Дәріс. Азаматтық құқықтың субъектісі ретінде –заңды тұлға
Заңды тұлға дегеніміз адамның кез – келген жиынтығы емес, ұйымдық бірлігімен бөлшектенетін, яғни мақсаттарымен міндетпе, құқықтары айқын көрсетілген өз жарғысы және ережесе бор ұйымдық бірлік. Құқықтар мен міндеттердің иесі бола білу, азаматтық айналымда құқықтың дербес субьъектісі ретінде қатысу, біз жоғарыда айтқанымыздай, жеке тұлғаға ғана емес, заңды тұлғаларға да тән. Азаматтық кодекстің 33- бабында оған мынадай тұжырым берілген: «Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшаау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүиеге асыра алатын ұйым заңды тұлға деп таңылады. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болады» Азаматтық құқық ғылымы заңды тұлғаны мынандай белгілері бойынша айқындайды:
1. ұйымдасқандық бірлігі;
2. мүліктік оқшаулығы;
3. Дербес мүліктік жауапкершілігі;
4. Азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы.
Әрбір заңды тұлғаның ұйымдасқан бірлігі оның өзіне тән қасиеті болғандықтан заңның өзі ұйымдарды бөліп қарайды. Ұйымдасқан бірлігі заңды тұлғаның ішкі құрылымнан көрінеді, сол арқылы қызмет аясы айқындалады. Заңды тұлғалар өз қызметтерін,егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, жарғы немесе құрылтай шарты негізінде жүзеге асырады. Мүліктік оқшаулық – заңды тұлғаның экономикалық құқықтық белгісі болып табылады және оның мүлікке заттық құқығын иеленуін білдіреді. Бұл арада әңгіме оның меншік құқығы, шаруашылықты жүргүзу немесе оралымды басқару құқығы туралы болып отыр.Комерциялық ұйымдағы дербес балансын мөлшері мен мекемедегі смета заңды тұлғаның оқшаулық мүлкін айқындайтын құжаттар.
Заңды тұлғаның азаматтық құқықтары болып, өз қызметiне байланысты мiндеттердi Азаматтық Кодекске сәйкес мойнына алуы мүмкiн. Мемлекеттiк кәсiпорындарды қоспағанда, коммерциялық ұйымдардың азаматтық құқықтары болуы және заң актiлерiнде немесе құрылтай құжаттарында тыйым салынбаған кез келген қызмет түрiн жүзеге асыру үшiн қажеттi азаматтық мiндеттердi атқаруы мүмкiн. Заң актiлерiнде көзделген жағдайларда белгiлi бiр қызмет түрiн жүзеге асырушы заңды тұлғалар үшiн басқа қызметпен айналысу мүмкiндiгi болмауы немесе шектелуi мүмкiн. Заңды тұлға тiзбесi заң актiлерiнде белгiленетiн жекелеген қызмет түрлерiмен лицензия негiзiнде ғана айналыса алады. Заңды тұлғаның құқық қабiлеттiлiгi ол құрылған кезде пайда болып, оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады. Айналысу үшiн лицензия алу қажет болатын қызмет саласында заңды тұлғаның құқық қабiлеттiлiгi сондай лицензияны алған кезден бастап пайда болып, ол қайтарып алынған, оның қолданылу мерзiмi өткен немесе заң құжаттарында белгiленген тәртiппен жарамсыз деп танылған кезде тоқтатылады. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын және мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ғана ұсталатын заңды тұлғаның (мемлекеттiк мекеме) құқық қабiлеттiлiгi осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiмен белгiленедi.
Заңды тұлғаның оқшау мүлкiне қатысты оның құрылтайшыларының (қатысушыларының) мiндеттемелiк және заттық құқықтары болуы мүмкiн. Мүлкiне өз қатысушылары (құрылтайшылары) мiндеттемелiк құқықтарын сақтап қалатын заңды тұлғаларға шаруашылық серiктестiктер, акционерлiк қоғам мен кооперативтер жатады. Мүлкiне өз құрылтайшылары меншiк құқығын немесе өзге де заттық құқығын сақтап қалатын заңды тұлғаларға шаруашылық жүргiзушi құқығында немесе оралымды басқару құқығында мүлкi бар ұйымдар жатады. Мүлкiне өз құрылтайшылары (қатысушылары) мүлiктiк құқықтарын сақтамайтын заңды тұлғаларға қоғамдық бiрлестiктер, қоғамдық қорлар және дiни бiрлестiктер жатады.
Заңды тұлға заң құжаттары мен құрылтай құжаттарына сәйкес жұмыс iстейтiн өз органдары арқылы ғана азаматтық құқықтарға ие болып, өзiне мiндеттер қабылдайды. Заңды тұлға органдарының түрлерi, тағайындалу немесе сайлану тәртiбi және олардың өкiлеттiгi заңдар мен құрылтай құжаттарында белгiленедi.
Заңды тұлғаның оны басқа заңды тұлғалардан айыруға мүмкiндiк беретiн өз атауы болады. Заңды тұлғаның атауы оның қалай аталатынын және ұйымдық-құқықтық нысанын көрсетудi қамтиды. Ол заңдарда көзделген қосымша мағлұматты қамтуы мүмкiн. Заңды тұлғаның атауы оның құрылтай құжаттарында көрсетiледi. Заңды тұлғаның атауында заң талаптарына немесе қоғамдық мораль қалыптарына қайшы келетiн аттарды, егер жеке адамдардың есiмдерi қатысушылардың есiмдерiне сәйкес келмесе не қатысушылар бұл адамдардың есiмiн пайдалануға олардан (олардың мұрагерлерiнен) рұқсат алмаса, олардың есiмдерiн пайдалануға жол берiлмейдi. Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаның атауы заңды тұлға тiркелгеннен кейiн оның фирмалық атауы болып табылады. Заңды тұлға белгiлi бiр фирмалық атауымен заңды тұлғалардың бiрыңғай мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiледi. Заңды тұлғаның фирмалық атауды тек қана өзi пайдалануға құқығы бар. Бөтен бiр фирмалық атауды заңсыз пайдаланатын тұлға фирмалық атаудың құқық иесiнiң талап етуi бойынша мұндай атауды пайдалануды тоқтатуға және келтiрiлген залалдың орнын толтыруға мiндеттi. Заңды тұлғаның фирмалық атауды пайдалануға байланысты құқықтары мен мiндеттерi заңдарда белгiленедi. Мемлекеттiк органдар болып табылмайтын заңды тұлғалардың фирмалық атауларында, қызмет көрсету таңбаларында, тауар таңбаларында, Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде, Президентi мен Үкiметi актiлерiнде белгiленген Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының ресми атауларына сiлтемелердi пайдалануға тыйым салынады.
Заңды тұлғаның тұрақты жұмыс iстейтiн органы тұрған жер оның тұрған жерi болып танылады. Заңды тұлғаның тұрған жерi оның құрылтай құжаттарында почталық толық мекен-жайы жазылып, көрсетiледi. Үшiншi тұлғалармен қарым-қатынаста заңды тұлға өзiнiң нақты мекен-жайының бiрыңғай мемлекеттiк тiзiлiмге енгiзiлген мекен-жайға сәйкес келмейтiнiне сiлтеме жасауға құқығы жоқ. Бұл орайда үшiншi тұлғалар заңды тұлғаға мемлекеттiк тiзiлiмге енгiзiлген мекен-жайына да, нақты мекен-жайына да почталық және өзге де хат-хабарлар жiберуге құқылы.
Заңды тұлғаны бiр немесе бiрнеше құрылтайшы құруы мүмкiн. Мүлiктi меншiктенушiлер не олар уәкiлдiк берген органдар немесе жақтар, ал заң құжаттарында арнайы көзделген реттерде өзге де заңды тұлғалар заңды тұлғаның құрылтайшылары бола алады. Бұл орайда, мүлiктi шаруашылық жүргiзу немесе оралымды басқару құқығымен иеленетiн заңды тұлғалар меншiк иесiнiң немесе ол уәкiлдiк берген органның келiсiмiмен басқа заңды тұлғалардың құрылтайшылары бола алады. Заңды тұлғаның құрылтайшылары, Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы заңды тұлғаның құрылтайшылары болып табылмайтын оның басқа қатысушыларынан қандай да бiр артықшылықтарға ие бола алмайды.