Ақпараттық технологиялар - ақпараттық нарықта алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін саяси субъектілер қолданатын әртүрлі әдіс-тәсілдер мен техникалар. Ақпарат ағындарын анықтайтын, коммуникаторлар мен рецепиенттер әрекеттерінің мақсаттары мен тәсілдерін, қарым-қатынас стилін, басқа да ақпараттық іс- әрекеттер параметрлерін айқындайтын жүйелер ретінде мыналарды атауға болады: шешім қабылдау, сайлау кампанияларын жүргізу, халықаралық және ішкі саяси дағдарыстарды реттеу және т.б. Ақпараттық технологиялардың мазмұны, көп жағдайда, оның ақпарат нарығындағы әрекетінің стратегиясы мен тактикасына байланысты. А.т құралдарына техникалық, программалық, ақпараттық құралдар жатады. Техникалық құралдарға дербес компьютер, байланыс желілері, желі жабдықтары енеді. Техникалық жабдықталуына тәуелді болып келетін ақпараттық технология түрі ақпаратты жинақтауға, өңдеуге мүмкіндік береді. Техникалық және ақпараттық жабдықтамаларға тікелей тәуелді болып келетін программалық құралдар жинақтау, өңдеу, талдау қызметін атқарады.
Пайдасы мен зияны
Ақпараттық технологияның пайдасы: • -шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүмкіндік береді; • -танымдық ісі әрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктері артады; • -электронды оқулық арқылы көптеген қосымша материал аламыз;
Ақпараттық технологияның зияны:1. Ол адамның көру қабілетін төмендетеді. 2. Омыртқа сүйегін зақымдайды. 4. Ми қызметіне де кері әсер етеды, ойлау қабылеті төмендейді, көніл бөлу мен есте сақтау кемиді.
Қорытынды
Қорытыла келе, ақпараттық технология қазіргі таңда өзекті дамылуда.Оған мысал келтіре отырсақ,онлайн түрде білім берілуі,онлайн арқылы сауда алу,кредит,бизнестік салада жаңа смартфондардың шығуы,медицина саласында науқастардың есебін жүргізу және тағы да басқа.Бұның бәрі адамның өмірінде алатын орны зор.Себебі ол адамның жұмыс істеуін жеңілдету үшін қолданылады және әлемде болып жатқан жаңа ақпараттарды білуге көмектеседі.