68.Ауыз қуысындағы асқорыту. Шайнау, жұту, жұту фазалары.
Ас қорыту ауыздан басталады.Ауызға келіптүскен тағам мұнда 15-30 секундтей кідіреді . Осы уақыттың ішінде тағам айналып, ұсатылады, сілекеймен шыланып , жұмсарады , астын . дәміфизикалық қасиеттері туралы мағлұмат алынады . Көмірсулы заттар ыдырай бастайды . Ұсатылған ас кесегі сілекейде шыланып , шырышпен қапталыптілдің түбіріне қарай жылжиды да жұтқыншаққажетіп жұтылады.
Ауыз ішінде ас кесегінің ыстық - суықтығын , жұмсақ - қаттылығын сезетін рецепторлармен қатардәм рецепторлары бар . Осыған орай ауызшырышты қабығын peцепторлық зона деуге де болады , Рецепторлар ас кесегімен жанасыптітіркенеді , бұдан пайда болған қозу сигналдарыбет, тіл - жұтқыншақ, үшкіл жүйкелер мен кезегенжүйке арқылы орталық жүйке жүйесіндегірефлекстер орталығына барып жетеді . Сол жүйкелерден келген эфференттік серпіністер ас кесегінің ауызда шайналып , жұтылуын реттейді де ас қорыту бездерінің сөл шығаруын , ішек - қарыннын кимылын күшейтеді . Мұнымен қатаррефлекстік жолмен зат алмасуы , жүрек соғуы , қанайналысы , дем алу процестері де өзгереді .
Шайнау
Ауызға келіп түскен ас шайналып ұсақталады , сілекейге шыланып жұмсарады , осыған орай адам астың дәмін , сапасы туралы түсінік алады. Ас кесегін асықпай шайнау , оны әбден жұмсарту тағамның қарында одан әрі корытылуын жеңілдетеді , мұның арқасында , қарынның шырышты қабығы жарақаттанбайды , мұнымен қатар ас қорыту жүйесінің қызметтері тыныс алу, қан айналу қызметтеріне де әсер етеді .
Шайнау шартты , шартсыз рефлекстер арқылы шайнау еттерінің қатысуымен іске асырылады . Бұл жақ қимылының нәтижесі . Ауызға түскен тамақты шайнауға , жақ еттерімен қатар , тіл және бет еттері де қатысады . Ас кесегі ауыздағы рецепторларды тітіркендіргенде , олардан шыққан қозу сигналдары афференттік жүйке талшықтарының бойымен сопақша мидары шайнау орталығына жетеді де , торлы құрылым мен көз төмпешіктері арқылы ми сыңары қыртысының қозғалтқыш зонасында орналасқан шайнау еттерін , жиырушы нейрондарды тітіркендіреді . Жақ сүйек жоғары көтеріліп , алға - артқа , солға оңға немесе оңнан солға қарай жылжып , төменгі жоғарғы тістер айқасып , ас кесегін ыскылап, ұсатады . Сілекейге шыланған асты тіл арлы-бері аударып , араластырып жинап жұтуға даярлайды .
Жұту
Жұту - рефлекс арқылы іске асырылатын күрделі процесс . Жұтқыншақтың шырышты қабығына кокаин жағып ,оның рецепторларын жансыздандырса, яғни олардың тітіркену қабілетінжойса, адам аузындағы асын жұта алмай , қақалып - шашалады . Шайналған ас жұтуға даяр болысымен сопакша мида орналасқан үшкіл , тіл - жұтқыншақ , жоғарғы кезеген жүйкелер арқылы келіп жеткен серпіністер җұту орталығың тітіркендіреді де , тікелей жұту процесіне қатысатын еттерді белгілі бір тәртіппен жиырылтады . Жұту процесі бірінен соң бірі басталатын бірнеше рефлекстерден тұрады, осыған орай ол ауыз , жұтқыншақ және өңеш деп 3 кезеңге бөлінеді .
Ауызда шайналып бапталған асты адам өз еркімен жұтуға даярлайды . Көлемі 5—15 см3- дей ас кесегі шайналып бапталған соң , тілдің және ұрт еттерінің итермелеуімен тілдің үстіне қарай жылжытылады . Одан әрі тілдің түбірі көтеріліп ас кесегін таңдайға тақап қысады да таңдай доғасына , содан соң жұтқыншаққа карай ысырады , сөйтіп ауыз iшiн - жұтқыншақтан бөліп тастайды .
Достарыңызбен бөлісу: |