түсінетін, есі кірген ересек кісі деген сипаттамаға лайық» Мен ол кісімен толықтай келесемін. Академик сөздері біздің тақырыбымызды толық баяндайды. Тұлғаның даралығының қалыптасуы өмір бойы жүреді, жеке дара түлға деп өзінің жеке ойы , оны басқалардан ажырататын қасиеттері бар адамды айтамыз .
2.Педагог-психологтің жобалау зерттеу іс әрекеті туралы түсінік.
Жалпы айтатын болсақ , жобалау зерттеу іс әрекеті дегеніміз ,оқушы мен мұғалімнің атқаратын іс әрекеттері негізгін алдын ала құрастыру.
Жобалау зерттеу іс әрекетінің негізгі мақсаты белгілі бір өнім алу болып табылады . Мысалға мақала жазып шығару немесе үлкен сауалнама нәтижелерін жасау және тағы сол сияқты мақсаттарды қарастырады .
Жобалау арқылы оқушының шығармашылық қабілетерін дамытуға, сыни тұрғыдан ойлау ширақтылығын дамытуға , бойындағы білімін ұтымды қолдана білуді үйретуге қол жеткізе аламыз . Ал ұстаз үшін жобалау үлкен тәжірибе және қызметіндегі маңызды бөлік. Педагог психологтың жобалау зерттеу іс әрекеті дегеніміз баланың жеке тұлғасына терең көңіл бөлу , оқушының шығармашылық қабілетерін дамыту, оқушылардың критикалық жағдайларда шешім қабылдауын зерттеу,оның жеке тұлғалық қасиеттерін зерттеу болып табылады .
3.Педагогикалық білім берудегі дәстүрлер мен инновациялар туралы көз қарас.
Өмір бір орында тұрмайды. Адамзат әр дайым дамып жетіліп отырады. Сондықтанда білім беру жүйесі де заманмен бірге дамуы қажет.Білім беру жүйесіндегі инновацияларды толықтай қолдаймын. Инновациялық білім беру жүйесі мектептердегі, колледждардағы , жоғарғы оқу орындарында , жалпы барлық білім беру мекемелерінде оқытушылар мен оқушылардың жұмысын заман талабына сай дамытып , жетілдіріп отырады. Осылайша біз білім алушылар мен ұстаздардың жұмысынан оң нәтижелер ала аламыз. Мысалға келтіретін болсақ, оқушылардың білімді өздері ізденуге дағдыландыратын білім беру жүйесі инновациялық жүйе болып табылады . Бұл жүйеде ұстаз тек бағыт бағдар беруші болып табылады. Ұстаз оқушылар арасындар тренингтер , пікір сайыстар жасай алады немесе проблемалық оқыту , сыни оқыту және т.б. технологияларды қолдана отырып оқушылардың білімге деген ізденісін , ойлау ширақтылығын дамыта алады.
Қорытындылайтын болсам , әрине дәстүрлі білім берудің өз артықшылықтары бар , бірақ білім берудегі инновацияларды қолданған дұрыс деп санаймын.