Өңдеустадиясына мәліметтерді сүзгіден өткізу процедурасы, верификация, ақпараттың сапасын жақсарту процедуралары жатады. Сүзгіден өткізу нәтижесінде ақпарат қорынан қажетті ақпаратты таңдау жүргізіледі. Верификация ақпараттың сенімділігін және толықтылығын қамтамасыз етеді. Конвертация жасау ақпараттық жүйедегі бір форматтағы мәліметтерді басқа форматтағы мәліметтерге түрлендіру.
Ақпараттық жүйенің функцияларын таратуәдістері мен тәсілдерін ақпараттық технология деп атаймыз. Технологиялық процесс дегеніміз ақпараттың пайда болу мезетінен нәтижелі ақпаратты алғанға дейін орындалатын процесстердің жиынтығы. Ақпараттық технология есептеу технологиясының жабдықтамаларын қолдану негізінде ақпаратты жинау , сақтау, өңдеу және іздеу жүйесі. Ақпараттық технология түсінігі технологиялық және программалық ортамен байланысты. Ақпараттық технологияның түрлері:
1.Мультимедиа технологиясы.
2.Мәліметтерді өңдеу технологиясы.
3.Сараптау жүйесі.
4.Желілік технология.
Ақпараттық технология 2 режимде жұмыс жасайды:
1.Пакеттік
2.Сұхбаттық
Пакеттік режим келесі қасиеттермен сипатталады:
1.Кіріс және шығыс ақпараттарының көлемді болуы.
2.Есептерді шешу кезінде адамның көмегінің қажет болмауы.
3.Кіріс файлдары үшін есептеулердің орындалуы.
9. Ақпараттық жүйенің өмірлік айналымының анықтамасын беріңіз және оның құрылымының негізгі үдерістерін толық сипаттаңыз.
Ақпараттық жүйенің өмірлік айналымы дегеніміз жүйені тұрғызу жөніндегі шешімдерді қабылдау мезетінен жүйе қызметін тоқтатқанға дейінгі стадиялар мен этаптар жиынтығы.
Ақпараттық жүйелерді тұрғызудың өмірлік айналымы мен мағыналық мәні әр түрлі ыңғайда бірдей және келесі стадиялардан тұрады. 1.Талаптарды жоспарлау және талдау. Ағымдағы ақпараттық жүйелерді зерттеу және талдау, тұрғызылатын ақпараттық жүйелерге талаптарды анықтау, техникалық-экономикалық сипаттамаларды және техникалық тапсырманы рәсімдеу орындалады.
2. Жобалау. Бұл стадияға жабдықтаушы ішкі жүйелердің құрамын анықтау (модельдеу), ақпараттық жүйелердің техникалық жобасын рәсімдеу функциялары жатады.