Бөгеуілге төзімді кодтар қолданылуына жөне құрылуына байланысты бірнеше түрге бөлінеді.
түзетуші кодтар
Екі топқа бөлінеді: Жүйеленген түзетуші кодалық топта кез келген екі кодалық комбинацияны "екілік модульмен" қосса, сол коданың үшіпші комбинациясы шығады. Жүйеленген топта ақпараттық орындарға ақпараттық символдар орналасады да, олардың белгілі бір комбинациясын "екілік модульмен" қоскан тексеруші символдар тексеруші орындарға орналасады.Жүйеленген кодалар циклденген жөне циклденбеген хэмминг кодаларына бөлінеді. Циклденген кодада символдарды белгілі бір циклмен ауыстыру арқылы келесі
комбинация алынады.
Жүйеленбегентопта "екілік модульмен" қосқанда үшінші
комбинация шығатын қасиет болмайды. Жүйеленбеген топта символдардың тексеру қосындылары пайдаланылады. Яғни,
тексеруші символ белгілі бір ақпараттық символдардың қосындысы болады.
Үзіліссіз немесе тізбекті кодалау кезінде кодалау және кодадан
шығару үзіліссіз жүргізіледі. Мұнда түзетуші элементтер ақпараттық элементтерге тәуелді болып, сол ақпараттық элементтердің
араларында орналасады.
Топталған немесе блокталған кодалау кезінде ақпараттық тізбек кодалык комбинацияларға (блоктарға немесе топтарға) бөлініп, сол топтар бөлек-бөлек кодаланып, кабылдау орнында бөлек-бөлек
кодадан шығарылады.
Топталған кода екі түрде кездеседі:
бөлінетін (ақпараттық және текесеруші символдардың әрқайсысының бөлек орындары болады)
бөлінбейтін. (аралас орналасады)
27. ШЕННОН-ФАНО КОДЫН ҚҰРУ ҚАҒИДАЛАРЫНА ШОЛУ ЖАСАҢЫЗ. ШЕННОН-ФАНО КОДЫНА МЫСАЛ КЕЛТІРІҢІЗ. Шеннон-Фано алгоритмі— американдық ғалымдар Шеннон және Р.Фано алғаш рет жасаған сығу алгоритмі. Шеннон-Фано алгоритмі хабарламалардың артықтығын қолданады.
Шеннон-Фано алгоритмі әдісі Хаффман алгоритміне өте ұқсас. Алгоритм ұзын айнымалы кодын қолданады: жиі кездесетін символ қысқа кодпен кодталады, сирек кездесетін символ ұзын кодпен кодталады. Шеннон-Фано коды префиксті болып табылады, ешбір кодтық сөз басқа кодтық сөздің префиксі болып табылмайды. Бұл қасиет кез-келген кодтық сөзді декодтауға мүмкіндік береді.
Шеннон-Фано коды ағаш түрінде тұрғызылады. Ағаштың тұрғызылуы түбірінен басталады.
Шеннона-Фано әдісі
a, b, c и d төрт символдан тұратын әліпби берілсін. Әр символды кодтау үшін 2 бит жеткілікті. Мысал: a – 00, b – 01, c – 10, d – 11.
Сонымен ababcaacdb хабарламасы 20 битпен кодталады. ababcaacdb хабарламасы бойынша әр символдың үлесін анықтайық және оларды үлестің кемуі бойынша кестеге орналастыру керек.